Сабақ тақырыбы «Өркениет» түсінігі. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері



бет1/10
Дата03.10.2022
өлшемі485,62 Kb.
#151453
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дүниежүзі тарихы 72сағ
73639, dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53, 1617256426, 1617256426

М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІНІҢ КОЛЛЕДЖІ
ТЕКСЕРІЛДІ
ПЦК төрайымы
__Алменова Ф.Б._______________
"____" ___________2022ж.


ОҚУ САБАҒЫНЫҢ ЖОСПАРЫ №1
(теориялық немесе өндірістік оқыту)



Модуль /пән атауы

Дүниежүзі тарихы

Сабақ тақырыбы

«Өркениет» түсінігі. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері.

  1. Жалпы мәліметтер

Курс

Оқу жылы

Тобы

Күні

1

2022-2023

ЭҚн-22-1к




1

2022-2023

ЕТн-22-1к




1

2022-2023

АЖн-22-1к




1

2022-2023

ТҰн-22-1к




1

2022-2023

ҒСн-22-1к




1

2022-2023

МЖн-22-2к




1

2022-2023

ТМн-22-1к




Сабақ түрі

Жаңа материалды меңгеру сабағы

2. Мақсаты, міндеттері




- тарихи оқиғаларды, процестер мен құбылыстарды түсіндіру үшін «өркениет», «өркениет типі» терминдерін қолдана білу; 
- ақпараттық технологиялардың қазіргі өркениеттің дамуына әсерін анықтау;
- ежелгі өркениеттердің ерекшеліктерін оларға тән белгілерін салыстырмалы талдау негізінде анықтайды;

Оқу-жаттығу процесінде білім алушылар меңгеретін күтілетін нәтижелер және (немесе) кәсіби дағдылар тізбесі

1.


2.



Басым бөлігі: Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін талдау
Кейбірі: Орталық Азия халықтарының рухани мәдениеті мен ғылым саласындағы жетістіктерін анықтайды

3. Қажетті ресурстар

Оқу-әдістемелік құрал-жабдықтар, анықтамалық әдебиеттер

Қайырбекова Р.Р. , Тимченко С.В., Джандосова С.А. Дүниежүзі тарихы. Жалпы білім беретін мектептіңжаратылыстану-математикалық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. 1-бөлім. Алматы: Мектеп-2019

Техникалық құралдар, материалдар

Таратпа материалдар, интерактивті тақта



4. Сабақтың барысы

Уақыт (мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу.Көңіл-күйлерін сұрау.
Сабаққа дайындығын тексеру.

5 мин

Үй тапсырмасын тексеру



Алдыңғы білімін жаңғырту
1. Мәдениет дегеніміз не?
2. Өркениет дегеніміз на?
3. Өркениеттің қандай түрлерін білеміз?

30 мин

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жаңа тақырыпты түсіндіру.

  1. «Өркениет» ұғымы туралы

  2. «Өркениет» ұғымын танудың негізгі бағыттары

«Өркениет» ұғымы. Егер өркениет деген не деген сұрақ қойылса, оған жауап беру оңай болмайды, себебі «өркениет» ұғымының 200- ден астам түсінігі бар.
«Өркениет» ұғымы нақты бір түсінікті білдірмейді, ол, негізінен:

  • «Мәдениет» ұғымының синонимі; Мәдениет – адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан – мәдениет саласының өрісі кең.

  • қандай да бір шектеуді аумақтағы локальды (аймақтық) мәдениеттің белгілі бір даму деңгейі;

  • адамзаттың тарихи дамуының кезеңі;

  • қандай да бір аймақтың немесе этностың даму деңгейі секілді мағыналарына ие.

Өркениет сөзі (лат. «сivis» - азаматтық;- қалалық, мемлекеттік деген сөзден шыққан. Антикалық уақытта да, орта ғасырлар кезеңінде де өркениет («silvaticus» - ормандық) жабаиы, дөрекі деген сөзге қарама-қарсы мағынада қолданылған.
Өркениет (лат. сіvіlіs – азаматтық) – қоғамның материалдық және рухани жетістіктерінің жиынтығы. Ежелгі римдіктер бұл ұғымды “варварлықтар” деп өздері атаған басқа халықтар мен мемлекеттерден айырмашылықтарын көрсету мақсатында қолданған. Олардың түсініктері бойынша “Өркениет” азаматтық қоғам, қалалық мәдениет, заңға негізделген басқару тәртібі қалыптасқан рим империясының даму дәрежесін білдірген. Өркениет мәдениет ұғымымен тығыз байланысты.
«Өркениет» ұғымы - қазіргі замандағы қоғамтану ғылымындағы негізгі ұғымдардың бірі, оны ғылымға француз ағартушылары (Ф.М.Вольтер, Д.Дидро, Ш.Л.Монтескье, Үлкен Мирабо) енгізді. Олар бұл ұғымды тек бір мағынада қолданып, өркениеттілікті ақыл-парасат пен әділдік салтанат құрған қоғам деп сипаттады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет