Сабақ тақырыбы: «Не тәтті?»



бет4/4
Дата05.02.2022
өлшемі75,56 Kb.
#15872
түріСабақ
1   2   3   4
Мәтінді оқу, талдау.

  1. Іштей оқу.

  2. Мұғалімнің оқуы.

  3. Тізбектей оқу (әр топ екі сөйлемнен оқиды)

  4. Тауып оқу

  5. Мазмұндау

Сұрақ:

  • Қай баланың жауабы ұнады?

  • Неге?

ІҮ. Сергіту сәті:
Ұста қолды алдыға, қайшылашы беріліп
Ұста қолды жаныңа, тұрсын кеудең керіліп
Ұста қолды бүйірге, қанат қақшы оң қолмен
Ұста қолды бүйірге, қанат қақшы сол қолмен
Ү. Сабақты бекіту. Топ басшылары тапсырма алады.
Тапсырмалар:
І топ: Аналарың қалай еркелетеді?
ІІ топ: Анаға тілек
ІІІ топ:
Не тәтті?______________________________________________________
Не жұмсақ? ___________________________________________________
ІҮ топ: Жуан айтылатын бір сөз, жіңішке айтылатын бір сөз жазу
Рефлексия:

  • Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

  • Несімен?

  • Бүгінгі сабақтан сендер өздеріңе не алдыңдар?

  • Сабақта сені қызықтырды ма?

  • Сабақта қиналған жерлерің болды ма?

ҮІ. Үйге тапсырма: «Не тәтті?» мәтінін түсініп оқу, мазмұндау
ҮІІ. Бағалау

12.02.2015 ж. Өткізілген ашық сабақтың талдауы.
Пәні: ана тілі
Сыныбы: 1 «Ә»
Мұғалімі: Ашимжанова Бейбитгуль Камбаровна
Тақырыбы: «Не тәтті? Жуан және жіңішке айтылатын сөздер»
Өткізілген ашық сабақ «Lesson Study» зерттеу сабақ тәсілі бойынша өтті. Ең алдымен бұл сабақты өткізбес бұрын бастауыш сынып ӘБ сабақ жоспарын құрып алынды және талқыланды.
Сабақ 8 кезеңге бөлінді:
І. Ұйымдастыру. Балалар шеңберге тұрып, тіл туралы өлеңдерін айтты. Бұл өлең жолдары оқушылардың ана тілге деген құштарлығын, ынталарын оятады. Содан кейін бір – біріне тілектерін айтты және бүгінгі сабақта не күтетіндері жайлы пікірлерімен бөлісті. Кейін көңіл күйлерін «бас бармақ» бағалау әдісімен бағалады.
Сынып 4 топқа бөлінген. Әр топтың басшысы бар.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезінде, оқушылардың білімдерін жан – жақты тексеріп алдым, яғни сұрақтарға жауап алдым. Оқушылар жақсы жауап беріп отырды. Сұрақтар нөмірленген карточкаларда болды.
Үйге берілген «Әжесі мен немересі» атты өлеңді рольге бөліп, жатқа сұралды. Оқушылар үй тапсырмасына дайын болғандықтарын көрсетті.
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру кезінде, оқушыларға сөзжұмбақ шешкізу арқылы жаңа тақырыпты ашып алдық.
Оқушылардың зейінділіктерін, ойлау қабілеттерін анықтау мақсатында «Ана» туралы өз ойларын жеткізуге бағыттадым. Олар өз ойларын толық жеткізе білді.
Одан кейін «Ана», «Не тәтті?» мәтінімен танысты. Мәтіндердің авторларымен таныстырылды, мазмұндалды. Сұрақ – жауап арқылы түсінгендері сұралды.
ІҮ. Сергіту сәті өткізілді.
Ү. Бекіту кезеңінде топпен шығармашылық жұмыс жүргізілді. Әр топ өздеріне берілген тапсырмаларын орындай алды.
Рефлексия болды. Яғни оқушылар бүгінгі сабақта не түсінгендерін, не туралы айтқандары жайлы пікірлерін ортаға салды. Ойларын қорытындылады.
ҮІ. Үйге тапсырма берілді.
ҮІІ. Бағалау кезеңінде әр топтың жетекшісі өз тобының мүшелеріне қатысу бойынша ойларын айтты және топ жетекшілері бір – бірлеріне өз ойларын айтты. Ал бағаны мұғалімнің өзі қойды.

Қорытындылай келгенде, сабаққа қойылған мақсат өз мәресіне жетті, қойылған кезеңдер өз ретімен өтті, оқушылар белсенді қатысып отырды. Тек 2 – 3 оқушы ғана қатыспай отырды.
Бұл сабақты өткізу кезінде болған кемшілігім, жоспардан тыс тапсырмалар қосып жібердім. Келесі жолы бұл кемшілікті жоюға тырысамын. Жалпы айтқанда бұл «Lesson Study» зерттеу сабағы тәсілі бойынша сабақ өткізген маған өте қызықты болды.
Әлі де осындай сабақтарды өткіземін деген ойдамын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет