Сабақ тақырыбы: Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен ксро экономикалық дағдарысқа ұшырады?



бет3/5
Дата14.12.2021
өлшемі1,47 Mb.
#127184
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
8 сабақ. Неліктен 1970-1980 жылдары «әл-ауқатты мемлекеттер» мен КСРО экономикалық дағдарысқа ұшырады (1)

Бұл кезеңде КСРО-да меншікті мемлекет қарамағына алу, экономика саласында қатаң орталықтандыру, әкімшіл-әміршіл басқару жүйесі сақталып демократияның жойылуына әкелді. Бұл үдеріс барлық социалистік мемлекетте жүзеге асырылды. 1945 жылы Социалистік елдердің қарым-қатынасы «Экономикалық өзара көмек жөніндегі кеңес» арқылы жүргізілді. 1953 – 1964 жж. зейнетақымен қамтамасыз ету, тұрғындардың табысын көтеру, тұрғын үй мәселесін шешу, бес күндік жұмыс апталығы сияқты әлеуметтік реформалар нәтижелі болды. Дегенмен «Хрущев жылымығы» саясаты үстірт жасалып, тоталитарлық жүйеге толық әсер етпеді. Л.И.Брежнев тұсында өнеркәсіпті басқарудың совнархоздық жүйесі таратылып, министрліктер құрылды.  1965 жылғы «Косыгин реформасы» экономикалық өсімді жеделдеткенімен1970 жылдардың соңына қарай іс жүзінде тоқтады. 1960 ж. ІІ жартысынан 1980 ж. ортасына дейінгі Кеңес экономикасын реформалау сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан бұл аралық «тоқырау кезеңі» деп аталды.


Алексей Николаевич Косыгин,

1970 ж.


КСРО Министрлер Кеңесінің төрағасы болған кезде экономикалық реформаларды жүргізуге тырысты.

1974 – 1975 жж. және 1980 – 1982 жж. дағдарыстардан капиталистік елдерде жұмыссыздық жайлап, инфляция өсті. Дағдарыс ерекшелігі баға төмендеудің орнына керісінше өсті (стагнация). Дағдарыс пен инфляция бірлесуі экономикада жаңа әдістерді, құралдарды қажет етті. Халықаралық шаруашылық байланыстардың қарама-қайшылықтары мен проблемалары экономикалық қатынастарды жеке мемлекеттердің шеңберінде емес, халықаралық деңгейде шешуге әкелді. Әлеуметтік саясатқа жұмсалатын шығындардың өсуі экономикалық, құрылымдық дағдарыс пен дүниежүзілік нарықтағы бәсекеге ауыр тиді.

КСРО-ның қоғамдық, әлеуметтік-экономикалық жағдайы



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет