Сабақ тақырыбы Мәтінді пішімдеу. Жалпы мақсаттар



Дата07.05.2017
өлшемі103,7 Kb.
#15799
түріСабақ


Сабақ жоспары

Пән: информатика

Сынып: 5

Сабақ тақырыбы

Мәтінді пішімдеу.

Жалпы мақсаттар

  • Мәтінді, әріптерді пішімдеуді үйрену;

  • Өз бетінше компьютерде практикалық жұмыстарды орындау дағдыларды дамыту.

  • Жан-жақты болу, өз бетімен, жұпта, топта жұмыс істеуге тәрбиелену.

Түйінді идеялар

Пішімдеу - мәтіндің, әріптің түрін өзгерту.

Стратегиялар

Сұрақ-жауап, миға шабуыл, мағынаны ажырату, тест әдісі.



Көрнекіліктер

Компьютер, үлестірме материалдары, интерактивті тақта

Дереккөздер

Оқулық Информатика 5-сынып Е.А.Вьюшкова, Н.В.Параскун, Б.Қ.Әбенов Астана «Арман ПВ», Интернет ресурстары

Оқу нәтижесі

WordPad-та мәтінді, әріптерді пішімдей алады, өз бетімен жұмыс істейді.


Сабақ барысы

Уақыты

Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

1.Ұйымдастыру


2 мин

Ынтымақтастық атмосфераны құру үшін «Кездесу» ойынын өткізеді

Оқушыларды топқа бөлу (компьютер құрылғыларының түрлері бойынша қиынды суреттерді тарату)



Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, мадақтау айтады.
Суреттерде компьютердің негізгі, қосымша құрылғылары бойынша топқа бөлінеді

2.Үй тапсырмасы «Миға шабуыл» сұрақ- жауап

4 мин

Допты лақтырып, мұғалім сұрақтар қояды:

Мәтінді теру ережелерін атаңдар.

Мәтіннің элементтерін жою үшін қолданылатын пернелерді атаңдар.

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін қалай көшіреміз?

Мәтіннің ерекшеленген бөлігін қалай жылжытуға болады?


Оқушылар өткен тақырыпты еске түсіріп, жауаптарын айтады

Бағалау «Мадақтау» сөзбен

3.Қызығушылықты ояту

3 мин

«Сөзжұмбақ» шешу арқылы өтілетін тақырыптың мағынасын слайд арқылы ашады. Жаңа тақырыбымыз қалай деп аталуы мүмкін?

Қосымша1



Топтасып сөзжұмбақты шешеді

4.Мағынаны тану

10 мин

Жаңа сабақ «Мағынаны ажырату» әдісі арқылы жүргізіледі. Мынандай сұрақтарға жауап беру:

1. Әріпті пішімдеу не үшін керек?

2. Әріпті пішімдеудің негізгі параметрлерін ата.

3. Пішімдеу бұйрықтарының қалай таңдауға болады?

4.Жоғары деңгейіндегі тапсырма береді (мәтінде пішімдеудің қандай параметрлері бар).

Тапсырма критерийлері беріледі:

Жауаптың нақты болуы – 1 балл

Жеткілікті түсіндірілуі – 2 балл

Тақырыптың ашылуы – 2 балл


Жекелей тақырыпты кітаптан оқып, жұпта талқылайды, топтасып түсіндіреді. Топ басшысы қорғайды.

Топ бір бірлерін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды (2 мин)

Сергіту сәті


2 мин

Интерактивті тақтада видео арқылы жаттығу жұмыстары

Оқушылар жаттығуларды орындап шығады

Компьютердегі тәжірибелік жұмыс

10 мин

Оқулықпен жұмыс. А, В, С деңгейіндегі тапсырмалар 171 бет

Қосымша2


Оқулықтағы тапсырманы мүмкіндіктеріне қарай орындайды

Өзін өзі бағалау (Басбармақ арқылы)

1 мин

5.Ой толғаныс

7 мин

Тест жұмысы 173бет. Қосымша3

Бағалау :

5 сұрақ - «5»

4 сұрақ - «4»

