Топтық жұмыс.Суретте кескінделген график бойынша сұрақтарға жауап береді. Топпен талдап, сонан соңесептің шешуін тақтада қорғайды.Оқушылар топ жұмыстарын «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісімен бағалайды.
І топ Суреттегі график бойынша автомобильдің дымқыл асфальттағы тежелу жолы мен қозғалыс жылдамдығы арасындағы тәуелділік кескінделген.
а) жылдамдығы 50 км/сағ болса автомобильдің тежелу жолы неге тең?
б) Тежелу жолы 40 м –ден артық болмауы үшін жауынды ауа-райында автомобильдің жылдамдығы қандай мәннен артпауы керек?
ІІ топ Суретте туристтің станциядан көлге, одан соң кейін станция қайта оралған қозғалыс графигі кескінделген.
а) Турист станциядан сағат нешеде шықты? Көл жанында қанша уақыт болды? Станцияға сағат нешеде қайта оралды?
ә) Турист көлге дейін қандай жылдамдықпен жүрді?
б)Көлден станцияға дейін жолдың түрлі бөліктерінде турист жылдамдығы қандай болды?
ІІІ топ Суретте екі жаяу адамның қозғалыс графигі кескінделген.
а) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам жолда қанша уақыт болды?
ә) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам қандай қашықтықта жол жүрді?
б) Бірінші жаяу адам; екінші жаяу адам қандай жылдамдықпен жүрді?
в)30 минут;1,5 сағат соң жаяу адамдардың арақашықтығы қандай болды?
г)неше минуттан кейін олардың арақашықтығы 2 км болды?