Сабақ тақырыбы Комбинаторика эленттері: орналастыру, алмастыру және теру



бет2/3
Дата08.01.2023
өлшемі32,94 Kb.
#165168
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
1 Сабақ жоспары

Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Ресурстар

Сабақтың басы
5-7 мин.

Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасып көңіл-күйлерін сұрау, оқушыларды түгендеу
Тақырыпты, сабақ мақсатын, жетістік критерийлерін анықтау. Бұл үшін оқушыларға келесі сұрақтарды қоя отырып бүгінгі сабақ тақырыбын анықтаймыз:

  1. Сіздердің топтарыңыздағы оқушыларды 3 топқа бөлейік. Ал кездейсоқ бөлсек ше? Онда қанша әдіспен бөле алушы едік?

  2. Сіздердің топтарындағы оқушыларды бойларына қарай бір қатарға орналастыру керек. Ал кездейсоқ бір қатарға орналастырсақ ше? Барлығы қанша әдіспен орналастыра алушы едік?







Сабақтың ортасы
25-30 мин



Сабақтың тақырыбын және оқу мақсаттарын анықтағаннан кейін оқушыларды жетістік критерийлерімен таныстыру
Проблемалық сұрақтарды қоя отырып қайталанбайтын іріктеу мен қайталанатын іріктеу арасындағы айырмашылықты көрсету және таңдаудың әртүрлі нәтижелері дегенді түсіндіру (Оқушылардың өздеріне де әртүрлі мысалдарды берулеріне мүмкіндік беру, мысалы қораптағы конфеттер және т.с.с)

Сабақтың бірінші бөліміндегі барлық ақпараттарды жинақтай отырып оқушылармен бірге комбинаторика элементерін, олардың өзара айырмашылықтарын және жалпы есептеу формулаларын қорыту


Оқушылар жұппен отырып келессі есептерді шығарады. Есептерді толық шығарып болғаннан кейін оқушылар бір-бірінің шешу жолдарымен өз шешімдерін салыстырып, жіберген қателіктері болса түзетіп, түсіндіреді



Келесі есептерді оқушылар жеке орындайды, мұғалім бақылаушы рөлінде лездеме оқушылар жұмыстарына кері байланыс беріп отырады



Слайд 1-3


Слайд 4-7
Слайд 8, 10, 12
Слайд 9,11
Қосымша 1

Сабақтың соңы
3-5 мин



Үйге тапсырма.
№1. Шахмат турниріне 15 шахматшы қатысты. Әрбір ойыншы қалған ойыншылардың әрқайсысымен тек бір партиядан ғана ойнаған. Бұл турнирде барлығы қанша партия ойналды?
№2. 4 оқушыны 3 орындыққа неше тәсілмен отырғызуға болады?
№3. Қонақ үйдің 7 бөлмесіне 4 адамды неше тәсілмен орналастыруға болады?

Үй тапсырмасына бағыт бағдар беру.


Сабақтан алған әсерін, білімін, пікір тілектерін, ұсыныстарын жазады.
Мен түсіндім........................
Менің білгім келеді.......................
Менің ұсынысым...........................






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет