Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, интерактивті тәсіл, топпен жұмыс, жұптық жұмыс



Дата15.09.2017
өлшемі27,9 Kb.
#33420
түріСабақ
Өткізуші: Шәйлімбекова Құралай Игілікқызы

Өтілетін күні: 19.03.2014ж.

Сыныбы: 9 "А"

Сабақ тақырыбы: Нәтиже сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, интерактивті тәсіл, топпен жұмыс, жұптық жұмыс

Пәнаралық байланыс: тарих, психология

Сабақ мақсаты: меңгертілген білімді жинақтай отырып, қазақша сауатты сөйлеу, жазу деңгейлерін бақылау, бағалау; сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту, оқушының өз мүмкіндігін пайдаланып, өзінің белсенділігін танытуға бағыттау;

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, отырғызу. Кезекшімен диалог. - Сыныпта бүгін кім кезекші? - Бүгін нешесі? - Сыныпта кім жоқ?

2. Сыныппен диалог.

3. Топпен диалог

-Балалар, өткен сабақтарда қандай тақырыптармен таныс болдық?

-Теледидар тарихы, радио тарихы, қазақ радиосы.

-Радионы кім ойлап тапқан?

- Радионы А.С. Попов ойлап тапқан.

- Теледидар не үшін қажет?

-Теледидар ақпарат тыңдау үшін, түрлі бағдарламалар көру үшін қажет.

- Қазақ радиосынан қандай бағдарламалар беріледі?

- Қазақ радиосынан түрлі танымдық бағдарламалар беріледі.

4. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі. Деңгейлік тапсырмалар.

5. Жаңа сабақты хабарлау, топқа бөлу. Балалар, біз бүгін өтілген тақырыптарды қайталаймыз, жаттығулар орындаймыз, қазақша сөйлесеміз. Берілген буындардан сөз құрау арқылы оқушылар топтарға бөлінеді, әр топ 4 буыннан тұратын сөзді құрайды.

1-топ: бұқаралық;

2-топ: жаңалықтап;

3-топ: құттықтаулар.

Әр топта 4 оқушыдан.

1-тапсырма. Берілген сөздегі әріптерді қолданып, бірнеше басқа сөздер құрап жазу, орыс тіліне аударып жазу. Оқушылар бағалау парақтарында берілген критерийлер бойынша бағаланады. Бағалау критерийлері: бұл сөз қазақ тілі лексикасында міндетті түрде болу керек және қатесіз жазылу керек - 3 ұпай;

егер қате болса, бірақ аса маңызды емес қате болса - 2 ұпай;

егер қате болса, бірақ тапсырма толық орындалған болса - 1 ұпай.

2-тапсырма. Жұптық жұмыс. Әр топтағы екі оқушы бір жұпты құрайды, жұптағы бір оқушының қабілеті жоғары, екіншісінің қабілеті төмен. Қабілеті жоғары оқушы таңдап алынған тақырып бойынша екінші оқушыға мазмұнын әңгімелейді, ал қабілеті төмен оқушы тыңдап түсінгенін орыс тілінде айтып беруі керек.

3-тапсырма. Модуль бойынша сөздік диктант жаздыру.

Қазақ радиосы, хабар таратты, көшті, беріледі, тыңдарман, ақпарат, ғаламтор кеңістігі, қазақстандық арна, отандық арналар, жаңалықтар, радиостанция, радиотолқын, фотоэффект құбылысы, бағдарлама.

Оқушылар тақтадағы үлгіге қарап өз жұмыстарын өздері тексереді, бағалайды, бағалау парағына бағаларын қояды.

4-тапсырма. Берілген мәтіннен әр абзацтағы негізгі ойды білдіретін сөзді тауып, теріп жазу арқылы перфокартаны толтыру.

Қазақ радиосы.

Қазақ радиосы 1921 жылдың қазанынан бастап Орынбордан хабар тарата бастады. Ал 1926 жылдың қазанынан бастап Қызылордадан хабар таратты.

Алматы радиостанциясы 1931 жылы 1 мамырда ашылды. Қазақ радиосы 2012 жылы Астана қаласына ауысты.

Қазақ радиосынан хабарлар қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, татар және ағылшын тілдерінде беріледі.

Қазақ радиосының Интернеттегі сайты http.kazradio.kz

1-абзацта -------------------

2-абзацта -------------------

3-абзацта -------------------

4-абзацта -------------------



6. Бекіту, қорытындылау, бағалау. Балалар жинаған ұпай санына қарай өздерін бағалайды. Олардың бағалараына жеке комментарий беріліп, журналға қойылады.

7. Үйге тапсырма. Қазақ радиосының директорына 1 сұрақ, 1 тілек жазып келіңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет