«Қамал қорғау»
Ойын шарты: Ойнаушылар арасынан бір “күзетші” тандалады және ол ортада қамалды қорғаушы боп орналасады. Сол жерге сауыт (қамал) тігіледі. Қалған ойнаушылар диаметрі 10 метр шеңбер бойынша тұрып, қамалды доппен лақтырып “атады”, ал “күзетші” орнын ауыстырып отырып оны шабуылдан қорғайды. Қамалға тигізген ойыншымен қорғаушымен рөлдерімен ауысады.
Ойнаушылардың минималды саны: 1 қорғаушы,1 шабуылшы; максималды саны: 1 қақпашы, 3 шабуылшы. Ойын кезінде жақындап кеп атуға тйым салынады, тек белгіленген жерден ату қажет.
Ойынның дене тәрбиесіне берер пайдасы: Ойын мергендікке, айлакерлікке, ептілікке, табандылықпен күштілікке тәрбиелейді. Ойын кезінде бала барлық жағдайларды есепке алып қамалға дәл тигізу саясатын іске асыруға тырысады. Ал қорғаушының рөліндегі қимылдар лақтырушыдан да күрделі болғандықтан қорғаушының дене сапасының ерекше қасиеттері дамиды.
|
«Қамалды қорғау»
Ойын жазда, көгалды алаңда өткізіледі. Ойынға мосы, ол болмаса орындық және жүннен жасалған доп керек. Ойынға қатынасушыларға шек қойылмайды. Ортадан үлкен шеңбер сызылады. Ойнаушылар сол шеңберді бойлай қатарласа тұрады. Шеңбердің ортасына «қамал», яғни мосыны немесе орындықты қояды да бір ойыншы соны қорғаушы болады. Шеңбер бойында тұрған ойыншылар доппен қамалды атқылай бастайды, ал қорғаушы болса, допты «Қамалға» тигізбеуге тырысады. Кімде-кім допты «Қамалға» тигізсе, сол қорғаушымен орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
|