Сабақ тақырыбы «пісірілген қосылыстардың ЖӘне пісірілетін жіктердің классификациясы»



бет2/6
Дата10.12.2021
өлшемі270,09 Kb.
#78781
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
10.09.2020 конст лекция
11.09.2020
Түйіспелі қосылыс бұл бір біріне қапталдық беттерімен жапсарлас жатқан екі элементті қосу (2.2 сур.).

Дәнекерленетін жиектердің қиғаштығынсыз түйіспелі қосылыс қалыңдығы 12 мм дейін табақтарды қосқан кезде қолданады; бұл кез-де табақтардың жиектерін жазықтыққа тік бұрышпен кесіп тастайды. 4 мм дейін табақтарды біржақты жікпен, 2...12 мм табақтарды – екіжақты жікпен дәнекерлейді. Осындай қосылысты дәнекерлеуге дайындау қиын емес және қымбат тұрмайды, ол тек дәнекерленетін жиектерді түйістіруді ғана қарастырады.

Екіжақты пісірілетін жік пісірілген қосылыстың беріктігін арттыра-ды, алайда, жіктің тамырында пісірілмеген учаскенің болуына орай, айтарлықтай ұзақ мерзімді жүктемелердің келтірілуі қосылыстың бұзылуына алып келуі мүмкін. Толық балқытылуға металдың 4 мм дейін қалыңдығы кезінде біржақты пісірілетін жік кезінде қол жеткізіледі. Екіжақты пісірілетін жік кезінде толық балқыту металдың 8 мм дейін қалыңдығы кезінде қамтамасыз етіледі.

2.1 сур. Қосылыстардың негізгі түрлері:



  • – түйіспелі; ббұрыштық; в – қапталдық; г – айқас; д – тавролық

2.2 сур. Жиектерді дәнекерлеуге бөлшектеудің құрылмалық элементтері:


V-тәріздес өңдеу; гХ-тәріздес өңдеу; q – U-тәріздес өңдеу: b – саңылау; с – мұқалту; – жиектердің қиғаштық бұрышы; – жиектерді бөлшектеу бұрышы


Дәнекерленетін жиектердің саңылаумен қиғаштығынсыз түйіспелі қосылыстарда, саңылаусыз түйіспелі қосылыстарға қарағанда, толық пісірімді қамтамасыз ету анағұрлым оңайырақ. Бұл қалыңдығы көбірек металды дәнекерлеуді жүргізугі мүмкіндік береді. Шала пісірім алынған жағдайда, түйіспелі қосылыстың беріктігінің дәл саңылаусыз қосылыстағы секілді болатындығын атап өту керек. Айтарлықтайй жүктеме келтірілген жағдайда, бұл пісірілген қосылыстар бұзылудың бірдей ықтималдығына ие болады. Толық балқытуға металдың 5 мм аз қалыңдығы кезінде біржақты пісірілетін жікте қол жеткізіледі. Екіжақты пісірілетін жік кезінде толық балқыту металдың 12 мм дейін қалыңдығы кезінде қамтамасыз етіледі

2.3 сур. Жиектердің қиғаштығымен түйіспелі қосылыс:


Жиектерді қиғаштап түйіспелі қосылыс – ең таралған қосу. Ол жіктің сапасы бойынша жиектердің қиғаштығынсыз түйіспелі қосылыстан анағұрлым асып түседі және жауапты конструкцияларды дайындау-дәнекерлеу үшін қолданылады. Жиектерді қиғаштап түйіспелі қосылыстар қалыңдығы 3...100 мм металды пісіруге мүмкіндік береді. Осындай қосылыстарды дайындаудың құны және оларды дәнекерлеген кезде электродтардың шығыны түйіспелі жіктердің қиғаштығынсыз дәнекерленетін жиектер үшін ұқсас көрсеткіштерден асып түседі.


Біржақты пісірілетін жік кезінде жіктің тамырының кепілдік берілген пісірімін қамтамасыз ету қажет (2.3, а сур.), олай болмаған жағдайда, айтарлықтай жүктеме келтірілген жағдайларда қосылыстың бұзылуы жүруі мүмкін.
Екіжақты пісірілетін жік (2.3, б сур.) тек жіктің кері жағына келу мүмкіндігі болған жағдайларда ғана жүргізіле алады. Бұл жағдайда пісірілген қосылыстың бүкіл қалыңдығына кепілдік берілген пісірімді қамтамасыз ету анағұрлым оңайырақ. Төсемдерді пайдаланған кезде (2.3, в сур.), әсіресе бірінщі немесе тамырлық өтуді орындаған кезде дәнекерлеудің жылдамдығын арттыру және диаметрі көбірек электрод-тарды қолдану мүмкіндігі пайда болады.

Жиектердің екі симметриялы қиғаштықтарымен түйіспелі қосылыстар пайдаланудың ерекше ауыр жағдайларында жұмыс істейтін конструк-циялар үшін қолданылады. Олар қалыңдығы 8...120 мм металдың пісірілген қосылыстарын алу үшін пайдаланылады.

Жиектердің екі симметриялы қиғаштықтарымен түйіспелі қосылысты орындаған кезде (2.4 сур.) жіктің тамырының кепілдік берілген пісірімін қамтамасыз ету қажет. Бұл үшін екінші жікті қабаттастырардың алдын-да бірінщі жіктің тамырын тазартуды жүргізу керек.

2.4 сур. Жиектердің екі симметриялы қиғаштығымен түйіспелі қосылыс





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет