Құндылықтарды
дарыту
|
Жауапкершілік, адалдық
|
Пәнаралық
байланыстар
|
Өзін өзі тану пәні, өнер, экономика
|
АКТ қолдану
дағдылары
|
Интернет ресурстарынан қажетті ақпаратты ала білу, арнайы сайттармен қолдана алу
|
Бастапқы білім
|
Құқық салалары бойынша түсініктері қалыптасқан
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру кезеңі
|
Оқушылардың көңіл-күйлерін сұрау, жағымды ахуал қалыптастыру
Бүгінгі сабақ тақырыбы немен байланысты бөлуы туралы пікірлерін білу.
|
|
Сабақтың басы
|
М Сабаққа кіріспе жасаңыз.
1 тапсырма: Еңбектің адам өмірінде алатын орны мен маңызы жайлы үлгі–өнеге беретін аңыз немесе оқиғаны талданады.
Б Оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
Берілген аңыз не туралы?
Сіз оны қалай түсінесіз?
Қандай ой түюге болады?
Дескриптор:
Аңыз мазмұнын түсінеді
Аңыздағы негізгі мәселені анықтай алады
Өз ойының жеткізеді
|
1 қосымша
Слайд
|
Сабақтың ортасы
|
Б/Т Еңбек құқығы саласын зерделеу маған не береді деген сұрақ аясында «Ойлан. Талқыла. Ойыңмен бөліс» тапсырмасын орындайды.
2 тапсырма:
Еңбек туралы мақал мәтелдер, өмірден мысалдар келтіре отырып, төмендегі сұрақтарға жауап береді:
Мақалдардың шығу себептері неліктен қажет болды?
Неге адамдар осындай мақал-мәтелдерді өмірлерінде қолданды?
Дескриптор:
Мақал-мәтелдердің түпкі ойын түсінеді
Мақал-мәтелдердің еңбек мәселесін жеткізу жолдарын талдай алады
Ж\Т Еңбек жайлы өзіндік ойлануға мүмкіндік беріледі, жұппен, ал одан кейін көрші жұппен ойларымен бөліседі.
3 тапсырма: анықтаманы өз сөзімен түсіндіру.
Еңбек құқығы — меншіктің түріне, шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеуметтік құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы.
Т Төрт топ құралады. Олар ҚР Конституциясының 24-бабының 4-тармағын оқып, мағынасын түсіндіреді.
Дескриптор:
Мәтінді оқиды және түсінеді
Мәтіндегі ойды анықтайды және қолдана алады
4 тапсырма:
Т Топтар бап тармақтарына сәйкес проблемалық жағдаяттарды ойлап тауып, басқа топтардан шешімдерін табуды жасайды.
Дескриптор:
кәсіпті еркін таңдау көрсетеді
еңбектегі теңдік біледі
еңбек дауларын шешу мәселесін талдайды
тынығуға құқылы екендігін бағалайды
|
Слайд
Қазақстан Республикасының Конституциясы.
http://adilet.zan.kz
1 қосымша
Қазақстан Республикасының Конституциясы 24-бап
|
Сабақтың соңы
|
Шағын пікір талас ұйымдастыру
Б «Еңбек: құқық па, әлде міндет пе?» екі тұжырымның біреуін дәлелдеңіз.
Дескриптор:
Еңбек ұғымын біледі және түсінеді
Еңбекке қатысты мәселені анықтайды және талдайды
Еңбек пен міндетті өзара ажыратып, бағалайды
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
|
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу, топқа бөлу
|
Топта жұмыс жасағаны мен пкір таласта өз ойын тұжырымдағаны бағаланады
|
Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтарын ескеріліп отырылады
|