Жұмыс ережесін келісу
Сабақта бір-бірімізді сыйлаймыз, тыңдаймыз!
Уақытты үнемдейміз!
Нақты,дәл жауап береміз!
Сабақта өзіміздің шапшаңдығымызды, тапқырлығымызды көрсетеміз!
Сабаққа белсене қатысып, жақсы баға аламыз!
Тақырыпты анықтау
Жұмбақты шеш.
Шешуі: Кірпі.
Сонымен, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болмақ?
Кірпі қандай жануар?
ҚБ: Отшашу арқылы бір-бірін бағалау.
Оқу мақсатын таныстыру
Күтілетін нәтижені анықтау
|
Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.
Сұраққа жауап берген оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
|
Сабақтың ортасы
|
Ширату тапсырмасы.
Оқылым. «Есеннің кірпісі»
Автормен танысу айдары. С. Бегалин.
Белсенді оқу тапсырмалары(топта, ұжымда)
«Көршіңе әңгімелеп бер»
Бұл әдіс оқушылар өз ойларын дауыстап айтып беру үшін пайдаланылады. Сұрақ қойыңыз, ойластыруға уақыт беріңіз, одан кейін оқушылардан өз ойларын көршілерімен бөлісуді сұраңыз, оқушыларға жаңа тақырыпты айтыңыз және осы тақырып бойынша өздері білетін барлық жағдайды көршісіне айтуын ұсыныңыз.
Топтық жұмыс. «Кір жайғыш» әдісі. Топтар тапсырманы кір жайғыштан өздері таңдап алады.
І топ. 4-тапсырма. Әңгімеден табиғат суреттелген жолдарды тауып оқы. Осы үзінді бойынша қандай сурет салар едің?
ІІ топ. 6-тапсырма. Әуен тыңдаған кірпі туралы не айтасың? Осыған ұқсас оқыған, көрген оқиғаларыңды әңгімелеп бер.
ІІІ топ. 7-тапсырма. Есеннің іс-әрекетіне өз көзқарасыңды білдір. Мәтінді тағы басқаша қалай атар едің?
Дескриптор:
шығарманың тақырыбын, бөліктерін табады.
негізгі ойды анықтайды.
оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.
ҚБ: Бас бармақ арқылы бір-бірін бағалау.
|
Достарыңызбен бөлісу: |