Сабақ тақырыбы: п 15. Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс Сабақтың мақсаты


Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері



бет6/7
Дата09.06.2020
өлшемі63,5 Kb.
#63273
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
4.Жартылай көшпелілердің діни наным-сенімдері жайлы деректерде не дейді?

1.Таңбалытас

2.Күлтегін

3.Ұлы Жібек жолы

4.Тараз қаласы, Ақбешім қаласы

5.Ислам діні



ІІІ.Қорытынды.

ІV.Жаңа сабаққа кіріспе:

а/бүгінгі күн

б/сабақтың мақсаты мен тақырыбын таныстыру.

«Көшпелі және отырықшы өркениеттер арасындағы байланыс»



V. Жаңа сабақ:

1.Өркениет дегеніміз не?Мұғалім сөзі:

Өркениет- өркендеген немесе дамыған мемлекет деген ұғым. Алайда алғашқы көшпелілер өркениетін дәл бүгінгі өркениеттің тұрғысынан түсінбеу керек.

Көшпелілер өркениетін темір дәуірінің алғашқы кезіндегі ру-тайпалардың тіршілік көздерінің дамуы көріністері ретінде түсінген жөн. Көшпелілер сан мыңдаған басы артық төрт түлік мал өсірген. Олар материалдық және рухани игіліктерін өздері ғана пайдаланып қоймай, басқа да өркениетті елдермен байланыс жасаған. Қару-жарақ, құрал-саймандарды, әсіресе металл өңдеудің өркендеуі, әйгілі аң стилінде жасалған бұйымдарды өнердің дамуында ерекше орын алған. Олар бүгінгі таңдағы мәдениетіміздің дамуына үлес қосқан.

Археологиялық зерттеулер көшпелілер өркениетінің бар екенін дәлелдеді. Шындығында бұл екі өркениет бір-бірінсіз өмір сүрмеген. Олардың байланысы ежелгі дәуірлерден-ақ белгілі.

Енді жаңадан бой көтерген қалаларға саяхатқа барайық.

-б.з.д VІІ- V ғасырларды Қазақстан қай елдермен өркениетті қарым-қатынас жасаған?



Жауап: Қазақстан мен Орталық Азияны мекендеген тайпалар Қытай, Ассирия, Мидия,Персия сияқты елдермен өркениетті қарым-қатынас жасаған.Әрине бұндай байланыстар бірде тату, бірде соғыс жағдайында болған.

- Жазба деректер мәліметтері бойынша қарым-қатынас барысында көптеген көрші мемлекеттермен өркениет байланыстарының болғандығы айтылады, мысалы қай елдермен ?



Жауап: Ұйғарақтағы ы д ы с, моншақтар, Пазырықтан Алтай өлкесіндегі жібектен жасалған ат жабу. Жібектен және жүннен жасалған бұйымдар Оңтүстік және Батыс Еуропа жерлерінен б.з.д VІ- V ғасырларда қабірлерден табылған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет