Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»


Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру Пәнаралық байланыс



бет2/4
Дата05.02.2022
өлшемі75,56 Kb.
#15872
түріСабақ
1   2   3   4
Әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру
Пәнаралық байланыс: музыка, математика
Көрнекілігі: оқулық, интербелсенді тақта, слайдтар
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Шеңберге тұрып өлең жолдарын айтады:
Ардақта тіліңді,
Ал одан білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді, ғылымды
Тіліңсіз білім жоқ
Білімсіз күнің жоқ
Бір – біріне тілектерін айтады.

  • Балалар, бүгінгі сабақта сендер не күтесіңдер? (оқушылардың жауаптары тыңдалады)

  • Бүгінгі сабаққ деген көңіл – күйлеріңді «бармақ» арқылы көрсетіңдірші.

  • Жақсы орындарыңа отыра қойыңдар.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
Топ басшылары ұнаған сандарын таңдайды. Қай топқа қандай сан келеді, сол санға сәйкес сұраққа жауап береді. 1,2,3,4,5,6,7,8
№1. Дыбыс дегеніміз не?
№2. Әріп дегеніміз не?
№3. Дыбыстың неше түрі бар?
№4. Дауысты дыбыстың неше түрі бар?
№5. Жуан дауысты дыбыстарды ата
№6. Жіңішке дауысты дыбыстарды ата
№7. Қандай сөздер жуан болып айтылады?
№8. Қандай сөздер жіңішке болып айтылады?
«Әже мен немере» өлеңін жатқа сұрау ( рольге бөліп айтқызу)


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет