Сабақ тақырыбы Паскаль заңы. Сұйықтық ішіндегі қысым. Қатынас ыдыс. Гидравликалық пресс. Есептер шығару



бет1/8
Дата04.08.2017
өлшемі1,03 Mb.
#22666
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Физика



Мұғалім

Кененбаева Айнур Ахметжановна

Мектеп, сынып

Шымкент қаласы ФМБ НЗМ, 7 «В», 7 «Е», 7 «G» сыныптары

Сабақ тақырыбы

Паскаль заңы. Сұйықтық ішіндегі қысым. Қатынас ыдыс. Гидравликалық пресс. Есептер шығару.



Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.2 газ қысымы бейберекет қозғалатын молекулалардың соқтығысуларына негізделенетінін түсіндіру.

7.3.1.3 қысым мен тығыздық теңдеулерден р = ρgh формуласын шығару және оны қолдану.



Жеке кәсіби даму мақсаты

Дифференсациялық тапсырмаларды беру арқылы оқушылардың зерттеу қабілетін дамыту.

Сабақ мақсаттары

Сұйықтықтардағы қысым формуласы мен анықтамасын біледі.

  • Қатынас ыдыстардың түрлерін біледі.

Жетістік критерийлері

Газ қысымының пайда болуын түсіндіреді.

Сұйықтықтарда ауырлық күші әрекетінен пайда болатын қысымды есептейді.



Тілдік мақсаттар


Қатты заттардағы қысым …

Сұйықтықтардағы қысым ….

Газдардағы қысым……

Кысым артады /азаяды …

Газдар туралы айтқанда (менің ойымша) қысым үлкенірек/кішірек бола алады …

Басқа физикалық шамалар сияқты қысымның да өлшем бірлігі …. болады.



Құндылықтарды дарыту


Оқушыларды оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыру мен оларға түсінік беруге үйрету. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар, әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

«Математика» бағдарламасынан күшті бағытпен көрсете білуі және онымен жұмыс істей алуы тиіс. География сабағынан масштабты біледі.

АКТ қолдану дағдылары

Электронды оқулықтан немесе интернет көздерінен мини-видеолар тамашалау барысында оқушылардың мобильділік дағдысы қалыптасады. Барлық оқушыларға көруге мүмкіндік беру мақсатында заттардың модельдерін интерактивті тақта арқылы көрсету барысында оқушылар сол үдерісті жан-жақты шынайы сезіммен түсіне алады.

Бастапқы білім

Оқушылар:

  • Ауырлық күші шамасын біледі.

  • Еркін түсу үдеуінің шамасын біледі.

  • Үйкеліс күшінің шамасын біледі.

  • Үйкеліс коэффициентін таба алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар




Сабақтың басы

5 мин

15 мин

10 мин


5 мин

5 мин

7 мин

15 мин



14 мин

2 мин


Ұйымдастыру кезеңі:

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Үй жұмысын тексеру. Мұғалім ағылшын тілінде ұйымдастыру кезеңін жүргізеді. Оқу мақсаттарымен таныстырады.

Қосымша № 1. Қалыптастырушы бағалау. Жеке жұмыс. Өзгені бағалау.



Бағалау критерийі

1. Қысым формуласын және анықтамасын біледі.

2. Қысым формуласын есеп шығаруда қолдана алады.

3. Есеп шығару барысында ХБЖ пайдалана алады



Жаңа сабақ: Жаңа сабақ тақырыбы мен оқу мақсаты презентация арқылы таныстырылады. Мұғалім АКТ қолданады.


http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10689

http://bilimland.kz/kk/home#lesson=10685

Оқушылар видео жайлы өз ойын айтады. Сыныптар арасында талқылау жүреді.

Қосымша № 1. Логикалық тапсырма. Суретке қарап сұйықтықтардағы қысым мен қатынас ыдыстарды сипаттап береді. Жұппен жұмыс жасайды. Өзгені бағалау.

Дескриптор

1. Суреттерге қарап қатынас ыдыстарды анықтай алады.

2. Сұйықтықтардағы қысым формуласын біледі.

3. ХБЖ-не физикалық шамаларды айналдыра алады.


Сергіту жаттығу

https://www.youtube.com/watch?v=nl1tamnjDFE

Қосымша № 2. Тақырыптық тест. Жеке жұмыс. Өзгені бағалау.

Дескриптор



  1. Сұйықтықтардағы қысым формуласын біледі.

  2. Қатынас ыдыстарын ажырата алады.

Қосымша № 3. Деңгейлік тапсырма. Дифференсациялық тапсырма. Жеке жұмыс жасайды. Өзін бағалау. Мұғалім коментариі.

Дескриптор


  1. Сұйықтықтардағы қысым формуласын біледі.

  2. Қысым шамасының қосымша өлшем бірліктерін біледі.

Қосымша № 4. Құрылымдық тапсырма (ағылшын тілінде). Жеке жұмыс жасайды. Өзгені бағалау.

Descriptor

1.You know the pressure formula.

2. SI can turn to physical quantities.

Сабақты қорытындылау. Оқушыларды бағалау.


Үлестірмелі қағаз

Интернет желісі
Үлестірмелі қағаз

Үлестірмелі қағаз


Үлестірмелі қағаз



Сабақтың соңы

1мин
1 мин



Рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты түсінгеніңді өзің бағалап, төмендегі белгілерді қой:

Жасыл - жақсы ұқтым.

Сары - бірнеше сұрақтарым бар.

Қызыл – ұқпадым.



Үйге: § 34, 16 жаттығу.




Саралау: Оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау: Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Бұл тарауда қабілеті жоғары оқушыларға деңгейлік есептер беріледі. Барлық тапсырманы орындау кезінде уақытынан бұрын тапсырманы орындаған оқушылар үлгермей жатқан оқушыларға көмектеседі.

Саралау әдісі уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады

Оқушылардың қабылдау деңгейіне байланысты күрделілігі әртүрлі есептер Үйкеліс күшіне беріледі.

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз.

Оқушылардың эксперименттік жұмыс жүргізу дағдылары бағаланды. Жұмыс жоспарын жасады.


Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары.

Техника қауіпсіздік ережелері ескертілді.

Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Оқушылар белсенді. Оқыту тәсілін түрлендіру.
2. Презентацияны пайдалану сабақтың сапасын арттырды.
Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1. Жетектеуші сұрақтар беру қажет.
2. Топтық, жұптық жұмыстар жүргізу.
Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


Қосымша № 1. Бағалау таратпа қағаздары


Пәні: Физика

Аты- жөні:

Сынып: 7

Бөлім 7.3В Қатты денелердің, сұйықтықтар мен газдардың қысымы


Оқу мақсаты:

7.3.1.1 Қысым терминін түсіну және оны мына формула бойынша есептеу: қысым = күш / аудан;

қолдану;

7.1.1.5 Сандарды стандарт түрде жазған кезде еселік және үлестік қосымшаларды білу және қолдану:



микро (μ), милли (m), санти (c), деци (d), кило (k) және мега (M).


Дағдылар

Жетістік критерийі

Егер тапсырманың 80 %-н орындаса оқушы оқу мақсатына жетеді,

Білу және түсіну

Қатты денедегі қысым ұғымын біледі, оның пайда болу себебін түсінеді.

Білімді қолдану

Қатты денедегі қысымның формуласын пайдаланып есептеулер жүргізе алады.

  1. Қысым деген не?( Қатты дене үшін)

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қатты дене үшін қысым қалай анықталады?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________




  1. Суретте көрсетілген қай жағдайда тірекке үлкен қысым түседі? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) 1 жағдай.

Ә) 2 жағдай.

Б) бірде



  1. Егер адам бір аяғын көтерсе еденге түсетін қысым қалай өзгереді? Неге?

_____________________________________________________________________________________


  1. Бірдей екі адамның біреуі еденде, екіншісі диванда жатыр. Қайсысы үлкен қысым түсіреді? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) Бірінші.

Ә) Екінші.



Б) Екеуі де бірдей қысым түсіреді.


  1. Қай суреттегі кірпіштер тіреуге көп қысым түсіреді? Неге?




  1. Массасы 70 кг адам қарда шаңғымен тұр. Әр шаңғының ұзындығы 30 см, ені 10 см. Адам қарға қандай қысым түсіреді

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Суретте көрсетілгендей бір кірпіш екінші кірпіштің үстінде тұр. Суретте сәйкес қабырғаларының ауданы көрсетілген. Бірінші кірпіштің екінші кірпішке түсіретін қысымын олардың тіреуге түсіретін қысымымен салыстыр (сан мәнін көрсет).

__________________________________________________________


_________________________________________________________________________________

  1. Салмағы 150 Н, ал ауданы 3 м2 кілем еденге қандай қысым түсіреді?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Массасы 50 Н жүкті қойып тірекке 105 Па қысым түсіру үшін ауданы қандай болу керек? Дұрыс тұжырымды көрсет.

А) 5 см2

Ә) 50 см2

Б) 500 см2


  1. Берілген қысымдарды өсу ретімен орналастыр: 5 кН/м2, 50 Н/см2, 500 Па,0,2 кПа; 20 Н/см2

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Бір дененің массасы екіншісіне қарағанда 5 есе үлкен. Осы денелер үстел бетіне бірдей қысым түсіруі мүмкін бе? Мүмкін болса қандай жағдайда?

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


  1. Қысымды қалай азайтуға болады?

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________








Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет