МКҚК «Жетібай кәсіптік колледжі»
Арнаулы пән оқытушысы: Жанадилова Аймгуль Турехановна.
12 наурыз 2014 жылы өткізілген ашық сабақ.
Сабақ тақырыбы: Microsoft Accesss бағдарламасы
Сабақ мақсаты:
Microsoft Access бағдарламасы туралы мағлұмат беру, теория мен практиканы ұштастыра отырып, кәсіби біліктілігін арттыру, компьютерді жетік меңгертуге дағдыландыру, ұлттық салт-дәстүрді құрметтеуге және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ типі: Интеракивтік технологияның әдістерін пайдалану арқылы машықтық, ұжымдық
Сабақ түрі:аралассабақ
Көрнекілігі: компьютер, плакат, маркер, кітапшалар, үлестірме карточкалар, тақта, «Microsoft Access бағдараламасына» слайд, асық, қоржын
Сабақ құрылымы:
І. Ұйымдастыру. «Қымыз ішу» бөлімі (2 мин)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. «Наурыз көже» (8 мин)
ІІІ. Негізгі бөлім. «Бесбармақ» (10 мин)
«Тұздық». Глосарий
ІY.Практикалық бөлім. «Сорпа» (10 мин)
Y. Ұлттық ойын «Жамбы ату» (5 мин)
YI. Қорытынды. «Күрең шәй» (5 мин)
YII.Бағалау. «Сый табақ» бөлімі (3 мин)
YIII. Үйге тапсырма беру«Қоржын». (2 мин)
І. Ұйымдастыру. «Қымыз ішу» бөлімі
Амансыздарма, жастар! Тарихқа көз жүгіртейік. Сондықтан бүгінгі сабағымызды салт-дәстүрімізге байланысты өткіземін. Келген қонақтың алдына алдымен сусын ұсынғандықтан, алғашқы бөлім «Қымыз ішу».
Студенттердің сабаққа қатысын тексеру, сабақ құралдарының дайындығын тексеру.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.Қазір біз мына ұяшықтарға назар аударайық. Сұрақтар өткен тақырыптардан беріледі.
Берілген үй тапсырмасын сұрау «Power Point» бағдарламасы.(Презентация жасақтау)
Тақырыптар:
«Абай Құнанбаев»
«Астана-арман қала»
«Мен таңдаған-мамандық»
«Наурыз-жыл басы»
«Қазақстан-менің Отаным, Мәңгілік ел»
«Киелі мекен-Маңғыстау»
«Антивирустық құралдар»
Компьютерге отырмас бұрын қандай ережені есімізге түсіреміз.
1 студент қауіпсіздік ережесін айтады. Барлығы ақ халаттарын киіп компьютерге жұмыс жасауға кіріседі.
Сұрақ-жауап:
1-тағамның сұрағы.(Тұз)
Power Point-қандай бағдарламалар тобына жатады?
MicrosoftOffice тобына жатады
2--тағамның сұрағы.(Су)
Power Point бағдарламасында жасақталған презентация беті
3-тағамның сұрағы.(Сүт)
MicrosoftPower Point дегеніміз не?
Office тобындағы презентация жасақтауға арналған бағдарлама
4-тағамның сұрағы.(Сүр ет)
Power Point үлгітүрінің типтерін ата
Бос презентация, шебер көмегімен дайындалатын, үлгітүр ретінде дайындалатын презентация
5-тағамның сұрағы. (Құрт)
Слайдта орналастырылатын объектілерге нелер жатады?
Мәтін, сурет, бейне, дыбыс, файл.
6-тағамның сұрағы. (Жүгері)
Меню жолы қандай элементтерден тұрады? (Мейіз)
-жаңа презентация құру, сақтау, сақталған презентацияны ашу, баспаға беру, шығу.
7-тағамның сұрағы.
Презентация ұғымы өзінің толық мағынасында…
Power Point-та жасақталған слайдтар жиынтығы.
Енді назар аударсақ, мында қанша тағамның аты шықты?
7 тағам. Олар: Тұз, су, сүт, сүр ет, құрт, жүгері, мейіз.
