Сабақ тақырыбы Курсқа кіріспе


Индустрияға дейінгі немесе дәстүрлі қоғам –



бет5/6
Дата09.12.2021
өлшемі28,91 Kb.
#78606
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабақ жоспары 8класс Жаңа заманның басталуы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды 8.1.3

Индустрияға дейінгі немесе дәстүрлі қоғам – адамдардың басты кәсібі ауыл шаруашылығы (егін және мал шаруашылығы) болып табылатын, ғасырлар бойғы ұлттық салт-дәстүрлерді сақтай отырып табиғатпен етене байланыс орнатқан қоғам. Мұндай қоғамда адамдардың көпшілігі ауылдық жерлерде қоныстанады.

Индустриалды қоғам – шаруашылық қызметтің басты саласы болып өндіріс (яғни зауыт өндірісі, теміржол құрылысы, техника мен технологияның дамуы) танылатын қоғам. Мұндай қоғамда адамдардың көпшілігі қалада қоныстанады.

(Т) Оқушыларды жаңа терминдерді (бір, екі немесе үш сөйлеммен) қолдана отырып, «жаңа заман» кезеңіне сипаттама беруін сұраңыз. Нұсқаларды тыңдаңыз, тақтаға жауаптарды бағалай жазыңыз.

(Жұптық) Оқылатын кезең бойынша ақпараттық мәтіндерді таратыңыз және жаңа тарихи қоғамның сипаттық белгілерін анықтауды ұсыныңыз.

Аталған тапсырма орындалған соң, жұптарға мәтіндермен алмасуды сұраңыз және олардың талдауын бағалаңыз.

Өзара бағалауға дұрыс сипаттық белгілері анықталған мәтіндерді ұсыныңыз.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:



- оқушылар жаңа тарихи кезеңнің белгілерін (3-тен кем емес) дұрыс анықтайды.

(С) Жаңа заманның бұған дейін құрылған белгілерін талқылаңыз және мәтіннен алынған ақпараттармен салыстырыңыз.


Қосымша 1

Индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның суреттері

Аталған терминдердің академиялық анықтамаларының слайды

Қосымша 2

Ақпараттық мәтін



Сабақтың соңы
3 мин.

2 мин.


2 мин.


Рефлексия:

(Жеке жұмыс) Оқушыларға индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның белгілерін сараптауды тапсырыңыз. Осы қызметтің қорытындысын бағалаңыз.

Сабақтың мақсаты мен оқыту мақсатына жететін бағалау критерийлеріне оралыңыз. Оқушылардың өздерінің оқыту мақсаты мен сабақ мақсатына жетуін бағалауын сұраңыз және қосымша сабақтың қажеттілігін анықтаңыз.

Үй тапсырмасы: өзіңізді кезекпен-кезек феодал, қолөнерші, шаруа ретінде елестетіңіз. Сіз қай қоғамда (индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғам) өмір сүргіңіз келеді? Өз жауаптарыңызды дәлелдеңіз.


Қосымша 3

Индустриалды қоғамға дейінгі және индустриалды қоғамның белгілері





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет