Сабақ тақырыбы: ПӘНІ: химия сыныбы: 9 бағыты: жаратылыстану математика



бет1/4
Дата21.07.2017
өлшемі1,62 Mb.
#21322
түріСабақ
  1   2   3   4
АТЫРАУ ОБЛЫСЫ

ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ

9 ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕП



Сабақ тақырыбы:



ПӘНІ: ХИМИЯ

СЫНЫБЫ: 9

БАҒЫТЫ: ЖАРАТЫЛЫСТАНУ – МАТЕМАТИКА

ХИМИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ: АЛТЫБАЕВА АЖАР ӘЛИҚЫЗЫ
ҚҰЛСАРЫ ҚАЛАСЫ

2015ЖЫЛЫ

Бекітемін___________ Қысқа мерзімді сабақ жоспары

Апта-15

Күні- 9.12.2015ж.

Сыныбы: 9 «а» 27 –сабақ

Сабақ тақырыбы

Силикаттар. Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар. Қазақстандағы силикат өнеркəсібі

2 Көрсетілім (2.6)



Сабақ мақсаты

Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттерін естеріне түсіре отырып, салыстыру арқылы кремнийдің қасиеттері туралы жаңа білім беру, кремнийдің қолдануы жөнінде түсінік беру.

Оқушылар жүйелі ойланып, саналы түрде жауап беру үшін химия тілінде сөйлей білуге тәрбиелеу. Шығармашылық деңгейлерін дамыту.



Сілтеме

Білім стандарты, пән бағдарламасы, Н.Нұрахметов «Химия» 8-сынып оқулығы , К.Жексенбина әдістемелік нұсқау.

Күтілетін нәтижелер

-Кремнийдің таңбасын, алынуын және таралуын, физикалық қасиеттерін біледі.

-Химиялық реакция теңдеуін құрудың басты шарттарын негізге алып кремнийдің химиялық қасиеттерін анықтайтын теңдеулер

құрастырады.


Сабақта қолданылатын модульдер

СТО, ОүБ және ОБ, ОЖТ, (диалогтық оқыту), АКТ, ОБжәне К, ТжДбо



Сабақтың әдісі

Серпілген сауал, Артық болмас білгенің, РАФТ, Ойлан, жұптас, талқыла, Кері байланыс «Білім ағашы»

Тапсырмалар

1-тапсырма Білу «Серпілген сауал» (СТО, Диалог)

Сұрақ қою, жеке жұмыс

Көміртек және оның қосылыстары туралы еске түсіру.


Түсіну

Жаңа сабақтың СТАРТЕРІ ретінде Бейнебаян көрсету.

2 Көрсетілім (2.6)



2-тапсырма Қолдану

«Артық болмас білгенің» Презентация қорғау Жеке жұмыс

(Дарынды баламен жұмыс)

Кремний және оның қосылыстары. Қазақстандағы силикат өнеркəсібі.

Силикаттар. Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар туралы айту.


3- тапсырма Талдау

«РАФТ»әдісі (СТО, ОЖТ, Диалог зерттеушілік әңгіме)Топтық жұмыс, зерттушілік әңгіме,рөлдік ойын

1-топ.Кремнийдің периодтық жүйедегі орны. Атом құрылысы.

Қасиеттері. Қолданылуы туралы зерттейді

2-топ Кремний оксиді туралы зерттейді

3-топ Кремний қышқылы туралы айтады

4-топ Кремний қышқылының тұздары. Силикат өндірісі туралы айтады

 Осы тапсырмалар бойынша әр топқа берілген мәтін бойынша рөлдік ойын арқылы қорғайды.


4 -тапсырма Жинақтау Бағалау.

«Ойлан, жұптас, талқыла » Есептер шығару Жұптық жұмыс

(барлық оқушыны қамту үшін)

Тақырыпты қорытындылау мақсатында жұптастырып есептер беру, және оқушылар бірін-бірі бағалайды.


Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары. Мұғалім және оқушы немен айналысады

Бөлімдері/

уақыты:

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру формасы

Бағалау

Ресурс

І. Кіріспе бөлімі

(2мин)


а) Ұйымдастыру

Тренинг: Шеңбер құрып тұруТоптастыру: Сынып оқушыларын жаңа өтетін тақырып бойынша топқа бөлемін. 1-топ “Кәдімгі шыны” 2-топ “Термиялық шыны” 3-топ “Хрусталь шыны”4-топ “Боросиликатты шыны” 

Топтық ережені еске түсіріп психологиялық ахуалын жоямын. «Өзін-өзі сендіру формуласы» тренингін өткізу: (қосымша бетте -2)



Тренинг: Оқушылар шеңбер болып тұрады.

Топтастыру: Мұғалім ұсынған кағазды алып топтасып отырады.

Сабаққа әзірлеу.

Топпен бірлесе топ ережесін еске түсіреді


Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.

Формативті бағалау,

Жетістік критерийі бойынша бағалау



Қиылған қағаз,

оқулы, слайд



(8мин)

б)Уй жұмысын тексеру

Өткен сабақты оқушылар өздері дайындаған презентациясын қорғау арқылы үй тапсырмасын айтады және



«Серпілген сауал» 

әдісімен оқушыларға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап бір ұпай арқылы өзін-өзі бағалап отырады.

«Көміртек» тақырыбына слайд жасап оны қорғап айтады және «Серпілген сауал»арқылы үй тапсырмасын қорытындылау

1.Көміртектің электрондық формуласы. (1s22s22p2)


2.Көміртектің қандай аллотропиялық түр өзгерістері бар? (Алмаз, графит,карбин)
3. Көміртектің валенттік электрондар саны нешеге тең? (4)
4. Көміртектің кристалдық торы қандай? (Атомдық)
5. Адсорбция дегеніміз не? (Өз бетінде газ және басқа еріген заттарды сіңіру құбылысы)
6. Алмаз токты қалай өткізеді? (Токты өткізбейді, ол оқшауланған)
7. Алмаздың кристалдық торының пішіні қандай? (Тетраэдр пішіндес)
8. Графиттен алмаз алуға бола ма? (Жоғары температурамен қысымда жасанды алуға болады)
9. Көміртектің металмен қосылысы қалай аталады? (Карбид)
10. Көміртек сутекпен әрекеттескенде қандай қасиет көрсетеді? (Тотықтыртырғыш)
11. Көміртектің адсорбциялық қасиетінің адам ағзасына қандай әсері бар? (Адам ағзасын улы газбен еріген заттардан тазартады)

Сұрақ қою

Жеке жұмыс

СТО, ОЖТ, Диалог,ОүБжОБ.

Барлық оқушыларды қамту үшін.



Смайлик арқылы формат.бағалау

Бағалау парағы, қиылған қағаз,

смайлик


ІІ Негізгі бөлім

Тұсаукесер (4мин)



Жаңа сабақтың СТАРТЕРІ ретінде Бейнебаян көрсету

(Кремний және оның қосылыстары)

Оқушылар дәптерлеріне тақырыпты

жазып алады.

Жаңа тақырыппен жұмыс.


Сұрақ қою.

Бас бармақ арқылы кері байланыс

Видео корсету

А) (жаңа тақырыпты ашу)(7 мин)

«Артық болмас білгенің»

Кремний және оның қосылыстары. Қазақстандағы силикат өнеркəсібі.Силикаттар. Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар туралы айту. Жаңа сабақты оқушылар топ атауларына байланысты презентация қорғау арқылы ашады.



«Артық болмас білгенің»

Презентация жасап қорғау

Әр топтан дайындалған «Кремний элементіне сипаттама»,«Қазақстандағы силикат өнеркəсібі.», «Кремний негізінде жасалған жартылай өткізгіш материалдар» тақырыптар аясында оқушылар презентацияларын қорғайды.


Жеке жұмыс

СТО, ТжДбо,

АКТ,ОүБжОБ,

ОЖТ,көшбасшы.

Дарынды баланы анықтау үшін.


Жеке табыс критерийі,

барлық оқушылардан

бас бармақ арқылы білу


Слайд,

бағалау парақшасы.



(10мин)

«РАФТ»әдісі

Топтық жұмыс, зерттушілік әңгіме,рөлдік ойын.

Әр топ рөлге еніп берілген тақырыпшаларды қорғайды.


«РАФТ»әдісі

Топтық жұмыс, зерттушілік әңгіме,рөлдік ойын

1-топ.Кремнийдің периодтық жүйедегі орны. Атом құрылысы.

Қасиеттері. Қолданылуы туралы зерттейді

2-топ Кремний оксиді туралы зерттейді

3-топ Кремний қышқылы туралы айтады

4-топ Кремний қышқылының тұздары. Силикат өндірісі туралы айтады.


Топтық жұмыс

СТО,ОЖТ, Диалог,

зерттеушілік әңгіме,ОБжК,

ТжДбо,ОүБжОБ.




Топ бір-бірін критерий бойынша бағалайды.

Плакат,

тақырыпшалар,оқулық бағалау парақшасы.



ІІІ Қорытынды бөлім.(10мин)

Үйге тап.(2мин)

Бекіту «Ойлан, жұптас, талқыла» Есептер шығару. Жұптық жұмыс.

Қосымша бетте -1(Есептер)



«Ойлан, жұптас, талқыла » Оқушылар жұптасып карточкада берілген есептерді шығарады.Қосымша бетте -1(Есептер)

Жұптық жұмыс

АКТ, СТО, ОЖТ, ТжДбо, ОЖЕСО.



Бірін-бірі смайлик арқылы бағалау.

Бағалау парақшасы,

карточка



§25,26 Кремний және оның қосылыстары. Тақырыптың соңындағыА,В,Сжаттығуларды орындап келу.

Тақырыпты оқып келеді.Әр оқушы Тақырыптың соңындағы есептерді шығарып келеді.

АКТ,СТО

(есеп құрастыру)




Оқулық



Кері байланыс

(2мин)


«Білім ағашы» стикерге

1-бөлік позитивті комментарий,не ұнады.;

1-бөлік сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек;

3-бөлік келешекке арналған комментарий;маған ұнады,бірақ келесі жолы.... жазуды айтамын.



Сабақ барысында әр тапсырма бойынша не ұнағаны,алдағы уақытта жақсартуға болатын жұмыстар және ұнаған ұсыныстарын жазып кетеді.

Жеке жұмыс

Өзін-өзі реттеу

Блоб ағашы, Стикер-лер

Қосымша бетте -1(Есептер)

1. Мен № 4 үйдің  14-ші пәтерінде тұрамын.

Көбінесе  8-ші пәтермен араласып тұрамын. Кәдімгі жағдайда №9 пәтермен араласамын. №17, №35 №16 пәтерлермен  араласып тұрамын. Мүмкін болса, осы жұмыстарды жүргіз. Жауабы: Si , O  ,F , Cl  ,Br , S.



2. Мына айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар: 
кремний → кремний оксиді → натрий силикаты → кремний қышқылы → кремний оксиді 
Si → SiO2 → Na2SiO3 → H2 SiO3 → SiO2 
1. Si + O2 = SiO2 
2. SiO2 + 2NaOH = Na2SiO3 + H2O 
3. Na2SiO3 + 2HCl = H2 SiO3↓ + 2 NaCl 
4. H2 SiO3 → SiO2 + H2O 

3. Кәдімгі шынының құрамында 13% натрий оксиді, 11,7% кальций оксиді және 75,3% кремний (ІҮ) оксиді болады. Осы берілгендерге сүйене отырып, шынының құрамын өрнектеңіздер. 
Берілгені: w(Na2O) = 13% Шешуі: 
W(CaO) = 11.7% x:y:z = 13/62: 11,7/56 : 75,3/60 = 
W(SiO2) = 75,3% 0,2097 : 0,2089 : 1,255 = 1 : 1 : 6 
Табу керек: x Na2O∙ y CaO ∙z SiO2 Na2O∙ CaO ∙6 SiO2 

4. Өндірістік есеп 
№1. 1 т шынының түрін өндіруге қажет шикізаттарды есептеңіздер? 
1-топ “Кәдімгі шыны” 
Берілгені: m (Na2O• CaO •6SiO2) = 1 т =1000кг 
Табу керек: m(Na2CO3) - ? 
m(CaCO3) - ? 
m(SiO2)- ? х1 х2 х3 1000кг 
Шешуі: Na2CO3 + CaCO3 + 6SiO2→ Na2O• CaO •6SiO2 + 2СО2 
106кг 100кг 6•60кг 478кг 
Х1= 106*1000/478 = 222 кг (Na2CO3) 
Х2= 100*1000/478 = 209 кг (CaCO3) 
Х3= 360*1000/478 = 753 кг (SiO2) 

5. 2-топ “Термиялық шыны” 
Берілгені: m (К2O• CaO •6SiO2) = 1 т =1000кг 
Табу керек: m(К2CO3) - ? 
m(CaCO3) - ? 
m(SiO2)- ? х1 х2 х3 1000кг 
Шешуі: К2CO3 + CaCO3 + 6SiO2→ К2O• CaO •6SiO2 + 2СО2 
138кг 100кг 6•60кг 510кг 
Х1= 138*1000/510 = 271 кг (K2CO3) 
Х2= 100*1000/510 = 196 кг (CaCO3) 
Х3= 360*1000/510 = 706 кг (SiO2) 
3-топ “Хрусталь шыны” 
Берілгені: m (PbO• K2O •6SiO2) = 1 т =1000кг 
Табу керек: m(PbCO3) - ? 
m(K2CO3) - ? 
m(SiO2)- ? х1 х2 х3 1000кг 
Шешуі: K2CO3 + PbCO3 + 6SiO2→ PbO• K2O •6SiO2 + 2СО2 
138кг 267кг 6•60кг 677кг 
Х1= 138*1000/677 = 204 кг (K2CO3) 
Х2= 267*1000/677 = 394 кг (PbCO3) 
Х3= 360*1000/677 = 532 кг (SiO2) 
4-топ “Боросиликатты шыны” 
Берілгені: m (Na2O• CaO •5SiO2•B2O3) = 1 т =1000кг 
Табу керек: m(Na2CO3) - ? 
m(CaCO3) - ? 
m(SiO2)- ? 
m(B2O3)- ? 
х1 х2 х3 х4 1000кг Шешуі: Na2CO3 + CaCO3 + 5SiO2 + B2O3 →Na2O• CaO •5SiO2 •B2O3+ 2СО2 
106кг 100кг 5•60кг 66кг 484кг 
Х1= 106*1000/484 = 219 кг (Na2CO3) 
Х2= 100*1000/484 = 207 кг (CaCO3) 
Х3= 300*1000/484 = 620 кг (SiO2) 
Х4 = 66*1000/484 = 136 кг (B2O3) 
(қосымша бетте -2)
«Өзін-өзі сендіру формуласы» тренинг
- Мен толығымен өзімді бақылаймын. Мен өз жолымдағы қиындықтарды көріп тұрмын

және мен оларды жеке өсуімнің мүмкіндіктері деп қабылдаймын; - Менің өзіме деген сенімділігім күн сайын артуда;

- Менің өз мақсаттарыма қол жеткізуге жағдайым бар және мен қол жеткіземін;

- Мен өзімді бақытты, дені сау және сәтті оқушы ретінде елестетемін;

- Мен өзімді қалай елестетсем, сондай боламын;

- Мен сабырлымын және өзіме өзім сенімдімін.




Бағалау парағы Топтың атауы ____________________________





Оқушының аты-жөні

1-тапсырма

Үй тапсырмасын тексеру

Жеке жұмыс

2-тапсырма

Презентация қорғау

Жеке жұмыс

3-тапсырма

Рөлдік ойын

Топтық жұмыс

(табыс критерий)



4-тапсырма

Есептер шығару

жұптық жұмыс

Жиынтық баға

Әр смайлик бір ұпай.

Смайлик

Бас бармақ

Ұпай 1-3

Смайлик

1



















2



















3



















4



















5



















6



















7



















8




















1-2 ұпай - «3»

1-3 ұпай – «4»

1-5 одан жоғары ұпай – «5»


Табыс критерийі Топтың атауы:_____________

3 – тапсырма «Ролдік ойын»


1 ұпай арқылы бағалап отыру

1 Тақырыпты аша алды.





2 Рөлге еніп өз қабілеттерін аша білді.





3 Эстетикалық талғамға сай болды.





Жалпы ұпай









Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет