Сабақ тақырыбы: Оттегінің жалпы сипаттамасы
8-сынып
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Модульді технология бойынша оқушыларға оттегінің жалпы сипаттамасын, оксидтер, олардың атауларын, оттегінің тіршілік үшін маңызын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушыларда білім сапасын көтеру мақсатында білім сапасын арттыруға, пәнге қызығуын, іскерлігін, ізденімпаздығын, байқау қабілеттерін жетілдіру, дамыту.
Тәрбиелік: Химиялық реакцияларды жазып, коэффициенттерді қоя білуге, химиялық білімді үйренуге қажеттілігін тудыру. Өздігінен жұмыс істеу мен өз білімін өзі бағалап, тексере білуге қалыптастыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақ түрі: Интерактивті сабақ
Әдіс – тәсілдері: сұрақ – жауап, әңгімелеу
Көрнекі құралдар – жабдықтар: Интерактивті тақта, слайд, қима қағаздар;
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру кезеңі
І. Ой қозғау
Оксидтер деп қандай заттарды айтамыз?
Катализатор дегеніміз не? Оның негізгі қызметі?
Оқсидтердің аталуы туралы не білесің
Жану реакциясы деп қандай реакцияны айтамыз?
Зертханада оксидтерді қалай алуға болады?
Оттектің тірі ағзалар үшін қандай маңызы бар?
ІІ. Мозаика ойыны
Берілген формула бойынша сәйкес оксидтердің атын табу.
Көміртек (II) оксиді SO3 көміртек монооксиді
Көміртек (IV) оксиді Fe2O3 көміртек диоксиді
Темір (III) оксиді К2О дитемір триоксиді
Калий оксиді CuO дикалий монооксиді
Күкірт (VI) оксиді N2O5 күкірт триоксиді
Азот (V) оксиді СО диазот пентаоксиді
Мыс (II) оксиді СО2 мыс монооксиді
ІІІ. Тәжірибе көрсету.
ІV. Реакция теңдеулерін аяқтап, теңдеуді теңестіріңдер.
А тобы: Fe + O2 =
Б тобы: S + O2 =
В тобы: Na + O2 =
Г тобы: C + O2 =
Д тобы P + O2 =
V. Берілген заттарды пайдаланып, формуладағы атомдар санын көрсет.
VI. Оқсидтердің орналасу ретін көрсет.
VІI. Есептер шығару.
А – тобы
Кальций оксидіндегі оттектің массалық үлесін тап.
Б – тобы
Барий оксидіндегі оттектің массалық үлесін тап.
В – тобы
Күкірт оксидіндегі оттектің массалық үлесін тап.
Г – тобы
Фосфор оксидіндегі оттектің массалық үлесін тап.
Д – тобы
Магний оксидіндегі оттектің массалық үлесін тап.
VІІI. Тест тапсырмалары.
«Оттек» латын тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді?
А) қышқыл тудырушы В) қышқыл түзуші С) тотықтырғыш
Д) тұтандырғыш Е) тотықсыздандырғыш
Оттектің ауада бос күйінде қанша көлемі кездеседі?
А) 21% В) 7,4% С) 1,87% Д) 2,35% Е) 1%
Оттектегінің салыстырмалы атомдық массасы нешеге тең?
А) 16 В) 32 С) 1 Д) 12 Е) 14
Оттек қанша градуста сұйылады?
А) – 183 0С В) – 218 0С С) – 210 0С Д) – 198 0С Е) – 185 0С
Калий перманганатының формуласын көрсет:
А) KMnO4 В) KmnO7 С) KMn Д) MnO2 Е) MnO7
Химиялық реакцияның жылдамдығын тездететін зат қалай аталады?
А) өршіткі В) катализ С) қышқыл Д) сутек Е) температура
Химиялық элемент таңбаларының оқылуы бойынша химиялық таңбаларын жазыңдар: оксигениум, гидраргирум, силициум, купрум
А) O, Hg, Si, Cu В) Zn, Cu, O, Ca С) Hg, O, Ca, Cu,
Д) O, Ba, K, S, Е) Al, Cl, Hg, O
Химиялық реакцияның неше типі бар?
А) 4 В) 3 С) 5 Д) 2 Е) 6
Зат мөлшерінің өлшем бірлігі:
А) моль В) г/моль С) л/моль Д) г Е) ню
Өлшемдердің қайсысы молярлық массаны көрсетеді?
А) г/моль В) моль С) л/моль Д) г Е) г/мл
ІX. Үйге тапсырма.
21, 22, 23, 24 параграфты оқу
Есеп: 2 моль аллюминий оттек пен әрекеттескенде, түзілген аллюминий оксидінің массасын есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |