Маңызды ескерту: Дәрежелік және көрсеткіштік функция ұғымдарын шатастырмауымыз керек. Естеріңізге салайық, y = xа – дәрежелік, ал y = aх– көрсеткіштік функция деп аталады.
Ал y =xx функциясы көрсеткіштік те, дәрежелік те емес, оны кейде көрсеткішті-дәрежелік деп атайды.
Қорытынды: функцияларының графиктері Ох өсіне қарағанда симметриялы. y = −f(x) функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін Оx өсіне қатысты симметриялы түрлендіруден алынады. y = f(x) + n функциясының графигі y = f(x) функциясының графигін ордината өсіне қатысты егер n > 0 болса, онда nбірлік жоғары қарай, сәйкесінше, n < 0 болса, |n| бірлік төменге қарай параллель көшіруден алынады.