3 сұрақ - «3»

Тест жұмысын орындайды, жұптық бағалау

Рефлексия

3 мин

Оқушыларға кері байланыс жасау үшін түрлі-түсті стикерлер мен кесте таратады

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша алған білімдері мен өз әсерлерін стикерлер мен Қосымшакестелерге жазады

Үйге тапсырма

2 мин

Тақырыпты оқу, 173бет №1-3 сұрақтарға жауап беру. Дарынды оқушыларға 173бет № 4-5 тапсырма

Тақырыптар мен тапсырмаларды жазады

Бағалау


2 мин

Бағалау критерийлері бойынша бағалайды

Әр оқушы бағаланады

Бағалау критерийлері

Оқушының аты жөні

Талқылауға қатысу

Тақырыпты меңгеруі

Компьютерде жұмыс

Тест жұмысы

Өз қозқарасын айту, оны дәлелдей білу






















































Қосымша1


Cөзжұмбақ «Пішімдеу»

  1. Басып шығарғыш.

  2. Дискетаның басқа атауы.

  3. Құрылғылар бір бірімен не арқылы алмасады?

  4. Сөйлемдер жинағы бұл ...

  5. Дисплейдің екінші атауы.

  6. Ақпаратты сақтау құрылғыларының бірі…

  7. Дайын кескіндерді компьютерге енгізу құрылғысы?

  8. Графикалық ақпарат бұл...















1

П

р

и

н

т

е

р










2

И

І

л

г

і

ш



















3

Ш

и

н

а













4

М

ә

Т

І

н




























5

М

о

н

и

т

о

р













6

Д

и

с

к










7

c

К

а

Н

Е

р

























8

С

У

р

е

т










Қосымша2


А деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын қисайған және асты сызылған ерекшелеңдер.

  3. Мәтінді «Менің жұмысым» деген атаумен сақтаңдар.


Іле мен Қаратал

(аңыз)

Сиқыршы Балқаштың Іле атты сұлу қызы болыпты. Оның даңқы сайын даланы шаралапты. Сандаған күйеу балалар байлар мен хандар сияқты сөз салса керек.бірақ олардың бәрі қызға өзінің сұлулығына сай емес болып көрінді.


B деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын жуан көк түсті әріппен ерекшелеңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлщері – 12 пт.

  4. Мәтінді «Кодтау» деген атаумен сақтаңдар.

Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу кезінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі. Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын бөліп қарастыруға болады: ақпарат көзі, байланыс қабылдағышы, байланыс арнасы.


С деңгейі

  1. Мәтінді теріңдер.

  2. Мәтіннің атын жуан көк түсті әріппен ерекшелеңдер.

  3. Мәтіннің негізгі бөлігінде әріптің мөлщері – 12 пт.

  4. Мәтіннің атауын жолдың ортасына орналастырыңдар.

  5. Мәтіннің негізгі бөлігінде бірінші жолдың шегінісін 1см етіңдер.

  6. Мәтінді «Кодтау» деген атаумен сақтаңдар.

Кодтау

Ақпарат алмасқанда ақпарат шығу кезінен байланыс арнасы арқылы қабылдағышқа жөнелтіледі. Мұнымен байланысты бұл үдерістің 3 қатысушысын бөліп қарастыруға болады: ақпарат көзі, байланыс қабылдағышы, байланыс арнасы.


Қосымша 3

Тест жұмысы

1. Жолақтың қандай бөлімі әріпті пішімдеу үшін жауап береді?

А) бас тіркеме беті В) кірістіру С) бетті белгілеу Д) шимайлық

2. Ж батырмасы мәтінді ...етеді.

А) курсив В) асты сызылған С) жуан Д) жуан курсив

3. К батырмасы мәтінді ... етеді.

А) курсив В) асты сызылған С) жуан Д) жуан курсив

4. Кегль деген не?

А) әріптің түрі В) әріптің мөлшері С) әріптің түсі Д) әріптің мәнері



5. Гарнитура деген не?

А) әріптің түрі В) әріптің мөлшері С) әріптің түсі Д) әріптің мәнері
Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет