Қорытындылау
«БББ» кестесін таратып береді.
|
Оқушылар кестені толтырады
|
Бағалау
|
Топтардың бағасын талдап, қорытынды бағаны шығарады
|
Топтағы оқушылар бірін-бірі бағалау критерийлері бойынша бағалайды
|
Рефлексия
|
Кері байланыс
Кішкене саусақ – бүгін қандай білім алдым
Аты жоқ саусақ – бүгін не істей алдым
Ортаңғы саусақ – бүгінгі көңіл күйім қандай болды
Сұқ саусақ – басқаларға қандай көмегім тиді
Бас бармақ – бүгінгі сабақта мен үшін не маңызды болды.
|
Оқушылар А4 қағазға саусақтарын салып, қияды да, әр саусақтың тұсына берілген талаптар бойынша толтырады
|
|
Кешегі пирамида (Хеопс пирамидасы)
ХЕОПС ПИРАМИДАСЫ — дүние жүзіндегі аса ірі пирамидалардың бірі. Бұл пирамиданы перғауын Хеопс (Хуфу) көзі тірісінде өзіне арнап б.з.б. 3-мыңжылдықтың 1-жартысында Гиза қаласы маңындағы Ливия шөлінде салғызған. Кезінде ежелгі мысырлықтар осынау алып кесене-пирамиданы “Хуфу көкжиегі” деп атаған. Хеопс пирамидасының табаны төрт бұрышты болып басталады да, жоғары қарай басқыш тәрізді көтеріліп, көп сатылы құрылыс түрінде тұрғызылған. Ұшар басы сүйірленіп бітетін Хеопс пирамидасының архитектуралық құрылысына сәулетші Хемиун басшылық жасаған. Әйгілі Хеопс пирамидасы құрылысында 120 мың адам 30 жыл бойы жұмыс істеген.
ЕСЕП: Египет астанасы – Каирде оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғылт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопс пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м. Б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынды. Бүйір бетінің ауданын табаңыз
Достарыңызбен бөлісу: |