Сабақ тақырыбы
|
М.Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы
|
Пәні:
|
Қазақ әдебиеті
|
Күні: 1.04.2022
|
Пән мұғалімі: З.Әмзеева
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары
|
8.Б/С4 - шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазу.
|
Сабақтың
мақсаттары
|
Оқушылардың барлығы орындай алады:
Шығарма бойынша өзіндік сыни пікір жазады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады:
Шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге сүйене отырып, өзіндік сыни пікір жазады.
Оқушылардың кейбіреуі орындай алады:
шығарма бойынша жазылған әдеби сын-пікірлерге талдау жасай отырып, өзіндік сыни пікірін нақты мысалдармен жазады.
|
Тілдік
мақсат
|
Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:
эпилог – автордың шығарма соңында жазған қорытынды сөзі
тәуіп – ел арасында әр алуан ем-дом жасайтын емші, бақсы-балгер
аракідік –ара-арасында, анда-санда
адуынды –азулы, өжет, өткір
сарқыт – бұл жерде жалғыз деген мағынада
кәззап – оңбаған, сұрқия, жексұрын, алаяқ
байыз – сабыр, дегбір
сүле-сопа – селқос бей-жай, еш нәрсеге көңілі жоқ
Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: егер мен автор болсам..., ойымды қорыта келе..., т.б.
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |