№102 орта мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.
Пән мұғалімі: Жанназарова Салтанат
2015-2016 оқу жылы
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы,
Бірлік ауылындағы
№102 орта мектебі
физика пәнінің мұғалімі
Жанназарова Салтанат Нурадиновна
Күні:
Сыныбы: 9
Пәні: физика және астрономия
Cабақтың тақырыбы: §27. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларды модельдер арқылы математикалық және серіппелі маятниктермен таныстырып, периодының формуласын қорытып шығару арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту;
2. Дамытушылық: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерін компьютерлік модельден бақылау арқылы оқушылардың ақпараттық құзыреттілігін дамыту;
3. Тәрбиелік: Оқушыларды нақты қоршаған орта құбылыстарын танып білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:
Сабақтың көрнекілігі: штатив, әр түрлі жүктер, жіп, секундомер, серіппе.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
- оқушылармен сәлемдесу;
- оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру;
-оқушылардың оқу құралдарын тексеру;
-оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Оқушыларды екі топқа бөліп отырғызу. «Период» тобы және «Жиілік» тобы
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
Үйге берілген §24, §25, §26 тақырыптарды сұрау.
«Сұрақ-жауап» арқылы
1. Тербеліс периоды дегеніміз не?
2.Тербеліс жиілігі дегеніміз не?
3. Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?
4. Өшетін тербеліс дегеніміз не?
5.Тербеліс дегеніміх не? Тербелістің түрлері.
6.Графиктен тербеліс париоды мен тербеліс амплитудасын тап
«Кестемен жұмыс»
р/с
|
Физикалық шама
|
Белгіленуі
|
Формуласы
|
Өлшем бірлігі
|
1
|
Тербеліс периоды
|
|
|
|
2
|
Тербеліс жиілігі
|
|
|
|
3
|
Гук заң
|
|
|
|
4
|
Потенциалдық энергия
|
|
|
|
5
|
Кинетикалық энергия
|
|
|
|
6
|
Толық энергия
|
|
|
|
4
|
Серіппенің потенциалдық энергиясы
|
|
|
|
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғыларды тербелмелі жүйелер деп атайды. Осындай жүйелердің қарапайым түрі—математикалық маятниктің тербелісін қарастырайық. Математикалық маятник деп созылмайтын салмақсыз жіңішке ұзын жіпке ілінген кішкентай ауыр шарды айтады.
Тербелмелі жүйелерге тән белгілердің бәрі математикалық маятникте де болады. Егер маятникті тепе-теңдік күйінен ауытқытатын болсақ, онда ол әрекет етуші күштерді теңгеруші күштің әрекетінен бастапқы тепе-теңдік күйіне қайта оралады. Осындай маятниктердің қозғалысын бақылап отырып, келесі қарапайым заңдарды тағайындауға болады.
Егер маятниктің ұзындығын өзгертпей, оған массалары әр түрлі жүктер ілсек, онда маятниктің тербеліс периодының өзгермейтіндігі байқалады. Демек, математикалық маятниктің периоды жүктің массасына тәуелді болмайды.
Егер маятникті қозғалысқа келтіргенде оны әр түрлі бұрышқа ауытқытатын болсақ, онда ол амплитудасы түрліше болғанымен, бірдей периодпен тербеледі. Амплитудасы өте үлкен болмаған жағдайда бұл тербеліс гармоникалық тербеліске мейлінше жуық болады. Математикалық маятниктің периоды тербеліс амплитудасына тәуелді болмайды.
Маятник неғұрлым ұзын болса, тербеліс периоды соғұрлым көп болды. Ал,
керісінше, маятник неғұрлым қысқа болса, тербеліс периоды соғұрлым аз болды.
Достарыңызбен бөлісу: |