Сабақ тақырыбы «Өркениет» түсінігі. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері


М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ



бет7/10
Дата03.10.2022
өлшемі485,62 Kb.
#151453
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дүниежүзі тарихы 72сағ

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
ТЕКСЕРІЛДІ
ПЦК төрайымы
__Алменова Ф.Б._______________
"____" ___________2022ж.


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №2
(теориялық немесе өндірістік оқыту)



Модуль /пән атауы

Дүниежүзі тарихы

Сабақ тақырыбы

Өркениеттің дәстүрлі (аграрлық)түрі: отырықшы-егіншілік және көшпелі

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

1

2022-2023







1

2022-2023







1

2022-2023







1

2022-2023







1

2022-2023







1

2022-2023







1

2022-2023







Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгеру сабағы

2. Мақсаты, міндеттері




10.1.2.2 шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдау

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.


2.

Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшкліктерін анықтайды
Көшпелі және отырықшы өркениеттердің ерекшеліктерін салыстыра отырып, ұқсастықтары мен айрмашалықтарын түсінеді

3. Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Қайырбекова Р.Р. , Тимченко С.В., Джандосова С.А. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептіңжаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. Алматы: Мектеп-2019

Техникалық құралдар, материалдар

Таратпа материалдар, интерактивті тақта



4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.Көңіл-күйлерін сұрау.
Сабаққа дайындығын тексеру.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру



Алдыңғы білімін жаңғырту
1. Мәдениет дегеніміз не?
2. Өркениет дегеніміз на?
3. Өркениеттің қандай түрлерін білеміз?
4. Өркениеттің негізгі бағыттарын татап беріңіз
5. Өркениет ұғымы қай тілден аударылған

30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру.
1.Өркениеттің дәстүрлі түрінің ерекшеліктерін білеміз 2.Шаруашылық қызмет пен өркениеттік даму арасындағы байланысты талдаймыз
Дәстүрлі қоғамның ерекшеліктері. Дәстүрлі қоғам – өз мазмұнында адамзат дамуының индустрияға дейінгі даму кезеңі туралы түсініктерінің жиынтығын құрайтын, дәстүрлі әлеуметтану мен мәдениеттануға тән ұғым. Дәстүрлі қоғам экономикасына натуральды шаруашылықтың үстемдігі тән болып есептеледі. Тауарлы қатынастар мүлдем болмайды немесе әлеуметтік элитаның аз бөлігінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған. Әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі қоғамның қатаң иерархиялық стратификациясы болып табылады. Ол негізінен эндогамдық касталарға бөлінуден көрінеді. Дегенмен халықтың басым бөлігі үшін әлеуметтік қатынастарды ұйымдастырудың негізгі түрі жабық, оқшауланған қауым болып табылады. Соңғы жағдай ұжымдық әлеуметтік түсініктердің үстем болуын, тұлғаның жеке бостандығын, сондай-ақ оның құндылығын мойындамауға және дәстүрлі іс-әрекет нормаларын қатаң ұстануға бағытталады. Касталық бөліспен бірге бұл ерекшелік әлеуметтік мобильділік мүмкіндігін мүлдем болдырмайды. Саяси билік жеке топ (каста, рулық қауым, отбасы) шеңберінде монополиянады және көбіне авторитарлық сипатта болады. Дәстүрлі қоғамның негізгі белгісі жазудың болмауы немесе жеке топтардың артышылығы (шенеуліктер, абыздар) ретінде болуы. Көп жағдайда жазу халықтың басым бөлігінің сөйлейтін тілінен басқа тілде дамиды (латын – ортағасырлық Еуропада, араб тілі – Таяу Шығыста, қытай жазуы –Қиыр Шығыста). Сондықтан ұрпақаралық мәдениет тасымалы вербальды, фольклорлы түрде жүзеге асады, ал негізі әлеуметтену институты отбасы мен қауым болып табылады. Оның салдары бір этностың жергілікті және диалектілі әртүрліліктен көрінетін мәдениетінің тым көп нұсқалылығы. Дәстүрлі қоғамдарға қауымдық қоныстар, қанды-туыстық байланыстардың сақталуы, еңбектің негізінен қолөнер және аграрлы түрлері басым этникалық қауымдастықтар жатады. Осындай қоғамдардың пайда болуы адамзат дамуының ең ерте кезеңдеріне, алғашқы қауымдық мәдениетке жатады. Алғашқы қауымдық аңшылардан XVIII ғасыр соңындағы өнеркәсіп төңкерісіне дейінгі кез келген қоғамды дәстүрлі қоғам деп атауға болады. Дәстүрлі қоғам – дәстүрмен реттелетін қоғам. Бұл қоғамда дәстүрлерді сақтау дамудан қарағанда жоғары құндылық болып табылады. Қоғамдық құрылыс қатаң сословиелік иерархиямен (әсіресе Шығыс елдерінде) және тұрақты әлеуметтік құрылымдардың болуымен, дәстүрлерге, ғұраптарға негізделген қоғам өмірін реттеудің ерекше тәсілімен испатталады. Қоғамды ұйымдастырудың осы түрі өмірдің әлеуметтік-мәдени қағидаларын өзгеріссіз түрде сақтауға тырысады. Дәстүрлі қоғам – аграрлық қоғам.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет