Жекеншелендіру түрлері: Шағын-жұмысшшылар саны 200 адамға дейінгі объектілерді жекешелендіру.
Жаппай-жұмысшылар саны 200 адамнан асатын орта кәсіпорындарды жекешелендіру
Жеке жоба бойынша-ірі жұмысшылар саны 5000 адамнан астам және стратегиялық маңызды мемлекеттік меншік объектілерін жекешелендіру.
Меншік қатынастары көптеген ғасырларды қамтиды. Оның өз даму тарихы бар. Меншілік қатынастарының ерекшілігі, ол бір жағынан, өте қараайым, ал екінші жағынан өтк күрделі де.
Қарапайымдылығы, әр адам онымен күнделікті кездеседі және оны жиі сезіне отырып, ол туралы белгілі бір деректер алып отырады.
Күрделілігі-оның тасасында тұрған адамдар арасындағы өзара қарым –қатынастарды бейнелейтін көп қырлы мазмұны.
Меншік қатынастарының экономикалық мазмұнын меншік субъектісі мен объектісі анықтайды.
Меншік субъектілері- меншік қатынастарының белсенді жағы.
Олар меншік объектісін иемденіп, оған билңк ететін тұлғалар.
Меншік субъектілері: адам, тұлға-меншіктің бастапқы субъектісі болып табылады.
Көптеген меншік объектілерінің құрамын және мазмұнын түсіну үшін оның маңызды деген түрлерін атап өту керек. Жер меншіктің көп тараған объектілері болып саналады. Оларды әр түрлі субъектілер, құрылыс жүргізу, ғимараттар салу, коммуникациялар жүргізу және өсімдіктер егу, адамдарға, қоғамға қажетті шикізаттар алу үшін де пайдаланады.
Табиғат байлығы-меншіктердің тағы бір көп-қырлы объектісі болып табылады.
Әлеуметтік-мәдени ғимараттарға-ең әуелі үй-құрылыс қорлармен қоса, адамдардың өмір бойы жинақтаған байлығы.
Ақша, валюта және бағалы қағаздар-бұлар да меншік объектісі.
Республикада нарықтық қарым-қатынастарды қалыптастыру бағытында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. ҚР-ның «Меншік туралы заңының» біршама ерекшілігі бар.Осы заң алғаш рет республиканың өз меншігін айқындап берді.Сондай-ақ осы құжатта меншіктің бір түрін екінші бір түріне өзгерту мүмкіншілігі және оның аралас түрлерің болатындығы да ескерілген. Сол себепті де бұл заңда отбасы мен шаруа қожалығында, кооперативке, шаруашылық қоғамдары мен серіктестіктерге, акционерлік қоғамға арналған арнайы баптар бар. Қабылдаған құжатта меншіктің жекелеген азаматтарының және мемлекеттің меншігі деп аталатын түрлері көрсетілген.