Өткен тақырып бойынша сұрақтар:
С-1: Пайыз деп нені айтады?
С-2: Пайыз бөлшекпен қалай жазылады?
С-3: Бөлшек пайызбен қалай жазылады?
С-4: Берілген санның пайызы қалай табылады?
С-5: Пайызы бойынша санды қалай табамыз?
Пайыз сөзі - «жүзден бір үлес» дегенді білдіреді . Процент – Кез келген шаманың жүзден бір үлесі: жол, масса, аудан, көлем… «процент» сөзінің белгісі де берілген - %
Процентті ондық бөлшек ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 бөлу немесе 0,01 көбейту керек
Мысалы :
125%= 125:100=1,25 немесе
125%=125 * 0,01= 1,25
Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады.
Ондық бөлшекті процент ретінде өрнектеу үшін, бұл санды 100 көбейту керек
Мысалы :
0,7 = 0,7 * 100% = 70%
0,45 = 0,45 * 100% = 45%
Презентациядағы сұрақтарға балалар жауап көрсетіп отырады.
Жалпы бөлік, үлестер арқылы 50,25,75 проценттердің шамасына бірнеше мысалдарды оқушылардың өзіне өмірден мысалдар келтіруін талап етеді.
1.Есеп.Тігін фабрикасы 1500 костюм шығарды. Оның 40% жаңа костюмдер түрі . Фабрика неше жаңа костюмдер шығарды? Шешуі:
1500-і -100%-ті құрайды
1500:100 =15 костюм 1%-ті құрайды.
15*40=600 жаңа костюм түрі
Жауабы: 600 жаңа костюм түрі
2.Есеп. Математикадан бақылау жұмысында «5» деген бағаны 15 оқушы алды,бұл барлық оқушының 50%. Сыныпта неше оқушы?
Шешуі :
Белгісіз сан -100%
15 : 50 =0,3 оқушы 1% құрайды
0,3*100 = 30 Сыныпта оқушы
Жауабы: 30 Сыныпта оқушы
3.Есеп. 1800 га жердің 558 га жеріне картоп егілді. Жердің қандай бөлігінің процентіне картоп егілді?
Шешуі:
1800 га -100%- ті құрайды.
1) 1800: 100 =18 га 1% құрайды
2) 558 : 18 = 31; 558 га 31% құрайды.
Жауабы : 558 га картоп 31%құрайды
4.Есеп. 2008 жылы қалада 40000 адам тұрды.
2009 жылы қала тұрғындары 8%-ға өсті. Ал 2010 жылы2009 жылмен салыстырғанда –9%-ға өсті.
2010 жылы қалада қанша адам тұрды?
Шешуі:
2009 ж. тұрғындар : 100% +8% =108% (1,08)
400*1,08 =43200 (адам)
2010 жылы тұрғындар: 100% +9% =109% (1,09)
43200 *1,09= 47088 (адам)
Жауабы : 47088 адам
Жұптық жұмыс.
Есеп 1. Мектепті жөндеу кезінде 28 әйнектің 10 пластикаға ауыстырды. Барлық әйнектің қанша процентін пластикалы әйнек құрайды?
Есеп 2. «Элекс» дүкені компьютерлі техникаларды 12%жеңілдікпен жаппай сатылым туралы хабарландырды. Мен ата-анамнан 118000 теңгенің ноутбугын сатып алуын сұрадым. Ноутбук канша тұрды?
Оқушылар жұптаса отырып «Карусель» әдісі бойынша бірін – бірі тексеріп бағалайды.
|