САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: химия
Сабақ тақырыбы: Өнеркәсіптік ғимараттарға және жұмыс орындарына қойылатын санитарлық және гигиеналық талаптар қабылдауы
Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың
мақсаты
|
Білімділік:
|
Студенттерге өнеркәсіптік ғимараттарға және жұмыс орындарына қойылатын санитарлық және гигиеналық талаптар туралы мағлұматтар беру
|
Дамытушылық:
Тақырыпқа байланысты өмірден мысалдар келтіре отырып, студенттердің ой-өрісін кеңейту, қауіпсіздік шаралары жайлы білімдерін дамыту
|
Тәрбиелік:
Студенттерді еңбек қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, жұмыс орындарындарындарында санитарлық нормаларды сақтай білуге тәрбиелеу
|
|
САБАҚТЫ ЖАБДЫҚТАУ
А. Көрнекті құралдар: интербелсенді тақта. Тақырыпқа байланысты презентация
Б. Негізгі әдебиет:
Н.Құдайбергенов. Н.Жаданов «Еңбек қорғау» оқулығы. «Фолиант» баспасы 2010
Қосымша әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, Алматы,1995
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі. Алматы: Жеті жарғы, 2007
Сабақты жүргізу кезеңдері
I. Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
Студенттермен сәлемдесу;
Студенттерді түгендеу;
Студенттердің сабаққа дайындығын тексеру;
Студенттердің назарын сабаққа аудару
ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру(40 мин)
Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері
Еңбекшілердің жеке гигиенасы
Өндірістік санитария дегеніміз- еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.
Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:
Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;
Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешенді жарықтандыруға көшу.
Өндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитариялық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасын да сақтай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің, т.с.с. жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы, өндірісте зақымдануы мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенасының бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурудың тарауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар, әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.
Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:
Өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы, жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жалдамдығы, т.с.с. факторлар;
Технологиялық үдеріске байланысты факторлар, Мысалы, технологиялық үдерісті орындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т.с.с. факторлар;
Еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.
Осы факторлардың әрқайсысы адам ағзасына әр түрлі әсер етіп,олардың жұмыс қабілетін төмендетуге немесе науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.
Енді осы факторлардың әрқайсысына белгіленген санитарлық нормалар қандай?
Жылу (13̊-28). ауаның температурасына қосымша жұмыс орнының әрбір м3 көлеміне сағатына 20 килокалориядан аспайтын жылу бөлінетін орындар еңбектің қалыпты (нормальная) жағдайы жасалған орындар деп аталса, 20 килокалориядан жоғары жылу бөлінетін орындар еңбектін ыстық (горячая) жағдайында жұмыс істелетін орындар болып есептеледі. мұндай орындарда еңбекке ақы төлеу де, оларға жағдай жасау да жоғары болады.
Ауаның ылғалдылығы. Жұмыс орнында ауаның салыстырмалы ылғалдалағы 30-75 пайыз аралығында болуы тиіс.
Ауаның қозғалу жылдамдылығы 0,2-1,0 м/с аралығында болуы тиіс.
Шаң. Ауаның құрамындағы кремний тотығы (SiO2) 70 %- жоғары болған жерде шаңның мөлшері 1 мг/м3-ден аспауы керек, ал кремний тотығы (SiO2) 70 %- дан кем жерде 2 мг/м3-ден аспауы тиіс. Ал ауаның құрамында кремний тотығы жоқ болса, 10 мг/м3-ге дейін шаң зиянсыз болып есептеледі.
Бу мен газ. Бу мен газ, негізінен, минералы таңайтқыштардан, жанар-жағармайлардан тарайды. Олардың мөлшерлері төмендегіден аспауы тиіс:
Аммиак
Бензин
Мышьяк
Күкірт қышқылы
Күкірт сутегі
Шай
|
20 мг/м3
100 мг/м3
0,3 мг/м3
1,0 мг/м3
10,0 мг/м3
3,0 мг/м3
|
6. Шу. Адамдардың қарапайым сөйлесу 40 децибел мөлшерінде шу шығарады. Бұл норма болып есептеледі. Ал көшеде өтіп бара жатқан жүк автомашинасы 105-110 децибел шу шығарады.
Адам 80 децибел шуды өте ауыр қабылдайды, ал 120 децибел шу адамның миын жарақаттайды.
Ғалымдардың айтуынша, артық шу адам өмірін 3-тен 12 жылға дейін қысқартады, жас ағзаның өсуін 15-57%- ға дейін тежейді (тәжірибе жанаруларға жұргізілген).
Діріл. Дірілдің амплитудасы 1,3 мм болса, жиілігі- 2 гц.
Дірілдің амплитудасы 0,3 мм болса, жиілігі-4 гц.
Дірілдің амплитудасы 0,05 мм болса, жиілігі 31,5 герцтен ауыспауы тиіс.
Еңбекшілердің зиянды өндірістік факторлардан қорғау мақсатында, негізінен, дәрігерлік алдын алу және ұйымдастыру шамалары жүргізіледі
Дәрігерлік алдын алу және санитарлық-гигиеналық шараларға оларды дәрігерлік байқаудан өткізіп тұру, әр түрлі ауруларға қарсы егу мен өндірістік гимнастиканы жүргізу, еңбекшілердің тамақтануы мен демалуы, жеке гигиенасын қатаң сақтау жұмыстары жатады.
Техникалық шараларға техниканы және тенологиялық үдерістерді жетілдіру, оларды зиянды өндірістік факторларды тудырмайтын әдістермен алмастыру, өндірістік үдерістерді механикаландыру, автоматтандыру және қашықтан басқаруды ұйымдастыру, қорғану құралдарын пайдалану, жұмыс орнында жеткілікті жарықпен және басқа да қажетті жабдықтармен қамтамасыз ету жатады.
Ұйымдастыру шараларына еңбекшілердің жұмыс істеуге рұқсат етудің талаптарын орындау, жұмыс орындарын дұрыс ұйымдастыру, еңбек және демалыс режимдерін қатаң сақтау, өндірістің жоғары мәдениетін қалыптастыру, еңбекшілерді еңбек қорғауға оқыту арқылы олардың біліктілігін арттырып отыру, өндіріс аумағында, өндірістік бөлімдер мен тұрмыстық бөлмелерде санитарлық ережелерді сақтау жатады.
Еңбек жағдайы зиянды жұмыстардағы адамдарға, заңда белгіленгендей, меншік иесі есебінен мемлекеттік басқару органдары берлілеген нормалардан кем түспейтін және ұжымдық шарт негізінде сүт, ал еңбек жағдайы ерекше зиянды жұмыстарды орындайтын адамдарға тегін емдеу, алдын алу тамағы берілуі тиіс.
Қол еңбегімен атқарылатын жұмыстарды ұйымдастыру.
Еңбек шартты түрде қол күшімен атқарылатын және ой еңбегімен атқарылатын болып бөлінеді. Еңбектің бұл екі түрі бір-бірімен байланысты болады. Жұмыс кезінде денеге түскен күш статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Стаикалық күш дегеніміз дененің қозғалыссыз қалыпында ұзақ уақыт бірқалыпты күйде болуынан әсер ететін жүк болып табылады. Ол адамды шаршатады.
Динамкалық күшімен арқарылатын жұмыстар бұлшық еттің энергиясын пайдалануға негізделген, оны үнемдеу ұшін жұмыстың ауқымына қарай энергияны пропорционалды пайдалану, қарама-қарысы бағыттағы қозғалыстардың тепе-теңдігін сақтау, екі қолмен атқарылатын жұмыстардың басталуы мен аяқталуын сәйкестендіру қажет.
Жүк көтеру және оны қолмен тасымалдау жұмыстарында жұмысшының жасы мен жынысына қарай белгіленген нормалар сақталуы тиіс. Мысалы, 16-дан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер үшінжүк көтерудің шекті мөлшері 16 кг, ал жасы 18-ден асқан ерлер үшін 50 килограмнан аспауы тиіс. 60-80 килограмм салмақты жүкті екі адам, ал бөрене, құбыр сияқты ұзын заттарды тасымалдауды бірнеше адам атқаруы қажет.
18 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен әйелдер пестицидтері тиеп-түсіру жұмыстарына қатыстырылмайды. Ал мұндай жұмысты атқаратын адамдар оның улағыш қасиетімен таныстырылуы және онымен қауіпсіз жұмыс істеулің нұсқауы берілуі тиіс. Олардың жеке қорғану құраларын пайдалану қатаң бақылауға алынады.
Қол күшімен атқарылатын жұмыстар еңбек қауіпсіздігінің стандарттарына, нормалар мен ережелерге сәйкес ұйымдастырылады және еңбек пен демалыстың режимі сақталады.
ІІІ. Сабақты бекіту: (37мин)
Кітаппен жұмыс. 72 бет кесте
ІV.Сабақты қорытындылау (8 мин)
Өндірістік санитария дегеніміз не?
Санитарлық-техникалық шаралардың түрлерін ата.
Өндірістік зиянды факторлар нешеге бөлінеді?
Өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторларларға не жатады?
Еңбек үдерісіне байланысты факторларға нелер жатады?
V . Бағалау (2 мин)
VІ. Үйге тапсырма (1 мин)
3.1 тақырыпты оқу
Достарыңызбен бөлісу: |