Сабақ Тақырыбы: «Өзен» (3 «б» сыныбы) Дайындаған: Басқабаева. Г. Пәні: Әдебиеттік оқу



Дата31.12.2019
өлшемі33,46 Kb.
#54568
М. Атымов атындағы № 6 орта мектебі

Ыбырай Алтынсарин

Ашық сабақ

Тақырыбы: «Өзен »

(3 «б» сыныбы)
Дайындаған: Басқабаева. Г.
Пәні: Әдебиеттік оқу

Тақырып: «Өзен» Ы.Алтынсарин

Мақсаты:

Білімділік: Ы.Алтынсарин шығармаларын еске түсіру, «Өзен» өлеңімен таныстыру, білімдерін бекіту.

Дамытушылық: Өлеңді мәнерлеп оқу, мазмұнын түсіну, талдау, суреттеу,өз ойын айту дағдыларын дамыту. Тәрбиелік: Табиғатты сүю, қорғау, оның адам өмірі үшін маңызын түсіне білуге тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Топпен жұмыс.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныпты түстер арқылы топқа бөлу.

Сабақты Ы.Алтынсаринның «Кел, балалар, оқылық!» өлеңімен бастайық!

Өлеңдегі негізгі ойды атаңдар:

Ол- оқу, білім,бәрі де еңбекпен табылатыны.

Ендеше бүгін сабақта біз көп еңбектеніп, жақсы нәтижеге жетуіміз керек.

Жаңа тақырыпқа кіріспе:

«Табиғат – менің өз үйім».

Неге табиғатты біз өз үйіміз деп атаймыз?

Табиғаттан адам не алады?

Әр топ өз ойларын жазып, қорғайды.

Ендеше біз бүгін сіздермен табиғаттың маңызды бір бөлігі табиғи су туралы сөз қозғаймыз.

Балалар! Табиғатта су қалай таралады? Қандай түрде бізге кездеседі?

Өзен, көл, бұлақ, теңіз, мұхит, жер асты сулары.


ІІІ Жаңа тақырып:

Ы.Алтынсариннің «Өзен» өлеңі.Алдымен өлеңді оқымас бұрын біз Ыбырай атамыз туралы не білетінімізді еске түсірейік.

Ыбырай Алтынсарин кім?

Слайд.( қысқаша мәлімет)

Ы.Алтынсаринның шығармаларымен сендер жақсы танисыңдар. Мына берілген үзінділер Ыбырай атамыздың қай шығармасынан алынғанын айтыңдаршы:

1.Бұл ертегіде кейіпкерлер жақсылыққа жақсылық бар екенін дәлелдемекші болды. («Баланың айласы»)
2. «Ей, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол!» («Таза бұлақ»)
3. Айшылық алыс жерлерден

Көзді ашып-жұмғанша

Жылдам хабар алғызды. («Өнер, білім бар жұрттар»)

4. Сауысқанның тамағы

Шоқуменен табылған. («Кел, балалар, оқылық»)

ІҮ. Енді Ыбырай атамыздың «Өзен» атты өлеңін оқимыз.

Мен өлеңді оқимын, ал сендер ілесіп іштей оқып, түсініксіз сөздер кездессе, қарындашпен астын сызып қойыңдар.

А) Өлеңді мәнерлеп оқу.

ә) Әр шумақты жекелеп талдау.

І шумақтағы « Арқыраған, сарқыраған, жарқыраған» сөздерін қалай түсінесің? Өзен неге солай ағады деп ойлайсыңдар?

Жауабын бірінші шумақтан іздеңдер. (Таудан ағатын өзен)



Ү. Сергіту сәті.

ҮІ. Дәптермен жұмыс: Сөздік

Мақсаты: түсініксіз сөздердің мағынасын, ашу, қолдана білуге үйрету.



Қынарда- жағада

Жанабында- маңайында

ІІ шумақтағы қынарда сөзінің орнына жағада деген сөзді қойып оқып көріңдер.

ІІІ шумақтағы жанабында деген сөз орнына маңайында деген сөзді қойып, оқып көріңдер.

ҮІІ. Өлеңді әр топқа бір шумақтан оқыту, талдау.

Балалар! Осы өлеңдегі өзен таудан ағып жатқанын айттық. Ал енді өзіміздің тұрған жерімізде қандай су қоймасы бар?

Қазақ «Сулы жер – нулы жер» деп тегін айтпаған. Өзендер бойында қалың орман, шабындықтар өсіп, жан – жануарлар, балықтар мен құстардың көптеген түрлері мекендейді.

ҮІІІ. Қорытынды: Әр топқа тапсырма беріледі.

1-топ: Ыбырай Алтынсарин кім?

2-топ: Ыбырай Алтынсарин шығармалары.

3-топ: Ыбырай Алтынсариннің бір өлеңін жатқа айту.

4- топ: Бүгінгі тақырып бойынша сурет салу, әңгімелеу

ІХ.Үйге тапсырма:

1. Өлеңді мәнерлеп оқу.

2. Қазақстан өзендерінің аттарын дәптерге жазып келу.

3.Жазғы өзеннің суретін салу.



Х. Бағалау.Топ басшысы әр оқушыға баға береді. Соңынан мұғалім қорытынды бағаны қояды.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет