Бөлім: Орталық Азия өркениеттері: саналуандылығы және мәдени ортақтығы
|
Мектеп: Павлодар қаласы ХББ НЗМ
|
Уақыты: 1.11.2018
|
Мұғалімнің аты - жөні:
|
Сынып: 10
|
Қатысқан оқушылар саны:
|
Қатыспағандар:
|
Сабақ тақырыбы:
|
Орталық Азияның дәстүрлі өркениеттерін зерттеу тарихы
|
Зерттеу сұрақтары:
|
-Ғалымдар Орталық Азия өркениетінің әлемдік өркениеттегі рөліне қандай баға береді?
|
Тарихи концепт:
|
маңыздылық
|
Осы сабақ арқылы жүзеге асырылатын оқу мақсаттары:
|
Бірқатар деректерден дәлелді ой-пікір түйіп, қорытынды жасау
Меңгерілген материал бойынша дәйекті қорытынды жасау
|
Сабақтың мақсаты:
|
10.1.1.2 Әлемдік өркениеттегі Орталық Азияның рөлі туралы ғалымдардың пікірін зерттеу
|
Бағалау критерийлері:
|
1)Орталық Азиядағы өркениеттер туралы зерттеген ғалымдарды атайды, ұстанымдарын сипаттай алады;
2)Орталық Азиядағы өркениеттер туралы ғалымдардың зерттеулеріндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтарды анықтайды;
3)Орта Азия өркениетінің әлемдік өркениетке қосқан құндылықтарын біледі.
|
Тілдік мақсаттар:
|
Қорытынды жазу (жазылым)
Топтық жұмыстың нәтижесін ауызша қорғау (тыңдалым, айтылым)
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Өркениет,тарихи, географиялық ерекшелік, өркениет ошақтары
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер
Көшпеліліктің қалыптасуына .......... факторлар әсер етті.
Қазақстанда мекендеген тайпалар мен мемлекеттердің аумақтық орналасуындағы сабақтастық болды, өйткені ...
Қазақстанда көшпелі мал шаруашылығы және егіншіліктің дамуында ежелгі ошақтарының ерекшеліктері .....
|
|