Топтық жұмыс. «Галлерияда ой шарлау»
Берілген тақырыпта топтық жұмысы жүргізіліп, әр топтың жұмысы қабырғаға ілінеді де, оқушылар жүріп, аралап, оған әр оқушылар кішкене жапсырма қағазға бағасын беріп, пікірін жазып жабыстырып кетеді. Ең жақсы баға алған топтың жұмысы қаралады.
Мәтінді оқып, қажетті мәліметті сызбаға түсір.
«Қызылбас патшасының Абдулла деген уәзірі бар еді. Бір күні уәзір патшаға келе жатса, халық қамап,«дегенімізді істе, істемесең, өлтіреміз» деп біреуі уәзірдің сақалынан жұлқыды. Уәзір ашуланбады, патшаға барып, жұрттың тілегін орындады және ешкімге жаза бермеңіз деді. Ертеңіне уәзірге бір саудагер келіп:
Тақсыр, кеше сіздің сақалыңыздан жұлқыған кісі Нағым деген менің көршім еді, жазалаңыз, – деді. Бұл сөзді естіген уәзір Нағымды шақыртып алды. Нағым: «Менің кешегі ісімді біреу айтқан екен» деп, қорыққанынан үрейі кетіп, келе сала уәзірдің аяғына жығылды. Уәзір: Мен сені жазалау үшін шақырмадым, бірақ саудагер көршің жақсы кісі емес, сенің білместігіңді маған келіп айтты, екінші рет ол көршіңнен сақтан, соны айтайын деп едім, енді аман бол! – деп үйіне кіріп кетті дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |