Сабақ тақырыбы: Қоспа түрлері және оларды бөлу әдістері



бет2/3
Дата17.12.2021
өлшемі295,19 Kb.
#102081
түріСабақ
1   2   3
Байланысты:
ospa-trler-zhne-olardy-blu-dster

Құндылықтары дамыту


Ынтымақтастық: бір- бірін сыйлау

Құндылықтар: қоршаған ортаға қамқорлық және тұрақты даму үшін міндеттеме

Дағдылар : критикалық және шығармашылық даму сенім мен көрініс, диалог, оқу және рефлексия қызметінің дағдыларын дамыту


Пәнаралық байланыстар

Физика, биология

АКТ қолдану дағдылары

Интерактивті тақтаны қолдану, Kahoot

Бастапқы білім


Жаратылыстану сабағынын оқушылар кейбір мәліметтермен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

0 – 10 мин




Психологиялық дайындық. Бір-біріне бұрылып, көздеріне қарап, күлімсіреп, жақсы көңіл-күй тілеу. Енді маған қараңдар. Менде сендерге бірлесе жұмыс істеуді және жаңалық ашуды тілеймін.

Өткен сабақта біз таза заттарды және қоспаларды өттік, мұғалім күнделікті өмірде кездесетін таза заттар мен қоспаларға мысал келтіруді сұрайды.

- қалай ойлайсыңдар, бүгінгі сабақта не өтеміз?


Жаратылыстану_5сынып_Заттардың жіктелуі_Қоспаларды бөлу. Презентация

Сабақтың ортасы

Білу


қолдану

Талдау


Мұғалім демонстрация көрсетеді. Екі стаканға су құю. Біреуіне қант салып, екіншісіне құм салып, араластыру. Оқушылар бұл қоспа екенін айтады.

Мүғалім бұл қоспалардың айырмашылығын сұрайды. Оқушылар өздерінін гипотезаларын айтады. Мұғалім тақтаға әртекті және біртекті қоспалардың жіктелуін шығарады. Оқушылар өздігінен эксперимент нәтижелерін қолданып, қоспаларды жіктеу қасиеттері бойынша тұжырымдама жасайды. Мұғалім жауаптарын дұрыстап, дәптерге жазуын сұрайды. Мұғалім қоспалардың әр тобына 2-3 мысал келтіруді сұрайды.

- қалай ойлайсыңдар бұл қоспаларды бөлуге болады ма?

- әртекті және біртеткті қоспаларды бөлу әдістері бірдей ме?


Мұғалім калай темір ұнтағы магнитка жабысатынын және үгінділер судың бетіне шығуын көрсетеді.

Мұғалім оқушылардың жауаптарын тыңдап, әртекті және біртекті қоспалардың бөлу әдістерін тақтада көрсетеді.

Қоспаларды тақтаға шығарады.одан соң оқушылар бейнекөріністе қоспалардың бөлінуін көреді.оқушылар әр қоспаның бөлінуіне анықтама береді

Қоспаларды бөлу. Видеоматериал.



Тапсырма

Мұғалім оқушылардан суды қанттан және құмнан тазарту әдістерін сұрайды.

Оқушылар жұпта жұмыс жасайды. Бөлу жоспарын ұсыну керек, келесі қоспалардың:

тұз + құм, тұз + ұнтақталған……, тұз + үгінділер, тұз + темір ұнтағы + үгінділер. Оқушылар жұмыстарын постер түрінде көрсетеді,әртекті және біртекті бөліну кезеңдерін көрсететін.

Оқушылар «қоспалардың бөлінуі» практикалық жұмысын жасайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет