Сабақ тақырыбы Курсқа кіріспе



бет4/6
Дата09.12.2021
өлшемі28,91 Kb.
#78606
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сабақ жоспары 8класс Жаңа заманның басталуы Ағылшын бұржуазиялық революциясы қандай маңызға ие болды 8.1.3

Жоспарланатын уақыт

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Ресурстар

Сабақтың басы
0-2 мин.

2-5 мин.


5-10 мин.

10-13 мин.



Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық жаттығу.

(С) Оқушылармен бірге дүниежүзі тарихын оқытудың мақсатын талқылаңыз, бүгінгі таңда тарихи фактілерді және тарихи ойлау дағдыларын дамытудың маңызды екеніне басымдық беріңіз. Олардан былтырғы оқу жылында қандай дағдыларды игергендігін санамалап айтып беруін сұраңыз.

Тарихи концептілердің атауларын беріңіз: өзгеріс және сабақтастық, себеп пен салдар, маңыздылық, дәлел, интерпретация, ұқсастық пен айырмашылық. Оқушыларға осы концептілердің мазмұнын түсіндіруді ұсыныңыз, концептілерге қолданылған мысалдарды келтіруді сұраңыз.


(БЫМ) Оқушыларға кезеңдерге бөлінген уақыт тізбегін ұсыныңыз. Олармен бірге мына сұрақтарды талқылаңыз:

- Сіздер әлем тарихының қандай кезеңдерін бұған дейін оқыдыңыздар?

- Әлем тарихының қай кезеңі «жаңа заман» деп аталады?

- Неге бұл кезеңге осылай аталды деп ойлайсыздар?

Оқушылардың ұсынған жауаптарын түзетусіз және бағаламай қабылдаңыз, тыңдап шығыңыз.

Оқушыларға осы оқу жылында 300 жылға созылатын кезеңнің оқылатындығын түсіндіріңіз. Уақыт тізбегінде осы кезеңнің хронологиялық шегін белгілеңіз (Қосымша 1).

Оқушыларға әрбір кезеңнің әртүрлі уақыттарын түсіндіруді сұрап, «өзгеріс және сабақтастық» концептісіне басымдық бере отырып олардың ұсынған жауаптарын тұтастандырыңыз.

Олардың талқылауын аз уақытты қамтығанына қарамастан аталмыш кезең адамзаттың кейінгі дамуына біршама ықпал еткен уақыт болып танылатындығы туралы қорытынды шығаруға бағыттаңыз.

«Маңыздылық» тарихи концептісінің тақырыбын, оқыту мақсаты мен бағалау критерийлерін талқылаңыз.

Оқыту мақсаты мен тақырыптың негізінде сабақ мақсатын шығарыңыз.


Уақыт тізбегі көрсетілген



слайд


Сабақтың ортасы

13-18 мин.

18-23 мин.
23-30 мин.

30-35 мин.




(Т) Суреттермен жұмыс. Оқушыларға суреттерді екі топқа, яғни «индустрияға дейінгі қоғам» және «индустрия қоғамы» деген түсініктерге сәйкес суреттерді ажыратуға ұсыныңыз.

Осы тапсырманың нәтижесін талқылаңыз. Кейін осы ұғымдардың анықтамасын құрап, жазып шығуын тапсырыңыз.



(С) «Модернизация» ұғымының мазмұнын және оның алдыңғы түсініктермен байланысын түсіндіріңіз.

Слайд арқылы оқушылардың өз жазған жауаптарын бағалауы үшін осы түсініктердің академиялық анықтамасын шығарып қойыңыз.

Тапсырмаға арналған дескрипторлар:

- оқушылар 3-тен кем емес терминнің анықтамасын дұрыс құрай алады;

- оқушылар 3 жаңа терминнің мағынасын түсіндіре алады.

Модернизация – барлық салада индустрияға дейінгі (дәстүрлі) қоғамның индустриалды қоғамға айналуы жүзеге асатын ұзақ және күрделі өзгерістердің үдерісі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет