Сабақ тақырыбы «Өркениет» түсінігі. Өркениет: зерттеудің теориялары мен әдістері


«Өркениет» ұғымын танудағы негізгі бағыттар



бет6/10
Дата03.10.2022
өлшемі485,62 Kb.
#151453
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Дүниежүзі тарихы 72сағ
73639, dip -fizikadan-synyptan-tys-zhumystardy-uyymdastyru-adisteri-jukgpi-2013-53, 1617256426, 1617256426
«Өркениет» ұғымын танудағы негізгі бағыттар.
XIX ғасырда «өркениет» ұғымын танудың негізгі үш бағыты болды:
1) унитарлы : өркениет - адамзаттың біртұтас прогрессивті дамуының идеалы;
2) сатылы (кейде сызықтық-сатылы деп те аталады): өркениет - адамзаттың біртұтас прогрессивті дамуының кезеңі;
3) локальды -тарихи : өркениет – сапалы,әртүрлі ерекше этникалық немесе тарихи - қоғамдық құрылым.
Унитарлы бағыт бойынша (А.Фергюсон), өркениет адамзат дамуының толық біртұтас прогрессивтік идеалы ретінде, әсіресе техникалық тұрғыдан қарастырылды.
Сатылы бағыт (А.Фергюсон, Л.Г.Морган, К.Маркс, Ф.Энгельс) «өркениет» ұғымын анықтауда, адамзаттың прогресті, қарқынды дамуын негізге алды, оның жоғарғы сатысы өркениет болып саналды. Өркениеттілікті жабайылық пен варварлық кезеңінен айыратын негізгі ерекшеліктер:

  • материалдық-техникалық дамудың жоғарғы деңгейі, бұл тауар – қаржылық секілді жаңа қатынастардың пайда болуына алғышарттар қалыптастырады;

  • қоғамның меншік қатынастарына, мүліктік жағдайға байланысты жіктелуі, таптардың пайда болуы;

  • әлеуметтік қайшылықтар мен алғашқы таптық жанжалдардың пайда болуы;

  • мемлекет пен құқықтың пайда болуы;

  • моногамды отбасының пайда болуы мен қалыптасуы;

  • тәжірибелерді жинақтап кейінгі ұрпақка калдыратын жазудын пайда болуы, әдебиет пен өнердін т.б. қалыптасуы..

Локальді-тарихи бағыт . XIX ғасырда шығыс қоғамын зеріттеген Еуропаның тарих ғылымында өркениет сатысындағы коғамдар арасында аса манызды сапалық айырмашылықтар болуы мүмкін дегсн түсінік қалыптасты. Бұл тек бір өркениет туралы ғана емес, бірнеше өркениет туралы айтууға жол ашты. Өркениеттердің алуантүрлілік идеясы А.Гумбольт. Ф.Гизо. Ж.Гобино, Г.Рюккерт және баска ғалымдардың еңбектерінде көрініс берді.
Локалды өркениет теориясының басталуы мен қалыптасуы орыс ойшылы Н.Я.Данилевский мен неміс фнлософы әрі мәдениеттанушысы О.Шпенглердің енбектерінен блстау алады. Олар адамзат тарихына мәдени-тарихи бағытты, яғни организмдер дамуының ерекше процестері секілді жаңа көзқарас қалыптастырды, бұл «локальді өркениет» деген атауға ие болды.
Қазіргі ғьлымда «өркениет» ұғымының көптеген анықтамалары бар. Бұл осы ұғымды анықтайтын көптеген бағыттардың бар екендігімен байланысты. Бұлардың арасында маңыды айырмашлыққа ие екі бағыт бар, олар: эволюциялық және өркениеттілік .
Осындай екі бағыттың айқындалуы өркениеттің түрлі анықтамалардың осы екі мағынаның айналасына топтастырады:

  • Эволюциялық бағыт өкілдерінің танымына сай (А.Фергюсон, Л.Г.Морган К.Марк пен Ф.Энгельстің анықтамаларына жақындайды) «өркениет» ұгымының мәні мынадай: өркениет бұл адамзаттың жетістігі, оның жануарлық жағдайдан қол үзіп1 одан кейін жабайылық пен варварлық кезеңінен дамып, нағыз адамдык өмірдің формасына қадам басу процесі. Мұндай жетістіктер, біріншіден, табиғатты технологииялық тұрғыдан меңгерумен (мәшинелерді ойлап табу, электрді колдану, коммуникация құралдарының дамуы жаңа әрі мол өнім беретін түрлерді ойлап табу және т.б. жетістіктермен); екіншіден, қоғамдық өмірдің реттеліп, дамуымен (жазудың, мемлекеттің, ақшаның, нарықтың, заңның пайда болуымен) байланысты болды.

  • Өркениеттілік бағыт өкілдерінің танымына сай: «өркениет» ұғымының мәні - бұл тарихи тағдырлары ортақ құндылықтар жүйесі мен әлеуметтік реттік механизмдері біртұтас халыктардың жергілікті этникааралық кауымдастығы. Мұндай қауымдастык біртұтас құндылыктар жүйесі мен әлеуметтік реттік механизмдері қалыптаскан, бір ДІННІҢ негізінде {ислам өркениеті) сонымен қатар халыктардың біртұтас полиэтникалық мемлекеттің (ресейлік еркениет) кұрамына енуі барысында қалыптасады. Лоокальды өркениет дегеніміз - бұл мемлекет, мемлкеттер немесе халықтар тобы. а) белгілі бір аймақпен шектелетін (аумақ көлемі): ә)ұзақ уақытқа созылған белгілі бір шеңбсрдегі немесе соған жакын саяси жүйемен байланысты, бірдей және біртектес саяси оқиғаларға қатысу (соғыстарға көшіп-қонуға (тарихи тағдырларының ортактығы); б.) біртұтас мәдени мұраға иелік ету (рухани әлемнің ортақтығы); в) бір дінді ұстану (көзқарастар ортақтығы); г) басқа қауымдастықпен қарама-кайшылыкта өзінің белгілі бір қауымға тән екенін түйсіну (өркениеттілік бірегейлік).



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет