Жаңа білім мен тәжірибені қолдану
Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
Түлкінің іс- әрекеті ақылдылық па әлде қулық па? Өз ойыңды дәлелдеп айт.
ҚБ: Бағдаршам көздері арқылы бір-бірін бағалау.
«Ойлан, Жұптас, Пікірлес»
Оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгенен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл. Тақтада сұрақ/тапсырма жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен жазғанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Мұғалімнің екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауына болады.
«Менің бау-бақшам» жобасын жасау.
– «Даналық ағашына» тапсырманы ойдағыдай орындап, құс, ара, көбелек, алманы орналастырдық. Енді осыдан сендерде қандай ой туындады? (Ағашқа орналастырылған заттардың табиғаттағы пайдасы мен зиянын айтады).
Достарыңызбен бөлісу: |