«Бейнеу гуманитарлық – экономикалық колледжі» МКҚК
Тақырыбы: Конусқа есептер шығару
Дайындаған: арнайы пәндер оқытушысы Қалдаулетова А.М
Бейнеу,2014ж
Сабақ тақырыбы: Конусқа есептер шығару
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға конус және олардың элементтері туралы мағлұматтар беру;
Дамытушылық: Конустың бүйір бетінің, толық бетінің аудандарын және конустың көлемін табуға есептер шығарту арқылы оқушылардың шапшаңдық қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге қызығушылыққа, жауапкершілікке, өзін-өзі тәрбиелеуге баулу;
Сабақ түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, есептер шығару, Ж.Қараевтың деңгейлеп – саралап оқыту технологиясы.
Сабақтың көрнекілігі: Дербес компьютер, проектор, таратпа материалдар, бағалау парақшасы т.б.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылармен сәлемдесу;
Оқушыларды түгелдеу;
Назарларын сабаққа аудару;
Топтардың атын оларға сұрақ қою арқылы белгілеп аламыз.
1. Барлық нүктесі берілген нүктеден (шеңбер центрінен) бірдей қашықтықта жататын тұйық қисық сызық. (Шеңбер)
2.Шеңберді ішіндегі жазықтықпен алғандағы фигура. (Дөңгелек)
3. Шеңбердің доғасымен және оның екі радиусымен шектелген бөлігі. (Сектор)
Ресейдің Сочи қаласында болып жатқан ХХІІ қысқы олимпиада ойындары да басталып, аяқталуына да аздаған күндер қалды. Бұл олимпиадаға әр түрлі елдерден 2800- ден астап спортшы 98 медаль жиынтығын сарапқа салады. Біздің елімізден де ел намасын қорғауға 38 спортшы 10 түрлі спорт түріннен жүлдеге таласады. Бүгінгі сабағымыз да Сочи қаласында 7- 23 ақпан аралығында өтіп жатқан ХХІІ қысқы олимпиада ойындарының бағдарламасы арқылы жүргізіледі.
Сабақ жоспары:
І. Олимпиада алауын жағу (Үй тапсырмасын тексеру)
ІІ. Биатлон (І – деңгейлік тапсырма)
ІІІ. Шорт тректен жарыс (ІІ – деңгейлік тапсырма)
І. Шыңғымен трамплиннен секіру (ІІІ – деңгейлік тапсырма)
. Мәнерлеп сырғанау (І- деңгейлік тапсырма)
Сабақты бекіту
Үйге тапсырма беру;
. Бағалау (алтын -5 , күміс -4, қола -3)
І. Олимпиада алауын жағу (Үй тапсырмасын тексеру, яғни үйге берілген есеп тақтаға шығарылады. Сұрақ – жауап арықылы)
1-ші топқа : Конус дегеніміз не?Конустың элементтерін ата?
Анықтама: Тікбұрышты үшбұрышты катетінен айналдырғанда шығатын фигура конус деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |