Пpизманың жазбасы, бүйір және толық бетінің аудандары
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
11.3.1 призманың бүйір және толық бетінің аудандары формулаларын қорытып шығару және оларды есептер шығаруда қолдану;
Сабақтың мақсаты
Оқушылар:
- көпжақтарды бейнелейді;
- формулаларды қолдана отырып призманың бүйір және толық бетінің аудандарын табады.
ІІІ. Білімді өзектендіру:
Саралау түрі Оқушылардың білу, түсіну және қолдану дағдыларын тексеретін қарапайымнан күрделіге көшуге жұмысы
Жеке жұмыс Мақсаты: призманы белгісіз элементтерін анықтау және формулаларды есептер шығаруда қолдану;
№ 1. Берілген көпжақтардың қайсысы призма болып табылады?
Бағалау дескрипторы: - призманың белгілі элементерін сызбадан таба алады;
- есептерді шығаруда призманың бүйір бетінің аудандарының формуласын айқындайды;
- призманың белгісіз элементтерінің есептей біледі;
№ 3. Тікбұрышты параллелепипедтің өлшемдері 7, 11 және
Параллелепипедтің диагоналін табыңыз.
Бағалау дескрипторы: - есепті шығаруға қажетті формуланы айқындайды;
- белгісіз шаманы дұрыс есептейді;
№ 4. Тік призманың бүйір қыры 3-ке тең.Тік призманың табаны бүйір қабырғасы 5-ке тең ал табандары 7 және 13 теңбүйірлі трапеция. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз.
Бағалау дескрипторы: -призманың белгілі элементерін сызбадан таба алады;
-есепті шығаруда призманың толық бетінің ауданданының формуласын айқындайды;
-призманың толық бетінің ауданын анықтайды;
Бағалау: дайын жауап бойынша өзің - өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы
Жауаптар кестесі:
№ 1
№ 2
№ 3
№ 4
Дұрыс жауаптар
3
3
4
3
Кері байланыс: 1) Қандай тапсырманы орындауда қиындық туындады?
2) Бұл қиындық неліктен болды? Оның шешімін қалай таптың?
3) Алдағы уақытта неге көңіл бөлу қажет?
ІV. Жұптық жұмыс. Жақын арадағы даму аймағын ескере отырып, оқушыларды жұптарға біріктіру.
Жұптарға тақырып бойынша алынған білімдерге негізделе отырып, 2 тапсырманы орындауды ұсыну.
Саралау түрі:Оқушылардың білу, түсіну және қолдану қабілетін тексеретін «жеделдетуге» арналған жұмыс.
Мұғалімнің іс-әрекеті: 1) Есепті шығару барысында мұғалім бақылайды және қажет болған жағдайда әр жұпқа кеңес беріледі;
2) Жұптық жұмыстың қорытындысы бойынша оқушылардың білімдеріне түзету енгізу (кері байланыс);
3) Келесі сабақты жоспарлағанда жұптық жұмыста анықталған оқушылардың біліміндегі кемшіліктерін ескеру.
№ 1. Берілген жазбаның қандай дене екенің анықтап, сызбасын салыңыз. Табан қабырғасы 6 см, бүйір қыры 8 см деп алып, толық бетінің ауданын табыңыз. (Жауабы: )
№ 2. Тік үшбұрышты призманың табаны катеттері 6 см және 8 см болып келетін тік бұрышты үшбұрыш. Призманың биіктігі 7 см, онда оның толық бетінің ауданын табыңыз.
(Жауабы: 216 см2)
Бағалау дескрипторы: -сызбаны есептің шарты бойынша дұрыс салады,
- есепті шығаруда призманың толық бетінің аудандарының формуласын айқындайды;
- ізделінді ауданды дұрыс табады
Бағалау: өзін-өзі бағалау, мұғалімнің бағалауы
Кері байланыс: Берілген тапсырманы орындауда неліктен қиындықтар туындады?
Тапсырманы толық орындау үшін қандай жұмыс жасау қажет?
Үйге тапсырмасы: қосымша 3
№ 1. Қабырғалары 9 см, 10 см , 17 см болатын үшбұрыш тік призманың табаны болып табылады. Призманың бүйір қырын табыңдар, егер толық бетіңің ауданы 360 см²-ге тең болса. (Жауабы:8 см)
№ 2. Дұрыс үшбұрышты призманың бүйір қыры табан қабырғасынан 4 есе артық, ал барлық қырларының ұзындықтарының қосындысы 36-ға тең. Призманың толық бетінің ауданын табыңыз. (Жауабы: )
Кері байланыс: Орындалуы: Оқушылар өтілген тақырып бойынша өздерін бағалау үшін түрлі түсті қағаз таңдайды.
жасыл түс: Бүгінгі сабақта мен жақсы ... игердім
қызыл түс: Сабақта мен үшін .... қиындық туғызды
сары түс: Менің сұрақтарым бар...