Бекіту сұрақтары: 1. Микроскоп қандай құрал, оның көрсету мүмкіндігі қандай ?
2. Микроскоп қандай бөліктерден тұрады?
3. Микроскоптың оптикалық бөлігінің құрылысы мен қызметін түсіндіріңіз?
4. Механикалық бөлігінің құрамы мен қызметін атаңыз?
5. Микроскопты жұмысқа қосу үшін қандай дайындық жұмыстарын атқару қажет?
6. Окулярға дұрыс қарау дегенді қалай түсінесіз, оның мәні неде?
7. Окулярмен қарап, макрометрендік бұранда арқылы (сағат тілінің бағына бұрап) тубусты неге төмен түсіруге болмайды?
8. Препараттағы объектіні кіші объективпен қарауды қалай жүзеге асырасыз?
9. Кіші объективтегі препаратты үлкен объективпен қарау үшін оны қалай ауыстыруға болады?
10. Микрометрендік бұранданы қай уақытта, қандай тәртіппен пайдалану қажет?
11. Зат үстелшесінің жиегіндегі бұрандалар не үшін керек?
12. Жұмыс аяқталғаннан кейін микроскопты қандай қалыпта қою қажет?
13. Уақытша препараттың тұрақты препараттан айырмашылығы қандай?
14. Жабын және зат әйнектері және т.б. микроскоппен жұмыс жасауға қажетті жабдықтардың әрқайсысы не үшін керек?
Блиц-тест: 1. Жарық микроскопын ашқан кім?
А) Р. Гук
В) А. Левенгук
С) И. Янсен
D) Р. Броун
Е) Мальпиги
2. «Жасуша теориясының» негізгі қағидаларын 1938-1939 ж. ж. кім құрастырған?
А) Р. Гук
В) А. Левенгук
С) Р. Броун
D) Т. Шванн
Е) М. Шлейден
3. Оптикалық аспаптарға жатады:
А) телевизор, фотоаппарат
В) проекциялық аппарат, лупа
С) компьютер, микроскоп
D) телескоп, радио
Е) барлығы дұрыс
4. Жарық түсіру қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
А) окуляр
В) айна
С) объектив
D) көру түтігі
Е) бұрандалар
5. Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі:
А) табан
В) заттық үстелше
С) бұранда
D) тұтқа
Е) конденсор
6. Микроскоптың бірнеше линзасы бар бөлімі:
А) көру түтігі
В) айна
С) окуляр
D) объектив
Е) тубус
7. Көру түтігін қозғау қызметін атқаратын микроскоп бөлімі:
А) бұранда
В) табан
С) тұтқа
D) заттық үстелше
Е) көру түтігі
8. Барлық күрделі тіршілік әрекеттеріне қатысатын желімтек, созылмалы, қоймалжың тірі зат:
А) цитоплазма
В) жасуша қабықшасы
С) ядро
D) вакуоль
Е) пластидтер
9. Микроскоптың оптикалық бөлігі....
А) объектив
В) заттық устелше
С) айна
D) тұтқа
Е) бұрандалар
10. «Биология» терминін алғаш рет 1802 жылы енгізген ғалым кім?
А) Жан Батист Ламарк
В) Карл Линей
С) Роберт Гук
D) Уильям Гарвеей
Е) Марчелло Мальпиги