Оқыту мақсаты
|
- Табиғаттағы күкірттің таралуын білу;
- Күкірт құрылымы мен аллотропиясын түсіну;
- Атмосферадағы күкірт диоксидінің көздерін білу;
- Күкірт диоксидінің қышқылды жауынның түзілуі мен әсеріне ықпалын түсіну;
- Тағам өнімдерін консервілеуді түсіну және бұл мақсатта күкірт диоксидінің пайдаланылуымен танысу.
|
Тілдік міндеттер
|
- Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістеріне сипаттама бере алады;
- Күкірт диоксидінің қоршаған ортаға әсерін бағалап, түсіндіре алады.
Пәндік лексика және терминология:
Ромбты-rhombic, моноклинді – monoclinic, пластикалық – plastic, аллотропиялық түрөзгеріс – allotropic modification, консерванттар - preservatives, қышқылдық жаңбыр – acid rain, тамақ өнеркәсібі – food Industry.
Диалог жүргізу / жазу үшін сөздердің пайдалы жинағы:
Плюстер......
Жанама әсерлер .......
Күкірттің аллотропиялық түрөзгерістері ......
Олардың ерекшелігі........
… … әсерін азайту үшін не істеу керек
… әсерін азайту үшін біз … керек.
|
Білім алу құндылықтары
|
- Құрмет;
- Ынтымақтастық;
- Ашықтық;
- Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік;
- Өмір бойы білім алу.
|
Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар
|
Күкірт, спиртшам, консерві түрі, химиялық ыдыстар, су, марганцовка ерітіндісі, индикаторлар.
|
Алдыңғы білім
|
11.1C Байланыс
11.1D Периодтылық
11.2B Энергетика
11.2D Тепе-теңдік
11.4D Термодинамика
|
Сабақ барысы
|
Сабақ кезеңдері
|
Сабақта жоспарланған оқыту іс-әрекеттері
|
Оқыту ресурстары
|
1-3 мин
4-7 мин
8-12 мин
13-15 мин
16-20 мин
21-26 мин
27-44 мин
45-62 мин
63-75 мин
76-80 мин
|
Элемент пен қасиетін сәйкестендіру арқылы оқушыларды жұптарға бөлу.
Күкірт – сары,
Сутек – ең жеңіл ,
Сынап – сұйық металл,
Неон – инертті,
Оттек – жануды қолдайды,
Фтор – ең күшті тотықтырғыш.
Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады. Сабақ барысында bilimland.kz сайтыны пайдаланылатыны айтылып, ноутбуктарда сайтты ашып, келесі операцияларды жасау ұсынылады:
bilimland.kz→химия→бейорганикалық химия→күкірт және күкірт диоксиді. http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10283
Оқушыларға жұптық тапсырма беріледі. Оқушылар күкірттің таралуын зерттеп, олардың табиғатта таза түрде кездесу мүмкіндігін атап өту керек. Күкірттің табиғатта кездесетін қосылыстарын жазады. Сондай-ақ, күкірттің атом құрылысы мен электрондық конфигурациясын жазу керек.
Ол үшін оқушылар интернет желісін пайдаланып, bilimland.kz сайтында және алдыңғы білімдерін пайдалануларына болады. Оқушылар минимаркерлік тақтаға ақпараттарды жазады.
|
Достарыңызбен бөлісу: |