Сабақ тақырыбы Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет2/6
Дата06.04.2023
өлшемі1,09 Mb.
#173903
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Математика 5 сынып Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру сабақ жоспары

Сабақ типі

Аралас

Бағалау
критерийлері

Оқушылар:

  • ондық бөлшектерді жай бөлшектерге аударады;

  • алынған жай бөлшектерді, мүмкіндігінше, қысқарту қажеттілігін түсінеді;

  • ондық бөлшектермен амалдарды орындау үшін ондық бөлшекті жай бөлшекке аударуды қолданады

Тілдік
мақсаттар

Математикалық терминологияны қолдана отырып және өздерінің сөздерімен қай жай бөлшекті ондық бөлшекке ауыстыруға болатынын, ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай аудару керектігін ұғынады және түсінеді
Пәнге тән лексика мен терминология:
Ондық бөлшек – decimal fraction, үтір - decimal point.
Ондық бөлшектің разрядтары, жай бөлшек, разрядтық бірліктер, бөлшектің алымы, бөлімі.
ондық, жүздік, мыңдық және т.с.с. үлестер;
разрядтары бойынша сандарды жіктеу
Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:
Ондық бөлшек – бұл жай бөлшектің басқаша жазылуы
Берілген бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазу үшін ......... қажет
Бүтін бөлік, бөлшек бөліктен үтір арқылы ажыратылады.
Бөлшек оқылуы: …бүтін, …(оннан, жүзден, …)
Ондық бөлшекті жай бөлшек түрінде жазу үшін.... қажет

Құндылықтарды дарыту

Адалдық, жауапкершілік, құрмет құндылықтарды дарыту -топтық жұмыс және өзін-өзі бағалау, өзара бағалау арқылы жүзеге асырылады.

Пәнаралық
байланыстар

Ондық бөлшектерді оқуды және ондық бөлшектері бар өрнектерді қолданып, айтылымды дамыту арқылы қазақ тілі пәнімен пәнаралқ байланыс жүзеге асады.
Сабақтағы пәнаралық интеграция ағылшын тілінде ондық бөлшектерді оқу арқылы, түрлі әрекеттер бойынша іске асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет