ІІІ. Жаңа тақырып:
Бүгінгі сабақта, балалар, біз жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы біліміміз ары қарай жалғастырамыз.
Топ басшылары үстел үстінен сөздер алып, топ бойынша жуан, жіңішке айтылатындығын дәлелдеу.
Неге? Не себепті? деген сұрақтарға жауап алу.
Сөздер: «Ата», «Әже», «Ана», «Әке»
Осыдан қандай ереже шығаруға болады?
Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, сөз жуан айтылады. Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, сөз жіңішке айтылады.
Сөзжұмбақ шешкізу:
№1. Әкеңнің анасы (апа)
№2. Ас атасы – ... (нан)
№3. Өзіңнен үлкен ұл бала (аға)
А
П
А
Н
А
Н
А
А
Ғ
Балалар, қараңдаршы, тігінен қандай сөз пайда болды?
Ана
Дұрыс айтасыңдар Ана деген сөз пайда болды.
Ендеше бүгінгі сабақта ардақты Аналар туралы айтамыз.
Олай болса оқулығымыздың 49 – бетіндегі 43 – жаттығуға назар аударайық. Бұл тапсырмада Ғабит Мүсіреповтың «Ана» туралы жазған қанатты сөзі бар екен.
Мәтінді бір оқушыға оқыту.
Ана
Адамда не қасиет болса, бәрі күннің көзі мен ананың сүтінен алынған қасиет.
Ғ. Мүсірепов
( мәтіннің ішінен жуан және жіңішке айтылатын сөздерді тапқызу).
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985) – қазақтың әйгілі жазушысы, қоғам қайраткері.
Енді «Не тәтті?» мәтінімен танысамыз
Достарыңызбен бөлісу: |