Олай болса осы 7 түрлі затты қосқанда қандай ұлттық тағам шығады?
«Наурыз көже».
Наурыздың сәні арине «Наурыз көже».
ІІІ. Негізгі бөлім. «Бесбармақ»
-Microsoft Access офистік бағдарламалар тобына жататын программаларды атаңдар:
Word, Ecxel, Power Point
Осы программалардың қатарына MSAccess-те кіреді.
Деректер базасы (ДБ)-бұл тұрақты қолданыста және ЭЕМ-ның жадында ұзақ сақтауға арналған программа.
Жаңа сабақ алдымен интерактивті тақтаның көмегімен көрнекі түсіндіріледі.
MS Access деректер базасы. Деректер базаның құрылымы.
Қызметтің кез келген саласында жиі деректердің үлкен көлемдерімен жұмыс жасау қажет. Бұл кездегі негізгі операциялар – бұл ақпаратты жинау, оны өңдеу (қажет деректерді іздеу, сұрыптау және т.б.), деректерді қарап шығуға және баспаға шығаруға арналған формаларды құрастыру болып табылады. Осы барлық функцияларды қамтамасыз ететін ең таңымалды программалық құрал MS Access деректер базасын басқару жүйесі болып табылады.
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат).
Деректер базасындағы бағандар өрістер деп аталады, ал жолдар – жазулар. Жазулар саны қатты дисктің сыйымдылығымен шектеледі. Өрістердің максималды саны – 255.
Өрістер мен олардың қасиеттерінің жиынтығы деректер базаның құрылымын анықтайды. Жазуы жоқ деректер базасы да деректер базасы болып табылады, өйткені оның құрылымы бар.
Деректер базасын құрастыру:
1 қадам. Оның құрылымын құрастыру.
2 қадам. Құрылымды ақпаратпен толтыру.
Access-ті жүктеген кезде деректер қорының объектілерімен жұмыс жасауға арналған мәзір пайда болады.
Құрылатын кестенің мынадай атрибуттары болады:
Өріс атауы, мәліметтер типі (түрі), сипаттама.
Өріс атауы (Имя поле) – кестенің өріс атаулары бағанында енгізіледі. Өріс атауы бос орыннан басталмауы тиіс. Бір кестедегі екі өріс бір атаумен аталмайды.
Мәліметтер типі (Типы данных) – мәліметтер типін айқындауға деректер типі пайдаланылады.
Сипаттама – өріс қызметіне түсініктеме беру.
Өріс аты деген бағанға өз керегімізше кестенің бағандары аттарын жазамыз.
«Мәліметтер типі» өзі автоматты түрде толтырылып отырылады. Егер типі сәйкес келмесе сол өрістің типі тұрған жерге барып түртсек үшбұрыш тәрізді белгі пайда болады. Сол белгіге шертсек тип түрлері шығады, сәйкесін аламыз. Нәтижесінде төмендегідей кесте құрылымы алынады.
Деректер түрлері.
Мәтіндік – мәтін немесе есептеулерді жүргізуге талап етпейтін сандар (255 таңбаға дейін).
Сандық – есептеулер жүргізуге арналған әр түрлі форматты сандық деректер.
Мерзім/уақыт – мерзім және уақыт туралы ақпарат сақтау.
Ақшалы – ақшалық мәндер және бүтін бөлігінде 15 таңбаға дейін, бөлшек бөлігінде 4 таңбаға дейін дәлдікпен жүргізілінетін математикалық есептеулерде қолданылатын сандық деректер.
Memo – көп көлемді мәтінді сақтау.
Санауыш – арнайы сандық өріс. Мұнда Access әрбір жазуға автоматты түрде арнайы реттік нөмерін береді.
Логикалық – екі мүмкін мәндерден тек біреуін ғана қабылдай алады (иә, жоқ).
OLE объекттің өрісі – Access кестесіне ендірілген немесе байланысқан объект.
Гиперсілтеме - әріп және цифрлардан құрылған және гиперсілтеме адресін көрсететін жол.
Алмастыру шебері – тұрақты мәндер жиынтығы немесе басқа кестеден қажет мәндерді тізімнен немесе тізімі бар өрістен таңдауға мүмкіндік беретін өріс.
Кестелерді құру.
Access-ті жүктегеннен соң экранда сұхбат терезесі пайда болады. Ол арқылы дайын деректер базасын ашуға, жаңа деректер базасын құрастыруға немесе ол үшін ендірілген шеберді пайдалануға болады.
MS Access –те кестелер құрудың үш түрі бар:
1)берілгендерді енгізу арқылы
2)Конструктор көмегімен
3)Кесте шеберімен
Біз бүгін соның ішінде берілгендерді енгізу арқылы деректер қорын құруды қарастырамыз.
Содан соң алдын ала дайындалған тапсырма таратылады.
MS Access- те кестелер құрмас бұрын ДБ-сын жасалады. ДБ-сын жасаудың бос деректер қоймасын құруды қарастырамыз.
Осы терезеде «Новая база данных» белгісіне барып 2 рет шертсек, немесе экранның оң жағынан «Новая база данных» екі түртіп «Файл новой базы данных» терезесіне көшеміз
Кестені берілгендерді енгізу арқылы құру
ДБ-сы терезесінде «создание таблиц путем ввода данных» командасын екі рет шертеміз.
Мына өрістері бар төмендегідей кесте пайда болады.
Венн диаграммасы
MicrosoftPower Point бағдарламасы мен Microsoft Access бағдарламасын салыстыру
1.Екі бағдарламаның ұқсастықтарын теріп жазу.
2. Бағдарламалардың ұқсастықтары теріп жазу
3. Екеуіне де ортақ қасиеттерін жаз.
Ұқсастықтары
Ерекшеліктері
Ортақ қасиеттері
«Тұздық»
Кітаппен жұмыс.
Деректер базасы – бұл ақпарат, яғни деректер арнайы форматта (*.mdb) сақталынатын файл (құжат).
OLE объектісі-Microsoft Access кестелерде бейнелерді және басқа екі еселенген деректерді (MS Excel, MS Word ) сақтайды. Енгізілетін деректер көлемі-1 Гб .
ІY. Практикалық бөлім. «Сорпа».
Қауіпсіздік ережесін естен шығармауды ескерту. Компьютерді қолдану журналын толтыру.
Оқытушы тапсырманы дауыстап оқиды.
№1 тапсырма
1.Пуск-Программы-Microsoft Access бағдарламасын шерту.
2. Бағдаралама терезесінде Файл –Создать-Новая база данных командасын таңдау
3. Ашылған Таблица 1 терезесіндегі Щелкните для добавления өрісінде тышқанды 1 шертіп, шыққан контекстік меню терезесіндегі тізімнен өзімізге қажет өріс типін таңдап аламыз.
код
|
Студенттердің аты-жөні
|
Туған күні, айы, жылы
|
Үй телефоны
|
1
|
|
|
|
№2 тапсырма
Кестеміздің атауларын мәліметтерге сай өзгерту қажет
Поле 1 атауына барып тышқанды шертіп, «Студенттің аты-жөні» сөзін енгізіп, Enter пернесін басу
Поле 2 атауын «Туған күні, айы, жылы» деп өзгерту
Поле 3 атауына «Мекен-жайы» атауын енгізу.
№3 тапсырма
Файл – сохранить командасын таңдап, шыққан терезеге Таблица 1 атауының орнына «ЭЕТ және БҚ тобы туралы ақпарат» атауымен сақтау.Компьютерді қолдану журналын толтыру.
Практикалық тапсырмалар орындалды, шаршаған шығарсыңдар, олай болса, ұлттық ойын «Жамбы ату» ойнаймыз.
Y. Ұлттық ойын «Жамбы ату»
Жамбы ату, қазақ, халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Атпен шауып келе жатып жігіттер екпінін бәсеңдетпестен құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиісті болған. Төреші белгі берісімен олар аттарын тез ерттеп, шаба жөнеліп, жолындағы нысаналарды атып құлатуға тиісті. Төрешілердің ұйғарымы бойынша, нысаналар бірнешеу болады.
Ойын ережесі: Қатардағы топ студенттері 2 топқа бөлінеді.
100 теңгенің сұрағы- 3 балл,
50 теңгенің сұрағы – 2 балл
20 теңгенің сұрағы – 1 балл.
Ең көп балл жинаған топ жеңіске жетеді.
Әр жамбыда 20, 50, 100 теңге белгісі бар.
Сұрақтары:
Жыпылықтап тұратын тік сызықша (курсор)
Үнемі солтүстік бағытты көрсетіп тұратын жұлдыз (Темірқазық)
Экранның тіктөтрбұрышты қоршаулы аймағы? (терезе)
Жаңа туған нәрестенің ең алғаш киген көйлегі (иткөйлек)
Адам денсаулығына зиянды компьюер құрылғысы. (монитор)
Ең кіші планета (Меркурий)
Адам көзі мен монитор арасындағы ара қашықтық қандай болуға тиіс? (60-70 см)
Ең улы жәндік (қарақұрт)
Ең алғашқы программа жазған ғалымды ата. (Ада Лавлейс)
Дәрігерлер қабылдайтын антты ата (Гиппократ)
Ақпаратты шығару құрылғысы (принтер)
Ақпарат сөзі қай тілден шыққан? (латын)
Қазақ еліне ертеден келе жатқан қандай мерекелер бар? (ораза айт, рамазан айт, наурыз тойы, сабан той)
Компьютердің атасы кім деп атаймыз? (Чарльз Беббидж)
Жеті қазынаны ата (ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат, құмай тазы, қыран бүркіт, берен мылтық)
Ақпаратты сығуға арналған бағдарлама. (Архиватор)
Кең тараған операциялық жүйені ата. (Windows)
Операциялық жүйе дегеніміз не? (Барлық құрылғының жұмысын басқаратын программа)
Екі топтың ұпай сандарын студенттер өздері санайды. Сол бойынша жеңген топ анықталады.
YI. Қорытынды. «Күрең шәй»
Бүгінгі сабақта өткендерін пысықтауға арналған сұрақ-жауап әдісі арқылы сұрақтар қою.
Бүгін біз қандай программен таныс болдық?
Microsoft Access бағдарламасы
Бұл қандай бағдарлама?
Мәліметтер базасын құруға арналған бағдарлама
MicrosoftAccessбағдарламасының ашылу жолын көрсет
Пуск-Программы- Microsoft Access
1.Балалар компьютерден программның ашылу жолын көрсетеді.
2. Сұрақ-жауап әдісін қолдану
YII.Бағалау. «Сый табақ» бөлімі.
Бүгінгі сабақта белсенді қатысқан студенттерді бағалау. «5» алған студент жігітке сыйға-торсық, «4»-алғанға-тақия,3-алғанға-қамшы, «5» алған студент қызға сыйға - білезік, «4»-алғанға-сырға,3-алғанға-сақина, бағаланбай қалғандарын келесі сабағымызда толықтырылып, міндетті түрде бағаланады.
YIII. Үйге тапсырма беру. «Қоржын» бөлімі.
Әр студентке қоржыннан асық таратылады. Асықтың нөміріне сай студенттерге тапсырмалар беріледі.
Қоржынның тапсырмалары:
Колледж студенттеріне деректер базасын құру
Аурухана деректер базасын құру
Автокөлік сататын салонның базасын құру
Тұрмыстық-химиялық өнім шығаратын фирманың деректер базасын құру
Сусын сататын фирманың деректер қорын құру
Авиабилеттер сататын фирманың деректер қорын құру
Сабақ аяқталды, сау болыңыздар!
Пайдаланылған әдебиеттер:
Информатика оқулығы 11-классЖаратылыстану-математика бағыты. 11-класс. Н.Ермеков, С.Ноғайбаланова. 2007 ж.
Информатикадан оқушы анықтамасы.7-11 класс. С.Мұхамбетжанова. 2007 ж.
Microsoft Office бағдарлаларын модульдік оқыту, Алматы, 2008 ж.
Microsoft Office бағдарламасы. Лабораториялық практикум.2009 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |