Астана қаласы
Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп-гимназиясы
Химия пәнінің мұғалімі Өмірұзақ Қанат
Сабақ тақырыбы: Металдар және олардың құймаларын алу әдістері
Сабақ мақсаты: Металдар және олардың құймаларын алу әдістері туралы ақпараттар алу
Сабақтың міндеті :
Білімділік : металдарды жан-жақты зерттеу арқылы маталдар, оның қосылыстары, қолданылуы , маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.
Дамытушылық : Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту .
Оқу нәтижесі:
1.Топпен жұмыс жасау барысында оқушының сабаққа қызығушылығы,белсенділігі артады;
2. Металдар және олардың құймаларын алу әдістері туралы дағдысы қалыптасады.
3. Металдар және олардың құймаларын алу әдістерінің бірнеше сипатта айтылады;
4. Металдар және олардың құймала туралы жинақтаған білімдерін есептер шығаруда қолдана алады;
Көрнекіліктер: Д.И.Менделеев жасаған периодтық кесте, дидактикалық материалдар.
Слайд , қышқылдардың тұздардың үлгілері, зертханалық құрал- жабдықтар,
Сабақтың түрі: білім алу
Сабақ әдісі: ізденіс, конференция, талдау;
Сабаққа пайдаланылған модульдер: Оқытудың жаңа әдіс-тәсілдері,сыни тұрғыдан ойлау, көшбасшылықталантты және дарынды балалармен жұмыс,бағалау;
Сабақ барысы
1.Ұйымдастыру
Оқушылардың сабаққа ынта-зейінін шоғырландыру, оқу құралдарының толық болуын қадағалау
2. Өткен тақырыпты еске түсіру (тест арқылы)
I- нұсқа
1, Темірдің тотығу дәрежесі +2 болатын қосылысының формуласы:
A) Fe2S3; B) FeCl3; C) Fe(OH)3; D) Fe(OH)2.
2. Негізбен де, қышқылмен де әрекеттесетін металл оксиді:
A) амфотерлі; C) тұз түзбейтін;
B) негіздік; D) қышқылдық.
3, Айналымды FeCl3 → Fe(OH)3 жүзеге асыруға қолданылатын зат:
A) қышқыл; C) металл оксиді;
B) сілті ; D) тұз.
4, Мыс (ІІ) гидроксиді бөлме температурасында әрекеттесетін заттың формуласы:
A) Na2O; B) К2СO3; C) HNO3; D) H2SiO3.
5. Мыс (ІІ) гидроксиді формулалары мынандай заттар әрекеттескенде түзіледі:
A) CuCL2 және Н2O; C) Cu КОН;
B) CuO және H2SO4; D) NaOH және CuSO4.
6. Ылғалды ауада темір бұйымдардың бетін тат басады, өйткені темір:
A) көмірқышқыл газымен реакцияға түседі;
B) су қатысында ауадағы оттекпен тотығады;
C) ауадағы азотпен әрекеттеседі;
D) оксидтің қалың әрі қатты қабатымен қапталады.
7. Алтыннан жіп тәрізді жіңішке сым дайындауға болады, өйткені ол металл:
A) тотықпайды; B) жылу өткізгіштігі жоғары; C) иілімділігі жоғары;
D) беріктігі жоғары.
8. натридің 2,3 грамы мен су әрекеттескенде түзілген газдың көлемі?
А) 22,4 л В) 1,12 л С) 44,8 л D) 67,2 л
ІІ- нұсқа
1, Темірдің тотығу дәрежесі +3 болатын қосылысының формуласы:
A) FeS; B) FeCl3; C) FeO; D) Fe(OH)2.
2. тек қышқылмен әрекеттесетін оксиді:
A) амфотерлі; C) тұз түзбейтін;
B) негіздік; D) қышқылдық.
3, Айналымды FeCl2 → Fe(OH)2 жүзеге асыруға қолданылатын зат:
A) қышқыл; C) металл оксиді;
B) тұз. D) сілті ;
4, сумен шабытты әрекеттесетін металл:
A) Na; B) С; C) N2; D) Si.
5. Темір (ІІ) гидроксиді формулалары мынандай заттар әрекеттескенде түзіледі:
A) FeCL2 және Н2O; C) Fe КОН;
B) FeO және H2SO4; D) NaOH және FeSO4.
6. Ылғалды ауада темір бұйымдардың бетін тат басады, өйткені темір:
A) көмірқышқыл газымен реакцияға түседі;
B) ауадағы азотпен әрекеттеседі;
C) су қатысында ауадағы оттекпен тотығады;
D) оксидтің қалың әрі қатты қабатымен қапталады.
7. Алтыннан жіп тәрізді жіңішке сым дайындауға болады, өйткені ол металл:
A) тотықпайды; B) иілімділігі жоғары; C) жылу өткізгіштігі жоғары;
D) беріктігі жоғары.
8. натридің 46 грамы мен су әрекеттескенде түзілген газдың көлемі?
А) 22,4 л В) 1,12 л С) 44,8 л D) 67,2 л
Тест жұмысын оқушыларға тест кілті арқылы тексертіп,бағалау параметірі бойынша бағалайды.
Тесттің 1-2 орындаса 2 балл алады, 3-5 орындалса 4 балл алады,6-7 орындалса 4 балл алады, барлығын түгелімен дұрыс орындаса 5 балл алады
Топқа бөлу (химиялық құрал-жабдықтар арқылы)
1-топ Химик
2-топ Физик
3-топ Биолг
3.Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың тақырыбын жұмбақтар арқылы анықтату.
Химиялық жұмбақ
Бұл жерде біз данышпан Абайдың бір үзік жұмбақ келтірейік
Қара жер адамзатқа болған мекен ,
Қазына іші толған әр түрлі кен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар ,
Солардың ең артығы немене екен ? шешуі : темір
Сабақтың жоспары:
І топ «Химик»
ІІ топ «Физик»
ІІІ топ «Биолг»
Бағалау параметірі
С деңгей . Есеп шығару (жеке жұмыс) 5 балл
В деңгей . Химиялық эстафета(топтық жұмыс) 4 балл
А деңгей Өзгерісті орындау (Жұптық жұмыс) 3 балл
I топ- «Химик» тобына тапсырма
Металдар және құймаларда алу әдістерін туралы мәлімет
2,3 г натрий су мен әрекеттескенде түзілген газдың көлемі қанша болады?
2Na+2H2O→2NaOH+H2
Жауабы: 1,12 л (Н2)
Массалық үлесі 30% 127 г Темір (ІІ) хлориді натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы?
FeCL2+2NaOH→Fe(OH)2+2NaCL
Жауабы: 27г темір (ІІ) гидроксиді түзіледі
S → SO2 → SO3 → H2SO4
II топ –«физик» тобына тапсырма
Металдардың және құймалардың физикалық қасиеті, еліміздегі таралуы туралы жалпы мәлімет
5,6 г кальций оксиді су мен әрекеттескенде түзілген кальций гидроксидінің массасы?
CaO + H2O→ Ca(OH)2
Жауабы: 7,4 г Ca(OH)2
Массалық 50% 150 г Темір (ІІ) сульфат ерітіндісі натрий гидроксиді ерітіндісімен әрекеттескенде түзілген тұнбаның массасы қанша?
FeSO4+2NaOH→ Fe(OH)2+Na2SO4
Жауабы? 45 г темір (ІІ) гидроксиді түзіледі
Na → NaOH → Na2CO3 → NaCL
III топ –«Биолк» тобына тапсырма
Металдарың биологиялық маңызы
20,8 г барий хлориді күкірт қышқылымен әрекеттескенде түзілген барий сульфатының массасын табыңыз?
BaCl2+H2SO4→BaSO4+2HCl
Жауабы: 23.3 г BaSO4
11,1 г Мыс (ІІ) хлориді натрий гидроксидімен әрекеттескенде түзілген тұнбаның зат мөлшері?
CuCL2+2NaOH→Cu(OH)2+2NaCL
Жауабы: 0,1 моль мыс(ІІ) гидроксиді
Na →Na2O →NaOH →Na2SO4
Сабақты қорытындылау:
Жалпы сыныпқа «Химиялық эстафета»
Fe → FeCl2 → Fe(OH)2 → Fe(OH)3 → Fe2(SO4)3
4.Бекіту.
Ойды дәлелдейік, дұрыс жауабын табайық
1. Жеңіл балқитын металдар........
2. Электр тоғын ең күшті өткізетін металл..........
3. Металдарды алудың қандай әдістерін білесіңдер?........
5.Үйге тапсырма:
1, Массалық үлесі 50% 40 г калций су мен әрекеттескенде түзілген негіздің массасын табыңыз?
2. Мына айналымдарды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:
P → P2O5 → K3PO4 → Ba3(PO4) 2
Достарыңызбен бөлісу: |