Сабақ тақырыбы Пысықтау және қорытындылау



Дата08.02.2022
өлшемі0,53 Mb.
#122338
түріСабақ
Байланысты:
4 сынып
сандық есептер4, 11 тарих

Пән: Математика

Мектеп:







Күні:15.10.2019 ж

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 4 Е сынып

Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Пысықтау және қорытындылау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

4.4.1.3- есептерді шешу үдерісінде жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдану
4.5.1.2 Есептерді шығару үдерісінде жылдамдық, арақашықтық, уақытшамаларының өзара тәуелділігін пайдалану

Күтілетін нәтижелер

Барлық оқушылар:
-есептерді шығару барысында жылдамдық, уақыт, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін пайдалануды;
-есептерді шешу барысында жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдануды білетін болады.
Көптеген оқушылар:
-есептерді шешу барысында жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдануды түсіндіре білетін болады.
Кейбір оқушылар:
-жиындардың қиылысуы мен бірігуінің терімділік қасиеттеріне есептер құрастыра алатын болады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:
-есептерді шығару барысында жылдамдық, уақыт, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігін түсіндіруді;
-есептерді шешу барысында жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін қолдануды біледі.
Пәндік лексика және терминология.
-жылдамдық, уақыт, арақашықтық шамаларының өзара тәуелділігі;
-жиындардың қиылысуы мен бірігуінің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін.
Диалогқа / жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы сөздер
топтамасы
Қозғалысқа арналған есептерді, жиындардың қиылысуының
бейнелерін жазу, жиындардың қиылысуының терімділік және
ауыстырымдылық қасиеттерін жазу.







Сабақтың барысы

Сабақтың
жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Сергіту жаттығуы
«Кездесу» ойыны
Жай әуенмен екі шеңбер болып қарама –қарсы айналады, әуен тоқтаған кезде бір-біріне қарап, баланың қасиетін айтады.
Жаңа топ құру
Топтарға бөлу.
Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.
1-топ «Жылдамдық»
2-топ «Уақыт»
3-топ «Қашықтық»
Жұмыс ережесін келісу
Алдыңғы білімді еске түсіру (жеке,жұпта,топта, ұжымда)
1 тапсырма
«Адамзат үшін шынайы қазына – еңбек ете білу» деген сөзді қалай түсінесің? Есептеп, жауаптарды өсу ретімен орналастыр. Сонда бұл сөзді кімнің айтқанын білесің. Ол адамның неге танымал екендігін біліп ал.



Оқушыларды топтарға бөлуге арналған суреттер.

Алдыңғы білімді еске түсіру тапсырмалары



Сергіту сәті

Сергіту сәті «Қызыл гүлім – ай»



Оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Сабақтың ортасы

Математика күнделікті өмірде
4 тапсырма
Сызбасын салып, есепті шығар.
Бұйым жасауға арналған келтектің ұзындығы – 14 см. Оны бірі екін­ші­сінен 2 см-ге ұзын болатындай етіп, ара­мен екі бөлікке бөлу керек. Әр бөліктің ұзындығын тап.
Жауабы: ұзын бөліктін ұзындығы 
см , қысқа бөліктің ұзындығы 
см. Жауапты тексеру

Дескрипторы:
Есептер құрастырып, оларды шығарады.
Жұптық жұмыс
5 тапсырма
Есептерді шығар.
а) Арман үйден сағат 8-де шығып, мектепке сағат 08.30-да келді. Үйден мектепке дейінгі арақашықтық – 1 км 500 м. Арманның қозғалыс жылдамдығы қандай?

ә) Шаңғышы бірдей жылдамдықпен 64 км жолды 4 сағатта жүріп өтті. Шаңғышының жылдамдығы қандай?


б) Шағала 2 км/сағ жылдамдықпен ұшады. 3 сағатта ол қандай қашықтықты жүріп өтеді?



Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.


Белсенді оқу тапсырмалары.


Оқулық
Жұмыс


дәптерлері,
Оқулық

Сабақтың соңы

Жаңа білім мен тәжірибені қолдану.
Ой толғаныс кезеңі.



Сен зерттеушісің
9 тапсырма
Ойлан және жауап бер.
5 және 7 цифрларын пайдаланып, осы цифрлар екі реттен кездесетін барлық төрт таңбалы сандарды жаз. Неше нұсқасы бар? Осы сандардың қайсысы 5-ке бөлінеді?
Жауапты қағазға немесе компьютерге жазыңыз және тапсырманы «Материалды қосу» түймесін басу арқылы тіркеңіз.
Рефлексия «Жұлдыздар шеруі» әдісі.


Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,


толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерін кері байланыс«Жұлдыздар шеруі» әдісі тапсырмалары арқылы білдіре алады.



Қосымша ақпарат




Саралау. Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай
жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға
қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Дереккөздер: Кейбір оқушылар басқа сыныптастарына қарағанда анағұрлым
күрделі дереккөздермен жұмыс істей
алады.




Бағалау. Оқушылардың үйренгенін, материалды меңгергенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау парақтары




Сабақ бойынша рефлексия
Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?
Бүгін оқушылар не білді?
Сыныптағы ахуал қандай болды?
Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?
Мен сабақжоспарымды орындап үлгердім бе?
Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?







Қорытынды бағалау




Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
2.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1.
Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиындықтары туралы не
білдім? Менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектеседі, неге көңіл бөлу керек?
1.
2.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет