Сабақ тақырыбы Пирамида жазбасы. Пирамиданың және қиық пирамиданың бетінің ауданы Сілтеме



бет2/4
Дата23.05.2023
өлшемі142,39 Kb.
#177563
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Саба та ырыбы Пирамида жазбасы. Пирамиданы ж не иы пирамидан

Ұйымдастыру кезеңі

Сергіту сәті. «Музыкамен денені қозғалту арқылы»
Оқушыларды топқа бөлу (фигуралар бойынша)
Бағалау критерийлері:

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Үй тапсырмасын қайталау мақсатында «ыстық орындық» әдісі бойынша сұраққа жауап алу
Қайталау сұрақтары
1.Пирамида дегеніміз қандай фигура?
Биіктігі Пирамиданың биіктігі – SО
3.Апофемасы Апофемасы — SК
4.Бүйір жағы Бүйір жағы – SАВ үшбұрышы

  1. Sбүйір Sбүй= ? Sбүй= 1/2РҺ

  2. Sтолық беті Sт.бет= Sбүй + Sтаб

  3. Vпирамида Vпир=1/3 Sтаб

Оқушылар өз еркімен шығады. Басқа оқушылар өткен тақырып бойынша сұрақтар қояды.
Жауап бере алмаған жағдайда сұрақ қойған оқушы өзі жауап береді

Топтық жұмыс тапсырмаларын береді де, әр топтың жұмыстарын бақылайды.

  1. Кешегі пирамида (Хеопс пирамидасының суреті көрсетіліп беріледі)

Египет астанасы – Каирде оңтүстікке қарай қатарласа шөгіп жатқан ақшаңқай сұрғылт таулар көрінеді. Ең үлкені Хеопс пирамидасы, оның биіктігі 146 м, жер бетіндегі периметрі 1000 м. Б.з.б. 28 ғасырда, бұдан 5 мың жылдай бұрын салынды. Бүйір бетінің ауданын табайық.
2)  Бүгінгі пирамида (Бейбітшілік және келісім сарайының суреті көрсетіліп беріледі. )
Биіктігі 62 метр, төменгі қырларының ұзындығы да 62 метрден болыптұрған Пирамида 25 қабатты үймен бірдей. Оның құрылысына 12 мыңшаршы метр гранит тасы, 52 мың метр құрылыс ағашы, 15 мың тонна цемент,900 шаршы метр шыны жұмсалған. Осынша құрылыс материалын бар-жоғы13 айдың ішінде сағызша илеп, тамаша ғимарат етіп шығарған түріктің “Сембол-Иншаат”құрылыс компаниясы. Бүйір бетінің ауданын табайық.
3) Қолдағы пирамида ( Практикалық жұмыс) Өздері жасаған пирамида модельдерінің табанының ұзындығын, апофемасын сызғышпен өлшеп, оның табанының ауданын, бүйір бетінің ауданын, биіктігін, толық бетінің ауданын, пирамиданың көлемін есептейді.
4) Сыныптағы пирамида (Тест сұрақтары беріледі)
І. Төртбұрышты дұрыс пирамиданың биіктігі 5см, ал табанының қабырғасы 8см.Бүйір қырын есепте.
А) 51 Б) 57см С) 42см Д) 56см
ІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см, 8см болатын тік төртбұрыш әрбір қыры 13см биіктігін тап.
А) 12см Б) 14см С) 12,5см Д) 15см
ІІІ. Пирамиданың табан қырлары 6см, 4см болатын тік төртбұрыш, әрбір бүйір қыры 7см. Көлемін тап.
А) 44см 3 Б) 48см 3 С) 42см 3 Д) 56см 3
IV. Дұрыс төртбұрышты пирамиданың бүйір қыры 5см, ал биіктігі 4см. Пирамида көлемін тап.
А) 12см 3 Б) 36см 3 С) 48см 3 Д) 24см 3V.Пирамида табаны – қабырғалары 3м және 4м тең тік төртбұрыш.Оның биіктігі табанының диагоналіне тең.Пирамиданың көлемін табыңдар.
А) 40 м3 Б) 30 м3 С) 60 м3 Д) 20 м3
IV. Үйге тапсырма.Үлкен пирамида — Хеопс пирамидасының — ежелгі заманда биіктігі 146 м болған, қазіргі кезде пирамиданың жоғарғы бөлігі қираған, сондықтан оның осы кездегі биіктігі 137 м. Қазіргі таңдағы Хеопс пирамидасының бүйір бетінің ауданы мен толық бетінің ауданын, көлемін табу және бұрынғысымен салыстыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет