Сабақ тақырыбы Модуль /пән атауы Қазақ әдебиеті



Дата29.12.2021
өлшемі18,87 Kb.
#106520
түріСабақ
Байланысты:
1. ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы жазушылар шығармалары


Оңтүстік Қазақстан көпсалалы колледжі

ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы жазушылар шығармалары


(сабақ тақырыбы)

Модуль /пән атауы Қазақ әдебиеті у

Дайындаған педагог Кожабекова Р.Т. у

2021 жылғы «01» ақпан у

1.Жалпы мәліметтер

Курс, оқу жылы, топ 1 курс, 2020-2021 оқу жылы, ЛФн-20-03р тобы

Сабақ типі аудиторлық у

2. Сабақты жабдықтау

2.1 Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

2.2 Техникалық құралдар, материалдар

3. Сабақтың барысы
ХІХ ғасырдың 1-жартысындағы жазушылар шығармалары
ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдерінің шығармаларындағы ұлттық рух. Ұлттық рух деген не? Еліне деген, жеріне деген сүйіспеншілігін бойына сіңірген, шын мәнінде еліне жанашырлықпен қарайтын, ұлттық рухы берік адамды ғана нағыз өз елінің патриоты дейміз. Осындай өз елінің патриоты бола білген жандар - ХІХ ғасырдың І жартысындағы әдебиет өкілдері.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан тұтап шалынғаны», «Қазақтың жер мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы «Үш қиян». Отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлаған халықты көз алдыңа елестетіп, тебіренесің.

Махамбет Өтемісұлының «Жәңгірге», «Баймағамбет сұлтанға» арнаған 106 өлеңдері хан - сұлтандардың бет пердесін ашатын жырлар болды. Ол Жәңгірдің қол астында жұмыс жасауға, сарай ақыны болуға келіспеді. Әрқашан халық жағында болды. Исатай бастаған шаруалар көтерілісіне де қатысты, әділдікті жақтады. Олай болса, Махамбет Өтемісұлы елінің қорғаны, патриоты деп айта аламыз.

Дәл осындай ұлттық рухқа толы шығармаларды дүниеге әкелген Сүйінбай Аронұлы болатын. Ол өз өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай - болыстардан жасқанбай, турасын жазды.

«Бөрілі менің байрағым» өлеңінің орны бөлек. Бөрілі байрақты көргенде қаны қайнап, қайраты тасып, бойын намыс кернейтін ерліктің, елдіктің жыры. Онда көк бөріге сиынған, тұлпар мініп, елін қорғаған қазақ халқының рухы есіп тұр.

Зар заман ақыны Дулат Бабатайұлы болса өз туған жері Аягөзге арнап, «Аягөз қайда барасың?» өлеңін жазды. Ақтамберді жырау жырлағандай «тобылғылы төскейі ырысқа толған» Аягөзді өзгелерден қимай тұрғанын аңғарамыз. Туған өлкесіне арнап жазған сағынышқа толы осы өлеңінен оның Отанға деген, жеріне, еліне деген ыстық махаббатын байқағандаймын

4. Сабақ бойынша рефлексия
Мұрат Мөңкеұлы (1843-1906) - айтыскер ақын, жырау. Қазіргі Атырау облысы Қызылқоға ауданы Қарабау ауылында дүниеге келген. Жасынан жетім қалып, ағасы Матайдың қолында тәрбиеленген.

Ауыл молдасынан білім алған. Есет би мен Абыл ақыннан өнеге алып, өзі Мұрын жырау Сеңгірбайұлына ұстаздық еткен. Мұрат Мөңкеұлы 17 жасында Жылқышы, 20 жасында бала Ораз, 25-інде Жаскелең, Жантолы, Шолпан, Тыныштық сынды ақындармен айтысып, жеңіп шыққан. Ол өзінің өжет мінезі, қағытпаға жүйріктігі, тапқырлығымен әрдайым жеңіске жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы елінің тәуелсіздігін аңсап, бодандыққа қарсы жыр толғады. Зар заман ақыны атанды. Ата қонысының отарлаушы талауына түскеніне налыған ақын өзі туып өскен даланың кешегі күнін сағынышпен еске алған. Оның «Әуелі жеңіп орыс Еділді алды, Сарытау, Аштарханның жерін алды. Тәмамы су мен нуды орыс ұстап, Қазақтың мұнан жұтап шалынғаны», «Қазақтың жер-мұрасы», «Кең қоныс қайдан іздеп таптырады?» деген жыр жолдары ақынның отаншылдық рухына дәлел болады.

Ақынның басты шығармасы - «Үш қиян». Мұнда ақын ескі дәстүрдің іргесі шайқалғанын, адамдар ниетінің бұзылуын сөз етеді. Құнарлы қоныстарды тартып алған отарлау нәтижесінде тұрмысы нашарлап, тығырыққа тірелген ел тағдыры ақынды тебірентпей қоймайды. «Үш қиян» толғауымен «Сарыарқа», «Әттең, қапы дүние-ай», «Қазтуған» жырлары үндес. Мұнда айтылатын басты нәрсе - жер, құтты қоныс жайы. Ол «Қарасай-Қази», «Шәлгез», «Ғұмар Қазиұлына айтқаны» атты жырларына діни аңыздарды негіз еткен. Білімді игермейінше елінің өркендемейтінін «Оқудан қайтқан азаматқа» өлеңінде аңғартады. Ақын мұрасының бір шоғыры - би-болыстарға айтқан арнау өлеңдері.

Мұрат Мөңкеұлы майталман жыршы, термеші ретінде де танылған. «Өлім», «Қыз», «Арғымақ сыйлап не керек», «Аттан сұлу болар ма?», «Жалғаншы фәни жалғанда» атты термелерінде заман сырына үңіліп, өмір мен өлім, жастық пен кәрілік, сұлулық хақында толғанады. «Оқудан қайтқан жігітке хат», «Еліне жазғаны», «Бір досқа» атты хат үлгісінде жазылған үш туындысы сақталған. Ақын «Қырымның қырық батыр» жырын, Шалкиіз, Қазтуған шығармаларын жеткізушілердің бірі болған. Әсіресе Махамбет өлеңдерін жеткізудегі еңбегі ерекше. Махамбет жырлары Қуан жырау - Мұрат - Ығылман ақындар арқылы біздің заманымызға жеткен.

Мұрат Мөңкеұлы шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар Қазиұлына айтқаны», «Ақын», «Мұрат ақынның сөздері», «Бес ғасыр жырлайды», «Алқаласа әлеумет», тағы басқа жинақтарда жарияланған. Б.Қорқытовтың құрастыруымен ақынның жеке жинағы шыққан.



Шығармаларын Х.Досмұхамедұлы, С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Тоқмағанбетов, Қ.Жұмалиев, Б.Омарова, Қ.Мәдібай, тағы басқа ғалымдар зерттеген. Кейбір шығармалары орыс тіліне аударылған.
5. Үй тапсырмасы

Мәтінді оқып, түсінгендеріңізді қағаз бетіне түсіріңіздер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет