М.Төлегенов атындағы орта метебі.
Музыка
Ашық сабақ
Тақырыбы: Оркестрге үн берген аспап
Класы:4
Өткізген: 26.12.2015 Т.А.Картанов
Музыка пәні мұғалімі.
Ақтөбе облысы,Ырғыз ауданы,
Ақши ауылы М.Төлегенов атындағы
орта мектебінің музыка пәні мұғалімі
Картанов Теміржан Асуұлы
Ақши ауылы
2015 – 2016 оқу жылы
Бекітемін: Күні: Класы:4
Сабақтың тақырыбы: Оркестрге үн берген аспап
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға қазақтың домбыра аспабының жасалуы, дыбыс бояуының ерекшелігін, шығу тарихы жайлы түсінік беру, оның қазақ өнеріндегі алатын орнын көрсету;
домбырамен орындалатын ән- күйлермен, әуендерін таныстыра отырып, оркестрмен орындалғанда алатын ерекше орнын және маңызын түсіндіру.
Оқушыларды сахна мәдениетіне баулу.
Дамытушылық: Оқушылардың музыкалық сауаттарын тілін жетілдіру;Ойлау белсенділігін, шығармашылығын дамыту; Дүниетанымын кеңейту.
Тәрбиелік: Қазақтың ұлттық аспабы домбыраны таныту арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу;Ұқыптылыққа, жинақылыққа, жылдам ойлауға баулу. Домбырымен орындалатын әуенді түсіне білуге үйрету арқылы ,ұлттық өнерге қызығушылығын арттыру және оны құрметтеуге баулу.
Сабақ уақыты: 45 минут
Сабақ өтетін орын: Музыка кабинеті.
Сабақтың көрнекілігі:Домбыра аспабы,интерактивті оқу құралдары,плакат.аспаптар,музыка.
Сабақ түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту әңгімелеу ән орындау музыка тыңдау
Сабақ техналогиясы: СТО
Пәнаралық байланыс: Тарих,Бейнелеу.
Оқу әдісі: Түсіндірме-көрнекілік, сұрақ-жауап, талдау-жинақтау,күй тыңдау.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту
|
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі: І. Сәлемдесу,сыныптың сабаққа дайындығын қамтамасыз ету,гимн орындау.
ІІ. Оқушылардың көңіл-күйіне назар аудару.
Үй жұмысын тексеру: Семантикалық карта,сұрақ – жауап.
Сипаттамалары
|
«Сазсырнай»
|
Ақырын
|
«Ата толғау»
|
Жетіген
|
«Адай»
|
1
|
Н.Тілендиевтің оркестрге арнаған күйі.
|
|
|
+
|
|
|
2
|
Меццо – пиано.
|
|
+
|
|
|
|
3
|
Саздан жасалған қандай аспап.
|
+
|
|
|
|
|
4
|
Арфа қазақ халықының қай аспабына ұқсайды.
|
|
|
|
+
|
|
5
|
Құрманғазының күйі.
|
|
|
|
|
+
|
Сұрақ – жауап.
1. Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды?
2.Арфа аспабының үнін қандай құдіретті күшке балаған?
3.Жетіген аспабы туралы қандай аңыз сақталған?
4.Қытайдың цинь аспабының әрбір ішегі нені білдіреді?
II.Жаңа сабақ.
Оркестрге үн берген аспап
Оркестрдің алғаш қаз тұрып, тыңнан жол салған кездерінен бастап, биік белестерге көтерілуіне 20 жылға жуық оның көркемдік жетекшісі және бас дирижері болған белгілі композитор, ұстаз - профессор, ғалым - академик Ахмет Жұбанов өлшеусіз мол үлес қосты. Ол халқымыздың және халық композиторларының шығармаларын оркестр репертуарына енгізу, әр түрлі орындаушылардан жинақталған туындыларды сұрыптап, бір жүйеге келтіріп, нотаға түсіру, оркестрге лайықтап өңдеу, артистердің сауатын ашып, жазба кәсіби мамандыққа баулу сияқты сан салалы жұмыстарды атқарды.
Оркестрді Ахмет Жұбановтан тәлім алған, оркестрді ұзақ жылдар бойы басқарған КСРО халық артисі, профессор Шамғон Қажығалиевтің де оркестр тарихындағы орны ерекше. Одан кейінгі дирижерлер, оркестрдің шет елдерге шығуы, оркестрге репертуар жазғанда импровизация, рапсодия, скерцо әдістерін пайдаланды. А. К. Жұбанов — қазақ халқының қазіргі заманғы кәсіби музыкасының негізін қалаған аға буын композиторлардың бірі. Ол халық күйлерін оркестрге лайықтап, нотаға түсірді және қазақ музыкасын күрделі аспаптық симфониялық шығармалармен байытты. Олар «Тәжік биі», «Қазақ билері», «Төлеген Тоқтаров», «Ария», «Вокалдық сюитасы», «Абай сюитасы», тағы басқалар. А.Жұбановтың қазақ музыка тарихына сіңірген еңбегі ұшан - теңіз.Композитор ретінде қазақтың музыкалық мәдениетіне өзіндік мелодиялық өрнек қосқан ондаған ән мен күйдің, романстармен хорлардың, аспаптық симфониялық және вокальдық шығармалардың авторы. А. Жұбановтың композиторлық шығармаларының көрнектілері Л. Хамидимен бірлесіп жазған «Абай» (1944) және «Төлеген Тоқтаров» (1947) опералары, қызы Ғ. Жұбанова аяқтаған «Құрманғазы» (1970) операсы.
|
Достарыңызбен бөлісу: |