Эссе «Мен таңдаған мамандық»
Бүгінгі таңда мемлекеттік тіліміздің мәртебесі жыл өткен сайын артуда.Тәуелсіз Қазақстанның ел басқарушысы Нұрсұлтан Әбішұлының кезекті Жолдауында қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, дамыту және жетілдіру мәселелері сөз болғаны баршамызға белгілі.
Сондықтан да қазақ тілі сабақтарында ұстаздар оқытудың жаңаша әдіс- тәсілдерді енгізуде. Мен де осы мәселе төңірегінде өз үлесімді қоспақпын.
Қазіргі таңда мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне оқытуда ұстаздар алдында тұрған өткір мәселелердің бірі оқушылардың қазақ тілі сабақтарында тілдесім әрекетінің төмендеуі. Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының жеке тұлғалық күшін арттырып, шығармашылық ойының дамуында басты рөл атқарады. Сондықтан да менің мақсатым оқушылардың қазақша сөйлеу деңгейін көтеру үшін сабақта оқушыларға жеңіл әрі ұғынықты болатындай мәлімет беру, оны жан-жақты талқылау.
Модель – барлық ұғымдар сурет арқылы есте сақталатын схемалар, белгілер, арқау болатын сөздер.Модель оқушыға ұғыммен өзара байланысты болатын білім тарату түрі.Ол оқушыға әрекет әдістерін нақтылауға, оқу міндеттерінің жаңа нұсқаларын шешуді қолдануда көмектеседі. Модельдеу әдісі арқылы барлық жаңа ұғымдар, ережелер модельдер арқылы жүзеге асырылады. Оқушылар салыстыруды, ойлауды, өз ойларын айтуды, ұғымды түсіндіруді үйренеді.
Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі.
Оқушының сөйлеу тілін дамыту үшін әр түрлі тақырыптар бойынша модельдер құрып, әртүрлі оқыту модельдерін сабағымда қолданамын.
Сол модельдің бірі – ойлау моделі. Оқушылар кесте арқылы берілген тақырып бойынша ауызша сөйлейді.
Аянның отбасы
Оляның отбасы
тату тұрады
Ойлау моделі
Отбасы мүшелері
атасы
апасы
әкесі
шешесі
әкесі
шешесі
Оля
сіңлісі
Аян
інісі
Үшінші сыныпта оқиды
балабақшада
Төртінші сыныпта оқиды
Балабақ
шада
Отбасында
Қазақ тілі сабақтарында мен ең алдымен оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру керек деп ойлаймын. Сабақ неғұрлым қызықты өтсе, оқушы да сабаққа соғұрлым қызығады. Сабақ қызықты өту үшін әр сабағымды ерекше өткізуге тырысамын. Сол сабағымның бірін өздеріңізге ұсынып отырмын. Лабиринт сабағы оқушылардың білімін тексеру және жүйелеу сабақтарында, кез келген тақырып бойынша ұйымдастыруға болады. Лабиринт сабағының мақсаты оқушының өзіне деген сенімділігін арттыру, бір- біріне қолдау көрсетуге баулу, ұжым арасында көшбасшыны анықтау.
2 сынып оқушыларымен «Білгіштер бекетіне саяхат» атты лабиринт сабағын өткіздім. Сынып сипаттама берер болсақ, сынып мектептегі ең мықты сыныптардың бірі. Білім сапасы – 85 пайыз. Оқу озаттары- 6 оқушы, екпінділер – 4, 3 пен – 2 оқушы, үлгермейтін оқушы жоқ.
Сабағымның мақсаты: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша білімдерін жүйелеу,саралау, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, өз беттілікті, ойлауды, топтастыруды, өз ойының дұрыстығын дәлелдеуді үйрету. Шығармашылыққа баулу ,«лабиринт» сөзінің мағынасын түсінуге көмектесу, бір-бірімен мейірімді қарым-қатынас дағдыларына тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Лабиринт сабағы
Жұмыс түрі: топтық.
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, әр өткелдегі тапсырмалар, лабиринт суреті.
Сабақ барысы:
І Мотивациялы- мақсаттық кезең.
1. «Мейірімділік шеңбері»
- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме өте қуаныштымын. Бүгін біз сендермен тату, бір-бірімізге көмектесуге шақырамын.Олай болса барлығымыз тақтаға шығып, «Мейірімділік шеңберін» жасап, сабағымызды жақсы тілектер айтудан бастайық.
«Мәселелі сұрақ»
Біздің бүгінгі сабағымыз ерекше өтпек. Өздерің көріп отырғандай, сыныптағы парталар да ерекше қойылған.
Мына парталар не үшін осылай қойылған?
Неге ұқсайды?
«Адасқан әріптер»
Білмесеңдер тақтадағы адасқан әріптерден сөз құрайық, сонда сабағымыз не туралы екенін білетін боламыз.
Біздің бүгінгі сабағымыз лабиринт сабағы.
Лабиринт дегеніміз не?
«Лабиринт – дегеніміз...» класстер құру
(Мұғалім мәтін оқиды, тақтадағы дұрыс жауаптарын табу)
Олай болса біздің бүгінгі сабағымызда сендер осы лабиринтке кіріп, тапсырмаларды орындап, сабақтың соңына дейін шығуларың керек.
Сабағымыз қызықты өту үшін сендер өте мұқият болып, бір-бірімізді ренжітпеуге тырысайық. Сабағымызды бастамас бұрын, топтарымызбен танысайық.
«Топтық таныстыру»
Әр топ өздері дайындаған презентацияларын қорғайды.
-Балалар, жыл аяқталып келе жатыр, осығанға дейін барлық оқыған білімдеріңді ортаға салып, кедергілерден сүрінбей өтулеріңе тілектеспін. Олай болса іске сәт!
ІІ Операциялы- шығармашылық кезең
1 өткел: «Сөздерді жина және аудар».
Мақсаты: сөздік қорларын тексеру, ынта-ықыласын дамыту.
Буынға бөлінген сөздер шашылған. Соны құрап, аудару.
1 топ: Қа-лам, ө-шір-гіш, сей-сен-бі, көк-тем, кө-ше.
2 топ: Дәп-тер, мұ-ға-лім, бей-сен-бі, ап-та, жы-лы.
3 топ: Қа-рын-даш, тақ-та, сәр-сен-бі, са-ғат, та-за.
Талқылау:
- Сендерге тапсырма ұнады ма?
- Балалар, қиын болды ма, неге?
2 өткел: «Грамматикаң қалай?».
Мақсаты: заңдылықты қалыптастыру, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ал енді ары қарай жүреміз. Алдымызда тағы бір өткел бар екен. Оның бізге қиын бола ма екенін, орындау барысында анықтаймыз. Жақсы орындасақ, шығуға біршама жақындап қаламыз.
(Схемалық модель)
Қашан? + кім? + қайда? + барды? (м,ң)
Талқылау:
-Балалар, тапсырма ұнады ма?
-Қиын болған жоқ па?
3 өткел: «Құрастырғыш».
Мақсаты: сөздердің орын тәртібін білу дағдыларын қалыптастыру, сөздердің бір-бірімен байланысын білуге үйрету.
(Ойлау моделі)
Кесте бойынша әңгіме құрау.
Өскемен қаласы
Зырян қаласы
тату тұрады
Ойлау моделі
әр түрлі халықтар
орталық
үлкен
жасыл
шағын
әдемі
таза
Табиғаты тамаша
Ауасы таза
жастар
студенттер
Өскемен қаласында тұрамын.
Зырян қаласында тұрамын.
Отанымызда
-Балалар, сендер дұрыс бағытта келесіңдер, тығырықтан шығуға таядыңдар, тағы бір тапсырмаға тап болдыңдар.
4 өткел: «Қазақшаң қалай?»
Мақсаты: Ауызша сөйлеу қабілетін дамыту,сұраққа дұрыс, нақты жауап бере білуге дағдыландыру.
Сұрақтарға жауап беру.
1 топ .
- Оқушы сөмкесінде не бар?
-Қазір қай мезгіл?
-Саған қай пәндер ұнайды?
-Тұңғыш президентіміз кім?
2 топ.
- Сен қай қалада тұрасың?
-Бүгін аптаның қай күні?
-Мектеп қай көшеде?
-Рәміздерді ата
3 топ.
-Сен нешінші сыныпта оқисың?
-Астанамыз қай қала?
- Қазір нешінші сабақ?
- Сен неше жастасың?
Түсіндіру:
-Балалар, біз сендермен лабиринттен шығуға таядық . Алдымызда қызықты, әрі соңғы тапсырма, біз оны орындасақ, лабиринттен шығып, мақсатымызға жетеміз. Ол үшін барлығымыз орнымыздан тұрып, соңғы партаға келіп, мына берілген тапсырма бойынша шығармашылық жұмыс жасаймыз. Елбасы 2015 жылды - Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады . Сендерге тапсырма халықтар достығын, яғни «достық шеңберін» құрып, тірек сөздермен айту керек.
«Достық шеңбері»
Көшбасшыны анықтау
-Балалар, қазіргі заманға сай жеке тұлға көп тілді білетін, жан-жақты дамыған адам. Сендерде үш тілді білулерің керек. Мен сендерге жұмбақ жасырамын, сендер оның жауабын үш тілде айтуларың керек.
Мұғалім жұмбақтар жасырады, топ басшылары 3 тілге аударады.
ІІІ Рефлексия.
«Себетті толтыр»
-Менің қолымдағы себет жай себет емес, бұл ақыл себеті, сендердің не біліп, не үйренгендеріңді ішіне жинаймыз.
-Балалар, бүгін біз сендермен не істедік?
-Бүгінгі сабағымызда не ұнады?
Сол туралы әркім өз ойын айтып, мына себетті біліммен толтыруымыз керек.
Оқушылармен қоштасу.
-Балалар осымен біздің бүгінгі сабағымыз аяқталды.
-Келесі кездескеше сау болыңдар!
Қорыта айтқанда дамыта-оқыту модельдері арқылы оқытудың тиімділігі мынада:
1. Өтілген материалды толық меңгереді, өйткені сабақ сайын қайталанып, пысықталынып отырады.(Мұғалім модельдерді көрсетіп қайталап отырады)
2. Оқушы өзін-өзі тексереді,өзінің жіберген қателерін біліп отырады.
3. Талдау жұмыстарын үнемі жүргізіп отырады.Талдаудың барлық түрінде сабақ сайын қайталап отырады.
4. Білім сапасы әр сабақ сайын тексеріліп отырады,алған білімдерінің нәтижесі айқын көрініп тұрады.
5. Ойлау қабілетін арттыратын тапсырмалар орындайды.
6. Техникалық құралдарды жиі пайдаланады.(Компьютер,интерактивті тақта).
Достарыңызбен бөлісу: |