Компьютерде практикалық тапсырма орындау
1-тапсырма.
у=2х + 2 және у=х2 функциялары берілген. Осы функцияның графигін салып, қиылысу нүктесін анықтандар.
Тапсырманы орындау алгоритмі:
1. Кестені жасауда х мәнін мысалы, – 5-тен + 5-ке дейін 1 қадаммен алайық.
2. Берілген х мәнін у = 2х + 2 функциясына салып, у мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес = 2 * В1 + 2 формуласын А3 ұяшығына енгізіп, А13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.
3. Берілген х мәнін у = – 2х + 6 функциясына салып, у мәнін есептеу үшін функцияға сәйкес = 2 * В1 + 2 формуласын С3 ұяшығына енгізіп, С13 ұяшығына дейін көшіріп қоямыз.
4. у = 2х + 2 функциясының графигін салу үшін В3 : В13 және А3 : А13 арасындағы ұяшықтарды көшіріп Кірістіру (Вставка) => Нүктелік (Точечная) => Тегіс нүктелік иір сызық (Точечная с гладкими кривыми и маркерами) командаларын орындап, 1-суреттегі диаграммадағы қызыл түсті сызықтық түзуді сызамыз.
5 . у = – 2х + 6 функциясының графигін осы диаграммаға кірістіру үшін С3 : С13 арасындағы ұяшықтарды көшіріп, диаграмманы ерекшелеп алып, «Кірістіру (Вставить)» батырмасын басамыз. Диаграммада көк түсті сызықтық түзу пайда болады. Функция графиктерінің қиылысу нүктесін 1-суреттегі кестедегі 9 қатарға қарап анықтауға болады. Екі функция х = 1 және у = 4 нүктелерінде қиылысады. Кестенің басқа жерінде басқа мұндай сәйкестік жоқ.
Дескриптор:
• Компьютерде орындайды;
• Диаграмманы салады;
• Диаграммадағы қызыл түсті сызықтық түзуді сызады
Достарыңызбен бөлісу: |