Сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Соғыс» (әдеби теория:өлең құрлысы, өлең туралы, метафора) Сабақ мақсаты



Дата06.11.2016
өлшемі106,51 Kb.
#1155
түріСабақ
Астана қаласы

53 мектеп –лицейінің



Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Темірбекова Күләш Ахметовна
Сабақ тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы «Соғыс»

(әдеби теория:өлең құрлысы, өлең туралы, метафора)



Сабақ мақсаты:

1.Білімділік: Махамбеттің елін езгіден ерлікке, қараңғылықтан білімдіктің биік

шыңына шақырған, ел бірлігін жырлаған өлеңдерімен таныстыра келе,

«Соғыс» өлеңінің құрылысына талдау жасау.

2.Дамытушылық: Шығарманың мазмұнына сүйене отырып, оқушының сөздік

қорын байыту, сөйлеу дағдысын дамыту.Әдеби теориялық ұғымдарды шығарма

желісінен еркін таба алуға үйрету.

3.Тәрбиелік: Қазақ халқының тыныштығын ойлаған ағаларымыздың

еңбегін,ерліктерін дәріптеу.



Сабақ түрі: кіріктірілген сабақ

Сабақ әдісі: Сто элементтері, баяндау, талдау, сұрақ-жауап

Пәнаралық байланыс: тарих

Көрнекілігі: интерактивті тақта, Махамбет портреті, сызбалар
Сабақ барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру.



II. Үй тапсырмасын сұрау

Ахметтің мысал өлеңдері туралы сұрау.



III.Жаңа сабақ

Үнтаспадан Махамбеттің өлеңі оқылады.

Бұл өлең қазақтың дауылпаз ақыны Махамбет Өтемісұлынікі.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты айтылады.



Мұғалімнің кіріспе сөзі.

Махамбет өмірі мен шығармашылығына шолу.

1803жылы Ішкі Бөкей Ордасы,қазіргі Батыс Қазақстан облысы,Жәнібек ауданы,

Нарын құмының Жанқұс деген жерінде туған.1846 жылы 20қазанда Қарой өңірі,

қазіргі Атырау облысы, Махамбет ауданында жерленген.Ол кісі көптеген

шығармалар жазған: «Қызғыш құс», «Тайманның ұлы Исатай», «Тарланым»,

«Қызғыш құс», «Соғыс» т.б. Ол кісінің бірнеше күйі де бар.Ол кісі ақындығымен

қоса қазақтың азаттығын көксеген күрескер. Бұл жайында тарихшы мұғаліміміз

айтып береді.

Тарихшы: XIX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстандағы тарихи жағдай,

Батыс Қазақстандағы Бөкей ордасында Ресейлік патша өкіметінің отаршылдық

саясатына қарсы көтерілген қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі. Оның

басшылары Махамбет Өтемісұлы мен Исатай Тайманов.Исатай Махамбеттің жан

жолдасы, серіктесі болды.

Бүгін «Соғыс» өлеңімен танысамыз.



Кітаппен жұмыс.

Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды. Өлең қысқартылып берілген.Бекетай құмындағы

қанды соғысқа арналған.Мұндағы лирикалық кейіпкер Исатай.

Тапсырмалақ жұмыстар

1.Өлеңнің мағынасын ашу.

2.Исатай бейнесін сипаттауда ақын қандай сөздер пайдаланғанын әр жолдарды

оқушыларға жекелеп оқыту арқылы көрсету.

3.Кітаптағы «өлең оқи білейік» ережесін оқытып, талқылау.(шумақ, буын,

бунақ,тармақ, ұйқас және көркемдегіш сөздер теңеу, метафора туралы түсіндіру)

4.Өлеңді құрылысына қарай талдату.

Мысалы:Ақ-та-бан а-ты // ас-тын-да,

Ду-лы-ға-сы // ба-сын-да,

Зы-ғыр-да-ны // қай-на-ды.

Ас-тын-да мін-ген //Ақ-та-бан,

Ақ бө-кен-дей //ту-ла-ды. Өлең 7-8 буынды, 2 бунақты, аралас ұйқасты, жыр

үлгісімен жазылған.


Көркемдегіш сөздер

Үзінді

Теңеу

Ақ бөкендей, қойдай,өрттей

Метафора

Исатай-басшы,мен-қосшы

Эпитет

Ағаш үй,көп әскер,қайсар батыр


IV.Сабақты бекіту

Махамбет туралы деректер айту.

Тарихшы:

1.Алматылық көрнекті суретші Мадияр Ысқақов Махамбет ақынның суретін

салған.

2.Халық мұрасының жанашыры Мұстафа Ысмағұлов Махамбеттің домбырасын



1979жылы тауып алып, 1985 жылы халық аспаптар мұражайына тапсырды.

3. Махамбет ақынның мүсінін республиканың белгілі антропологі

Ноэль Шаяхметов жасады.

Интерактивті тақтамен жұмыс.

«Ұйқасын тап»

Толғай – толғай оқ атқан Таң атқанша тарандық

Төңірек жаққа қарандық Тізгінінен кесе атқан.

Тебінгісін тесе атқан Он екі тұтам жай тартқан



V. Сабақты қорытындылау

Сұрақ-жауап

1.Махамбет кім?

Қандай ерлік істері бар?

Өлеңдерінің көбісін кімге арнап жазды?

Соғыс өлеңінің тақырыбы не?



VI.Үйге тапсырма

Өлеңді жаттау. Шығармашылығы мен өмірбаянын оқу, тың деректер жинау.



VII.Бағалау

Астана қаласы

53 мектеп –лицейінің



Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Темірбекова Күләш Ахметовна
Сабақ тақырыбы: Махамбет «Қызғыш құс»

Сабақ мақсаты: Махамбет өлеңдерімен таныстыра отырып, «Қызғыш құс»

өлеңінің құрылысына талдау жасау



Міндеті:

1.Өлеңнің тарихын,Исатайдан айрылғандағы ақынның көңіл-күйін ашу.

2.Ой-өрістерін, тілдерін дамыту.Оқушыларды іздендіре отырп,поэзиялық

гығармаларды талдай, саралай білуге дағдыландыру.

3.Елдік, ерлікке, патриоттық рухта тәрбиелеу.Ұлттық гуманизмді дәріптеу.

Сабақ түрі: проблемалық оқыту, дамыту

Сабақ әдісі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақ көрнекілігі: портрет, кітаптар көрмесі,слайд бетшелер.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру

II. Үй тапсырмасын сұрау

«Зерделеу» стартегиясы



Махамбет Өтемісұлы


III. Жаңа сабақ

Үнтаспадан «Қызғыш құс» өлеңі тыңдалады. (Слайдтан портрет)

1.Өлеңі кімге арналған?

2.Кімнің есімдері айтылып тұр?

3.Қандай оқиғаға байланысты деп ойлайсыздар?

Өлеңнің тарихы: Махамбет бұл өлеңді серігі, қимас жолдасы Исатай қайтыс

болғанда шығарған. 1838 жылы көтеріліте Исатай оққа ұшады.Жан жолдасынан

айрылған ақын құсалыққа салынады.Хан Жәңгірдің қатыгездігі жырланады.

Махамбет жырларының тақырыбы ерекше, теориялық,білімділік жағы да сан

алуан,тәрбиелік мәні жоғары. Шығармаларында Баймағанбет сұлтан,Жәңгір хан,

Исатай туралы көп айтады.

Махамбет тағдыры да басқа бірде-бір ақынға ұқсамайтын –тағдыр.Оның тағдыры

ерлік пен теңдікке, жеңіс пен жеңіліске, өкініш мен арманға толы.Махамбетті

отаршылдар жіберген аңдушылар тобы 1846 жылы жасырынып келіп, алдап қолға

түсіріп, басын шауып мерт етеді.

«Ізденіс» стратегиясы

Кітаппен жұмыс

1.Өлең құрылысына талдау

2.Көркемдік ерекшелігі

3.Тәрбиелік мәні


шумақ

бунақ

буын

тармақ

ұйқас

4

2

7

4/16

ааба

абаб






Көркемдік ерекшелігі

Эпитет,метафора

Тәрбиелік мәні

Досқа адал болу, халық қамы


«Ой салыстыру» стратегиясы

ВЕНН диаграммасы

«Соғыс» «Қызғыш құс»



IV. Сабақты бекіту

«Ой түю» стратегиясы

Бес жолды өлең

Зат есім (1сөз) Ақын

Сын есім (2сөз) Ашына, түңіле

Етістік ( 3сөз) Жырлады, жазды, ойлады

Сөйлем (4сөз) Ақын ашына, зарлана жырлады.

Түйін сөз (5сөз) Махамбет Өтемісұлы дауылпаз, жауынгер ақын.
V. Сабақты қорытындылау

Рефлексия кезеңі

Бүгінгі сабақтан алған әсеріңізді төменднгі түстер арқылы көрсетіңіздер

-Жасыл түс- сабақтан жаңа идеялар байқадым

-Сары түс-сабаққа көңілім толды

-Күлгін түс- сезіміме әсер етті



VI. Үйге тапсырма

Өлең желісімен сурет сал. (Соғыс, Қызғыш құс)

Өлеңді жаттап ал.

VII. Бағалау

Астана қаласы

53 мектеп –лицейінің



Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Темірбекова Күләш Ахметовна
Сабақтың тақырыбы: Жаңа сөздер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушыларға неологизмдердің өзіне тән ерекшеліктерін,жасалуын мысалдар арқылы түсіндіріп,жаттығу жұмыстарын жүргізу;

Дамытушылық: Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып,оқушылардың ойлау,есте сақтау,ой жинақтау еркін сөйлеу қабілеттерін арттыру;

Тәрбиелік : Мәтін арқылы халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ұрпын дәріптеу, оқушы бойына патриоттық сезім ұялату.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: Интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

Әдіс-тәсілдер:түсіндіру,жаттығу , ой жинақтау, сұрақ-жауап

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ барысы: а) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды сабақ процесіне дайындау



ә) Үй тапсырмасын тексеру

Ойдан денсаулық туралы мақал-мәтел ,өлең шығару

(6-7 оқушыға үй тапсырмасын оқыту)
б) Жаңа сабақ

Жаңа сөздер- (нологизм,грек)-қоғамдық қатынастардың,ғылым мен техниканың,мәдениеттің өсіп,дамуына байланысты тілге енген сөздер.

Бұрыннан тілде бар атаулардың жаңаша мән беруі




Тілде болып көрмеген жаңа ұғымдардың пайда болуы

Жаңа сөздердің жасалуы



Үнтаспа, зейнетақы

Үнқағаз,сенат
в) Жаттығу жұмыстары

165-жаттығу. Бастауыш сыныпта оқып үйренген пәндеріңнен білетін атау мәндегі сөздерді сала-салаға топтап жазып шығыңдар.Олардың ішінде қайсысы жаңа сөз болса,сол сөздің астын сызыңдар.

Үлгі: еңбек құралдары: желім,қайшы, ермексаз ...

Графикалық диктант (интерактивті тақтадаорындалады)


кірме сөз
жаңа сөз

несие болыс жылыжай ағза сандық бөрік қызанақ торқа




«Зерделі сұрақ,дәлелді жауап». Жекелеген оқушылармен жұмыс.


Мысал

Ереже


1.Пайыз,сынып

Көнерген сөз (жаңа сөз)


Мысал

Ереже


2.Найза, шабарман

Жаңа сөз (көнерген сөз)


Мысал

Ереже


3.Топырақ, ауа

Жаңа сөз (жалпылама лексика)



г) Сабақты бекіту


Білетінім

Білгенім

Білгім келеді









Е) Үйге тапсырма

Көркем әдебиеттен құрамында көнерген сөз және жаңа сөздер кездесетін үш-үш сөйлем жазу

Ережені оқу

Газет-журналдардан құрамында жаңа сөздер кездесетін мәтіндер тауып келу.



г) Оқушыларды бағалау.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет