Сабақтың тақырыбы: Еңбекпен айналысу. Еңбектің нәтижесі.( 6 сынып)
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.
Сабақтың міндеттері:
- Білімділік: еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру
-Дамыту және түзету: ауызша сөйлеу ,ойлау қабілетін дамыту және түзету,тұжырым жасай білуге үйрету
- Тірбиелік: еңбек етуге, еңбексүйгіштікке,адам еңбегін құрметтеуге тәрбиелеу;
Көрнекі құралдар: таратпа карточкалары, сюжетті суреттер, жеміс ағаштары, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңінің мәтіні.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Психологиялық дайындық: Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгінгі сабағымызға сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын Шаттық шеңбері.Бір-біріне жылы сөздер айту.
Өткен тақырыпты қайталауға арналған сұрақтар
Гүл өсірсең терлеп.Мұның аты еңбек.
Кесте терсең зерлеп.Мұның аты еңбек
Домбыра мен биге,Ән мен күйге
Жүрсең күнде қатысып.Мұның аты еңбек
«Еңбек» және «жұмыс» ұғымдарын бөлек қарастыруға бола ма?
Суреттегі мамандық иелерінің жұмыс орындарын атаңдар.
Еңбекқорлық деген сөзді қалай түсінесіңдер?
Әңгімедегі пышақтардың қайсысын «жалқау» қайсысын « еңбекқор» деуге болады? Неге? Тұжырым жаса
Өздерің еңбектің қандай түрімен айналысқанды жақсы көресіңдер?
Тапсырма: Еңбек жасағанда ....... Сөйлемді жалғастыр
Жаңа тақырыпты түсіндіру жоспары:
«Еңбек - қуаныш, жалқаулық айырылмас азап»
Еңбекпен айналысу
Еңбектің нәтижесі
1)«Еңбек - қуаныш, жалқаулық айырылмас азап» бұл ұлы Абайдың сөзі
Еңбек Жалқаулық
Табыс Кедейлік
Абырой Жеккөрінушілік
Алғыс Азап
Бақыт Ауру
Денсаулық
Жоспардың 1 сұрағы бойынша әңгіме
Табыс ,Байлық деген не?Байлық адамға не үшін керек?
Егер сен бай болсаң, алғаш кімге көмектесер едіңдер?
Бақыт туралы не айтар едіңдер?Ақыл деген не?
Балалар адам баласы байлыққа бақытқа жету үшін не істеуі керек?
Сендер еңбек деп нені түсінесіңдер?
Қандай еңбек түрлерін білесіңдер?
Сенің жасыңдағы еңбек деген не?
Сергіту сәті:Ал балалар тұрайық.....
2) Ата аналарыңның жұмыс істейтін орынын білесіңдер ме?
Суреттермен жұмыс «Тәрбиеші», «Аула сыпырушы», «Сатушы»
Өздерің еңбектің қай түрлерімен айналысқанды ұнатасьңдар?
Мектеп бітіргеннен кейін қандай мамандық иесі болғың келеді?
Түзету кезеңі.Қағаз майлықты бүктеп жұмыс істеу (саусақтың ұсақ қимылдарын дамыту мен түзетуге арналған)
Балалар, майлықтарды әдемілеп стақанға саламыз, бізге олар келесі сабақта үстелді безендіруге керек болады. Біз еңбек етіп, нәтижесін көріп отырмыз.
3)Еңбектің нәтижесі
Майлықтардың орындалу нәтижесін көрсету.Міне балалар сендер аздаған еңбек жасап,ас ішкенде қажетті майлықтарды әдемілеп безендірдік.Бұл сендердің еңбектеріңнің нәтижесі
Сонымен еңбектің нәтижесі деген не? Бұл сұраққа « Нан дастарханға қалай келді?» сюжетті суретпен жұмыс істеу арқылы жауап береміз
-Диханшының еңбегінің нәтижесі не? – егіннің(бидайдың) жайқалып шығуы
-Комбайыншы мен жүргізушінің еңбегінің нәтижесі не? – егінді шашпай төкпей жинап алу
- Диірменшінің еңбегінің нәтижесі не? – Сапалы ұн өндіріп шығару
- Наубайханашының еңбегінің нәтижесі не? – Тәтті нан,тоқаш пісіру
Міне балалар кез келген адамға қажетті құндылықтар еңбектің ,еңбекқорлықтың нәтижесі.
Жаңа сабақты пысықтау:
Еңбек адамға не үшін керек деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп кімді айтамыз?
Наубайханашының еңбегінің нәтижесі не?
Сендердің еңбектеріңнің нәтижесі не?
Рефлексия;Ағаш бұтағына еңбек туралы сөздерді ілу
Ұнады Ұнаған жоқ
Сабақты қортындылау,бағалау,қоштасу
Тапсырма: Сөйлемді жалғастыр
Еңбек жасағанда жұмысты ......................................................................
Еңбек жасағанда жұмысты ......................................................................
Еңбек жасағанда жұмыс қиын болса......................................................................
Керекті сөздер:аяғына жеткізу керек ,ұқыпты істеу керек,ертеңгіге қалдыру керек, тастай салу керек, көмек сұрау керек,
Достарыңызбен бөлісу: |