Операцялық жүйе драйверлер. Қосымшалар. Офистік қосымшалар; деректер қоры; желілік қосымшалар; энциклопедиялар; анықтамалар: мәтінді тану пргораммалары; шетел тілдерінен аударушы программалар; ойындар.
Жүйелік ПЖ:
Операциялық жүйе-компьютердің кондырғылары мен программалық жабдықтамаларының жұмысын басқарады.
Драйверлер – компьютерге қосылған түрлі құрылғылардың жұмыс істеуі үшін қажетті программалар
Утилиттер-компьютерге мұрағаттау, дискілердегі ақпараттың бұзылмауын тексеру, қажетті файлдарды іздеу сияқты қызметтер көрсететін шағын программа
Жаңа тақырыпқа сай оқушыларға тапсырмалар беріледі.
1-тапсырма:
Көрсетілген компьютерлік бағдарламаларды қамтамасыз ету типіне сәйкес бөліп жазыңыз. (Топтағы бағалаушы оқушылар бағалау парағын толтырып барады.)
Жүйелік бағдарламалық қамтамасыз ету
Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету
Дескриптор
1. Компьютерлік бағдарламаларды типіне қарай ажыратады.
2. Жүйелік және қолданбалы бағдарламалардың қызметін ажырата алады.
2-тапсырма:
Программалық қамтамасыз ету мен қолданбалы жүйелік программаларды міндетіне қарай жіктеңіздер. (Топтағы бағалаушы оқушылар бағалау парағын толтырып барады.)
Программалық қамтамасыз ету деген не?
Программалық қамтамасыз ету қандай топтарға жіктеледі?
Қолданбалы программалар міндетіне қарай топтарға жіктеледі?
Дескриптор Программалық қамтамасыз етудің жұмыс істеу міндетін біледі.
Қолданбалы программалардың міндетіне қарай ажырата алады.
(Топтағы бағалаушы оқушылар бағалау парағын толтырып барады.)
Дескриптор Интернеттен принтер драйверін таба алады;
Принтер драйверін көшіріп ала алады;
Драйверді орнатуды біледі;
Құжатты баспаға беру жолын біледі
Сабақты «Өрмекші торы» әдісімен пысықтаймын. Мен өзім жіптің ұшын ұстап тұрып бір балаға сұрақ қою арқылы лақтырамын. Ол сұраққа жауап бере отырып келесі балаға сұрақ қойып лақтырады. Осылай жалғаса береді. Балалардың барлығы сұрақ қойып және жауап бере алады.
Операциялық жүйе деген не?
Антивирустық бағдармаларды ата.
Драйверлер деген не?
Графикалық редактор деген не?
Утилиттер дегеніміз не?
Құрылғылардың жұмыс істеу үшін қажетті программаларын ата.
Барлық оқушылардың білетінін тексеру мақсатында «Қарлы кесек» әдісін пайдаланамын.
Жаңа тақырыпты түсіну кезеңінде «Айналмалы бекет» әдісі арқылы оқу мотивациясы жоғары оқушылар өзін дамыта отырып, оқу мотивациясы орта және төмен оқушыларға қолдау беретін жағдай жасаймын.
Оқушыларға жеке қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарды оқушылардың жеке қабілеттерін ескере отырып, тәжірибелік тапсырмада жеңілден қиынға қарай деңгейлік тапсырма орындауды ұйымдастырамын.
Топтағы бағалаушы оқушылардан бағалау парақтарын жинап алып, жиынтық бағаны өзім қоямын.
Тапсырмалар дескриптор арқылы бағаланады.
«Бағдаршам» әдісі арқылы топ бағаланады.
Көзге арналған жаттығулар. Арақашықтықты сақтау. Дұрыс отыра білу
Қорытынды бағалау.
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)
1: топтық жұмыс
2: диалог арқылы оқушылар бір-бірімен ақпарат алмасты.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз?)
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?
Кері байланыста жазылған ұсыныстар мен сұраныстарға негізделемін.
Мұғалім іс - әрекетінің тәсілі:
Оқушыларды жаңа түсініктермен таныстыру
Жаңа тақырыпты бекіту мақсатында нақты мысалдар көрсету
Оқушыларға мысалда берілген тапсырмаларды өз бетімен орындап көруге мүмкіндік беру. Өз бетімен орындауда нәтижелер оң болмаған жағдайда, нұсқаулар беру.
Сабақ барысында оқушыларға қосымша сұрақтар қоюға мүмкіндік беру
Негізгі ұғымдар мен терминдер:
Аппараттық қамтамасыз ету, программалық қамтамасыз ету, магниттік мәлімет сақтаушы, жүйелік программалық жабдықтау, қолданбалы жүйелік программалар, программалық жабдықтау системасы, файлдық менеджер, архивтаушылар, антивирустер, операциялық жүйе.
Өтілген тақырыпты бекіту мақсатында үй жұмысын, деңгейлік тапсырмаларды толығымен өз бетімен орындау
Программа - магниттік тасымалдаушыда (дискіде) файл түрінде сақталып, әрбір адамның командасы бойынша компьютер жадына жүктеліп, орындауға арналған машина тіліндегі нұсқаулар жиыны. Көптеген мәселелер өзара байланыстағы бір-бірімен бірігіп отырып жүмыс істейтін программалар кешендерінің көмегімен шешіледі. Алдын ала келісім (соглашение) нақты программа арқылы орындалатын әрекеттер (функциялар) жиынының және әр функцияның орындалу вариантын анықтайды. Үнсіз келісім (по умолчанию) егер жүмыс істеп отырған адам айқын түрде нұсқамаса, көрсетілген немесе басқа әрекеттің, яғни функцияның нақты атқарылу параметрлерін (басқа да варианттары болғанда) алдын ала тағайындайды. Интерфейс - программалық жабдық пен жұмыс істейтін адам арасындағы сүқбат жүргізу шарттары мен келісімдер жиыны. Программалық жабдықтама – информациялық технологиялардың елеулі бір бөлігі. Программасыз кез келген аппаратура жәй элементтер жиыны болады да, ол ешнәрсе істей алмайды. ЭЕМ программалары екі топқа бөлінеді, олар: 1) жүйелі программалық жабдықтама; 2) колданбалы (кәделі) программалық жабдықтама. Жүйелі программалар ЭЕМ-нің аппараттық жабдықтар жұмысын басқарып, жұмыс істеп отырған адамды қолданбалы программалармен байланыстырады. Жүйелі программалық жасақтаманы бірнеше топқа жіктеуге болады: 1)операциялық жүйелер; 2)утилиттер; 3)сервистік программалар. Операциялың жүйелер - компьютерді басқаруға арналған және қолданбалы программалармен байланысы бар нақты программа. Дербес компьютерлер үшін кең тараған операциялык жүйелерге MS (PC) - DOS,WINDOWS 98 (WINDOWS 2000), WINDOWS NT, OS/2, UNIX, MacOS жатады. Белгілі бір қосымша қызмет атқаруға керекті программалар тобы утилиттер болып табылады. Оларға мысал ретінде антивирустік (вирустерге қарсы) программаларды, мәліметтерді архивтеу (қысу) программаларын, компьютердің жүмыс істеу қабілетін (диагностика) тексеретін программаларды (тест программалары) айтуға болады. Сервистік программалар - әрбір адамның операциялық жүйемен жүмыс істеуін жеңілдететін программалар тобы. Қолданбалы программалар арқылы біздер өз есептерімізді шығарамыз. Мұндай программалар "қолданбалы" (приложение) деп те аталады. Қолданбалы программалар сан алуан, оларға қарапайым программадан бастап күрделі есептерді шығара алатын қуатты мамандандырылған жүйелерді (мәтіндік процессор, графикалық редактор, баспаханалық жүйелер т.б.), ғылыми мәселелерге арналған және жалпы көпшілікке қызмет ету кешендерін де жатқызуға болады. Қолданбалы (кәделі) программалық жабдықтама - белгілі бір мамандық саласында нақты есептер шығара алатын программалар жиыны. Олар белгілі бір мақсатта пайдаланылатын және әмбебап болып екіге бөлінеді.