Сабақтың басталуы(3 мин) Амандасу. Сыныпты түгелдеу. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Алдыңғы жоспардағы үй жұмысын тексеру, қиын деңгейін талдау.
Жұпқа бөлу
Сабақтың басы
Өткен сабаққа оралу
(2-минут)
Мақсат: Үй жұмысында оқушылар жіберген қателер олардың есінде сақталып қалмау үшін оны түзету. Үй тапсырмасын тексеру, қиындық туғызған есептерге нұсқау жасау, уақытылы кері байланыс беру.
Сабақ мақсатын қою
(3-минут)
Мақсат: Сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтау. «Жақын арада даму аймағын» анықтау. Өтілген сабақпен жаңа сабақты байланыстыру.
Сабақ басында оқушылардың сан модулі туралы, рационал сандарды салыстыру туралы білімдерін еске түсіру үшін бір-біріне сұрақ қояды.
Осыдан соң сабақ мақсаты мен бағалау критерийлері айтылады. Бағалау критерийлері оқушылармен таңдалады.